Жел 14, 2016 18:58 Asia/Almaty

Каһф сүресі, 501-ші бөлім, 79-82 аяттар

«Каһф» сүресінің 79 аяттары:

" أَمَّا السَّفِينَةُ فَكَانَتْ لِمَساكِينَ يَعْمَلُونَ فِي الْبَحْرِ فَأَرَدتُّ أَنْ أَعِيبَها وَكانَ وَراءَهُم مَلِكٌ يَأْخُذُ كُلَّ سَفينَةٍ غَصْبًا "

Кеме теңізде кәсіп істеген кембағалдардікі еді. Оны ақаулы еткім келді. Өйкені, ар жақтарында әр (мықты) кемені тартып алатын патша бар еді” (79).

Өткен бағдарламада Қызыр тарапынан орын алған, хазірет Мұса оған шыдай алмай, наразылық танытқан таңқаларлық үш оқиға туралы айттық. Қызыр хазірет былай деді: «Бұдан әрі жолды жалғастыру мүмкін емес. Бұл бөлінетін жер. Бірақ бөлінердің алдында іс-әрекеттерімнің хикметін айтсам орынды болады. Біз мінген кеме бір-бірімен селбесіп құрастырған бірнеше міскіннің мүлкі болатын. Олар теңізде жолаушы тасымалдаумен айналысады. Теңіздің арғы бетінде бүтін кемелерді күшпен тартып алатын залым билеушінің бар екендігін мен білдім.  Сол себепті оны тартып алмау үшін, кейін иелері оны жөндеп алатындай етіп тесіп, бүлдірдім. Сондықтан сен бүлдіру болып көрінетін менің ісімнің сыртына қарадың. Мен кемені сақтап қалу үшін оның нәтижесі туралы ойладым». Бірақ хазірет Қызырдың кемені батып кетуге себеп болмайтындай, зұлым патшаның қолына түспеуі үшін аздап қана бүлдіргені түсінікті. Бұл жамандықты жамандықпен жоюдағы қисынды істің дәлелдерінің бірі. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Бүкіл халық оның ісіне наразылық танытса да хәкім адам ісін тоқтатпайды.  2.Алланың әулиелері – мақұрым және міскін адамдардың жанашырлары. Әулиелер олардың мал-мүліктерін зорлықшыл адамдардан сақтауға күш салады. 3.Істегі маңыздылық сақталуы керек. Оның дәлелдерінің бірі – жамандықты жамандықпен жою. 

«Каһф» сүресінің 80-81 аяттары:

اکنون به تلاوت آیات 80 و 81 از سوره کهف گوش می سپاریم :" وَأَمّا الْغُلَامُ فَكَانَ أَبَواهُ مُؤْمِنَيْنِ فَخَشِينا أَن يُرْهِقَهُما طُغْيَانًا وَكُفْرًا " ، " فَأَرَدْنَا أَن يُبْدِلَهُمَا رَبُّهُمَا خَيْرًا مِنْهُ زَكوةً وَأَقْرَبَ رُحْمًا "“

Ал баланың мүмін әке-шешесі бар еді. Оның әке-шешесін бас тарттыруға, қарсылыққа зорлауынан қорықтық” (80) “Раббылары оның орнына өздеріне одан тағы таза тағы мәрхаметті бір бала беруін қаладық” (81).

Хазірет Мұса Алла тарапынан жауапты болды. Ол сыртқы ғылымдар негізі бойынша емес, Алланың ғылымы мен хикметі негізінде әрекет етті. Сол себепті әлгі жасөспірімді өлтіруге шариғат заңдары бойынша рұқсат етілмеген. Себебі ол жазаланатындай әлі күнә жасаған жоқ болатын. Хазірет Қызырдың ісі қылмыстың алдындағы қысас саналды.   Бірақ, егер Құдай барлық мақұлықтардың Жаратушысы және Иесі, сондай-ақ хикметінің негізі бойынша  біреудің жанын алуға хақысы бар дегенді қабылдасақ, сол істі орындауға хазірет Қызырды жауапты етіп тағайындады. Оның хикметін сол жасөспірімнің күпіршілікке толы келешегі деп санады. Бірақ рауаяттар негізі бойынша Құдай жаман салдарға ие болатын сол жасөспірімнің орнына ата-анасына басқа бір перзент сыйлаған. Ол ата-анасы үшін пәк ұрпақ қалдырды. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Перзенттің өлімі орның имансыз және кәпір болуынан немесе бейбастақтық пен бүлікті жайғаннан артық. 2. Егер Құдай мүміннен бір нәрсені алса, оған одан да жақсысын береді. Ондай болса сабырлы және үмітті болайық. 3. Перзенттер һәм пәк, лайық, һәм ата-анаға қатысты мейірімді болулары керек.

«Каһф» сүресінің 82 аяты:

" وَأَمَّا الْجدارُ فَكَانَ لِغُلَامَيْنِ يَتِيمَيْنِ فِي الْمَدِينَةِ وَكَانَ تَحْتَهُ كَنزٌ لَهُما وَكَانَ أَبُوهُما صالِحًا فَأَرَادَ رَبُّكَ أَنْ يَبْلُغا أَشُدَّهُما وَيَسْتَخْرِجا كَنزَهُما رَحْمَةً مِن رَبِّكَ وَمَا فَعَلْتُهُ عَنْ أَمْرِي ذَلِكَ تَأْوِيلُ مَا لَمْ تَسطِع عَلَيْهِ صَبْرًا "

 “Ал енді там; бұл қаладағы екі жетім баланікі болып, оның астында ол екеуіне тән қазына бар еді. Сондай-ақ әке-шешелері түзу кісі болғандықтан Раббың, ол екеуі ержетіп, қазыналарын шығарып алуын қалады. Бұл Раббыңнан бір мәрхамет еді. Сондай-ақ бұны мен өздігімнен істемедім. Міне осы, сенің сабыр ете алмаған істерің” (82).

Алдыңғы аятта ата-анасының иманын сақтап қалу үшін солардың ұлын өлтіруге Қызырдың тағайындалғанын айттық. Енді осы аят әкесі мүмін және түзу адам болғаны үшін перзентін Алланың мейірімге бөлеп, Қызыр сынды пайғамбарын оның мүлкін қолжетімділіктен сақтауға жауапты еткенін айтады. Осы аяттағы: «Уа, Мұса! Мен жасаған іске мен Алла тарапынан тағайындалдым. Өзімнің білімім мен анықтауым бойынша істемедім» деген сөйлем маңызды. Алланың пенделерінің істеріне періштелер тағайындалатындай және олардың өмірлері мен өлімдері Алла тарапынан анықталатындай осы оқиғада хазірет Қызыр сол істерді Мұса сияқты пайғамбар барлық мақұлықтардың Алланың қалауы және жігеріне тәуелді екендігін түсінуі үшін жасады. Осы аяттан мынадай тұжырым жасаймыз:1. Перзент үшін мал-мүлікті сақтап қоюға рұқсат етіледі. Жетімдердің мүлкін сақтау - міндет. 2. Әкенің жақсы істерінің перзенттердің болашағына әсері болады. Оның өлімімен оның ізгі істерінің әсерлері жойылмайды.3. Өмірдің ащы да жағымды оқиғаларының әрқайсысы біздің көзімізден жасырын хикметке ие. Сол себепті Құдайға орынсыз наразылық білдірмейік.