Каһф сүресі, 503-бөлім, 89-94 аяттар
Каһф сүресі, 503-бөлім, 89-94 аяттар
«Каһф» сүресінің 89-90-91 аяттары:
" ثُمَّ أَتْبَعَ سَبَبًا " ، " حَتَّى إِذَا بَلَغَ مَطْلِعَ الشَّمْسِ وَجَدَها تَطْلُعُ عَلَى قَوْم ٍ لَمْ نَجْعَل لَّهُم مِن دُونِهَا سِتْرًا " ، " كَذَلِكَ وَقَدْ أَحَطْنا بما لَدَيْهِ خُبْرًا "
Бұдан кейін (шығысқа қарай) шара қолданды. (89) Тіпті күн шығатын жерге жеткен кезде оның бір елдің үстінде туғанын көрді. Ол елге күннен өзге перде жасамаған едік. (Баспаналары, киімдері жоқ еді.) (90) Осындай еді. Расында оның не істегенін толық білеміз. (91)
Алдыңғы бағдарламада Алла тарапынан ғылымға ие болған, ықтиярында мүмкіндіктер болған илаһи әулиелердің бірінің әлемнің әрүрлі аймағына сапар шегіп, адамдардың қиындықтарын шешкенін айттық. Зұлқарнайын Батыс жерлеріне сапар жасап, адамдардың арасында әділ жүйе орнатқан соң, осы аяттар соған сілтеме жасайтын шығыс жерлеріне де сапар шекті. Зұлқарнайын сол жерге ат басын тіреген аймақ халқының тұрмысы жұпыны, мүмкіндіктері шектеулі еді. Олардың үйлері мен панажайлары болмады. Рауаяттар негізі бойынша, тіпті олардың үстерінде киімдері де болмағандықтан, денелерін күн күйдіріпті. Құран ол жерде Зұлқарнайынның не істегені туралы айтпағанымен, сол заманның тарихи және жағырапиялық жағдайы анықталуы үшін сол аймақ халқының өмір жағдайын баяндайды. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Илаһи ерлер мақұрымдарды құтқарып, бақуаттылық пен әділет тарату үшін талпыныс жасап, әрекет етеді. 2. Қоғамның билеушілері әртүрлі аймақтарға барып, халықтың қиындықтары мен мақұрымдықтарымен танысып, олардың мәселелерін шешуге күш салады.
«Каһф» сүресінің 92-93-94 аяттары:
" ثُمَّ أَتْبَعَ سَبَبًا " ، " حَتَّى إِذَا بَلَغَ بَيْنَ السَّدَّيْنِ وَجَدَ مِن دُونِهِما قَوْمًا لَا يَكادُونَ يَفْقَهُونَ قَوْلًا " ، " قَالُوا يَا ذَا الْقَرْنَيْنِ إِنَّ يَأْجُوجَ وَ مَأْجُوجَ مُفْسِدُونَ فِي الْأَرْضِ فَهَلْ نَجْعَلُ لَكَ خَرْجًا عَلَى أَن تَجْعَلَ بَيْنَنا وَبَيْنَهُمْ سَدًّا "
Содан кейін тағы да бір шара қолданды. (92) Тіпті екі таудың арасына жеткен кезде сөзді түсіне алмайтын бір ел тапты. (93) Олар: “Әй, Зұлқарнайын! Яжұж, Мажұж бұл жерде бұзақылық істеуде. Саған салық төлесек, олар мен біздің арамызға бір бөгет жасайсың ба?” деді (94).
Осы аяттар Құранның анықтамасы бойынша өркениет пен ақыл тұрғысынан артта қалғандары соншама, тіпті сөйлей де алмаған, ешбір сөзді түсінбеген адамдар мекен еткен, Зұлқарнайын сол жерге барған аймаққа сілтеме жасайды. Сол замандағы өркениеттен жырақта, басқа қауымдармен байланыс, қарым-қатынастары жоқ, таулардың арасындағы шалғай жер. Бүгінгі заманғы өркениеттен хабарсыз адамға қазірдің өзінде ирандықтардың арасында: «Таудың артынан келген сынды» деп айту мәтелге айналған. Сол адамдар үлкен күш-қуат пен мүмкіндікке ие Зұлқарнайынды көрген кезде одан Яджудж, Маджудж атты жабайы, шапқыншы тайпалар содан өте алмауы үшін, олар сол аймақ халқына зардап келтірмеулері үшін екі таудың арасына бөгет салуды өтінеді. Олар Зұлқарнайынға «бұл іс қаншалықты қаржы мен күшті қажет етсе, соның бәрін біз сенің ықтиярыңа береміз» десті. Сол қауымды таныстырған кезде Құран: «Олар сөз түсінбейтін» деген болатын. Сондықтан олар өздерінің өтініштерін басқа түрде, яғни ишара мен ымдап түсіндірген сыңайлы. Немесе Зұлқарнайын олардың сол қажеттіліктері мен өтініштерін илаһи уәһи арқылы түсінген. Зұлқарнайынның сол артта қалған қауымның өтінішіне оң жауап бергені қызық. Себебі келесі аяттарда Құранның анықтамасы бойынша бүгінгі күні әлі сақталған мықты да берік қамал салған. Бұл бір қоғамның адамдарын қауіпсіздікпен қамтамасыз етудің маңыздылығын көрсетеді. Илаһи билеушілер, тіпті ол қиын, шығыны ауыр және ешқандай экономикалық пайда да келтірмейтін болса да адамдар үшін қауіпсіз және тыныш өмір сүруге жағдай әзірлеуге міндетті. Алайда Зұлқарнайын да мұндай істі адамдардың қатысуы мен олардың көмегінсіз жасаған жоқ. Олар сол істің құнын жақсырақ түсінулері үшін адамдарды осындай үлкен жобаға қатыстырды. Жағырапиялық зерттеулер негізі бойынша, сол бөгеттің Кавказ аймағындағы таулардың ортасында екендігі анықталды. Ол дуал сынды солтүстікті оңтүстіктен бөліп тұр. Зұлқарнайынның кім болғандығы туралы әртүрлі пікір бар. Олардың маңыздыларына екі пікір жатады: біріншісі – көп сапар шегіп, көп жеңіске қол жеткізген, дүниенің шығысы мен батысын шарлаған Александр Македонский. Бірақ тарих оның қолымен осындай қамалдың салынғанынан хабар бермейді. Тарихи деректер де мұндай көзқарасты растамайды. Екінші пікір – Таураттың мәтіндері мен танымал тарихшылардың жазбаларына сәйкес келеді. Екінші болжам Зұлқарнайын деген бас киімінде екі мүйізі болған, шығыс пен батысты кезген Кавказ аймағындағы сол темір бөгетті салған Иранның Хақаменеши патшасы Куруш дейді. Осы аяттардан мынадай ой түйеміз:1.Қай жерде адамдар мұқтаждықты сезсе, олар өздері де серіктестік жасап, қаржы салуға әзір болса, билеушілер де адамдардың талап-тілектеріне шынайы түрде көңіл аударулары керек. 2.Қауіпсіздіктің қажеттілігі баспана мен киімнің қажеттілігінен маңыздырақ. Киімдері мен панажайлары болмаған адамдар қауіпсіздікті қалады.