Жел 14, 2016 19:13 Asia/Almaty

Каһф сүресі, 493-ші бөлім, 37-44 аяттар

«Каһф»» сүресінің 37-38 аяттары:

" قَالَ لَهُ صاحِبُهُ وَهُوَ يُحاوِرُهُ أَكَفَرْتَ بالَّذِي خَلَقَكَ مِن تُرابٍ ثُمَّ مِن نُطْفَةٍ ثُمَّ سَوَّاكَ رَجُلًا " ، " لكِنّا هُوَ اللَّهُ رَبِّي وَلَا أُشْرِكُ برَبِّي أَحَدًا " 

Жолдасы оған сөйлесіп тұрып: “Сені топырақтан, сонан кеін бір тамшы судан жаратып, сонан соң толыққанды адам еткен Аллаға қарсы келесің бе?”,- (деді) (37). “Бірақ, менің Раббым, Ол Алла; Раббыма ешбіреуді шерік қоспаймын” (38).

Алдыңғы бағдарламада Құран мүмін және кәпір екі адамның: бірі – байлық пен мал-мүлік иесі, екіншісі – кедей адамның әңгімесін баяндағанын айттық. Қияметті теріске шығарған тәкәппар кәпірдің сөздерін өткен бағдарламада естідіңіздер. Осы аяттарда менмендік пен өзімшілдікті сындыру үшін оған: «Сен топырақ пен түкке тұрғысыз ұрықтан жаратылып, бүгін осындай толыққанды адам болып  шықтың. Осындай менмендік пен тәкәппарлыққа шалдығатындай, Жаратушы Құдайды теріске шығаратындай сен өзіңді өзің жаратып па едің?» деп айтқан оның мүмін досының жауабын естиміз.    Кәпір адам өз сөзінде Құдайды теріске шығарған жоқ, тек қияметті теріске шығарған болатын. Бірақ оның мүмін досы оны Аллаға күпіршілік еттің дейді. Себебі ақыретті теріске шығару шын мәнінде Алланың қайтадан жаратудағы құдіретін теріске шығару болып табылады. Мұндай сенім Құдіретті Жаратушыны теріске шығару деген мағынаны білдіреді. Осы аяттардан үйренетініміз:1.    Байлық пен мал-мүлікке тәуелділік адамның қиямет пен ақыретке қатысты күпіршілігіне негіз  қалайды. Сол себепті осы қатерге қатысты қырағы болу керек.2.    Кәпірлермен сөйлесіп, пікірталастырғанда олардың жетекшіліктеріне негіз әзірленуі үшін мықты қисын мен дәлел болу керек.

 «Каһф» сүресінің 39-40-41 аяттары:

" وَلَوْلَا إِذْ دَخَلْتَ جَنَّتَكَ قُلْتَ مَا شاءَ اللَّهُ لَا قُوَّةَ إِلَّا باللَّهِ إِن تَرَنِ أَنَا أَقَلَّ مِنكَ مَالًا وَ وَلَدًا " ، " فعَسى رَبّي أَن يُؤْتِيَنِ خَيْرًا مِن جَنَّتِكَ وَيُرْسِلَ عَلَيْهَا حُسْبانًا مِنَ السَّماءِ فَتُصْبحَ صَعيدًا زَلَقًا " ، " أَوْ يُصبحَ مَاؤُها غَوْرًا فَلَن تَسْتَطيعَ لَهُ طَلَبًا "“

Өз бақшаңа кірген сәтте неге «Бұл Алланың қалауы, Алладан басқа ешбір қуат жоқ» демедің? Тіпті мені мал және бала жағынан өзіңнен кем көрсең де” (39). “Раббымның: Маған сенің бақшаңнан жақсырағын беруі, сенікінің үстіне көктен апат жіберіліп, мүлде қақ топыраққа айналуы мүмкін” (40). “Немесе бақшаңның суы тартылып, оны әсте іздеп таба алмассың” (41).

Осы екі адамның сұхбаттарының жалғасында мүмін адам былай дейді: «Оған шүкіршілік білдіру үшін бау-бақшаң мен нығметтеріңнің Алла тарапынан екендігін айтпадың ба? Барлық нәрсенің Алланың құдіреті мен Оның күші арқылы жүзеге асатындығын білмеуші ме едің? Бақ пен оның ағаштарының нағыз иесі мен қожайыны өзің деп, Алланың онда ролі жоқ деп ойладың ба? Негізгі Диқан – Құдай. Сен бар болғаны жерге тұқым сеуіп, оны күттің. Әйтпегенде су, топырақ, тұқым, бұлт, жаңбыр, күн және жел – барлығы Құдайдікі. Тұқым мен шөп және ағаш та Құдайдың қалауымен өседі. Сенің өзің мен сен ие нәрсенің барлығы Құдай тарапынан. Алланың құдіретінсіз ештеңе жасалмайды». Ол сөзінің жалғасында: «Егер Құдай қаласа маған бау-бақша мен үлкен байлық беріп, сенің бақтарың мен байлығыңды жоя алады. Сол себепті сен дүниеге тәуелді болма. Кеудеңді керме. Сенің қолыңда ештеңе де жоқ. Аспаннан жай түсіп, бау-бақшаңның өртеніп кетуі мүмкін. Немесе құрғақшылықтың салдарынан су тартылып, жерді қанша қазсаң да суға жете алмауың да кәдік». Осы аяттардан үйренетініміз:1.Табиғи нығметтерге жеткенде және табиғаттың әдемі көріністерін көргенде Құдайды еске алайық.2. Мүмін адам тапшылық пен кедейшілікке байланысты қорықпайды. Өзін төмен санамайды. Себебі ол Аллаға тәуекел етеді.  «Каһф» сүресінің 42-43-44 аяттары:

" وَأُحيطَ بثَمَرِهِ فَأَصْبَحَ يُقَلِّبُ كَفَّيْهِ عَلَى مَا أَنفَقَ فِيهَا وَهِيَ خَاوِيَةٌ عَلَى عُرُوشِها وَيَقُولُ يَا لَيْتَني لَمْ أُشْرِكْ برَبّي أَحَدًا " ، " وَلَمْ تَكُن لَّهُ فِئَةٌ يَنصُرُونَهُ مِن دُونِ اللَّهِ وَما كَانَ مُنتَصِرًا " ، " هُنَالِكَ الْوَلَايَةُ لِلَّهِ الْحَقِّ هُوَ خَيْرٌ ثَوَابًا وَخَيْرٌ عُقْبًا "

(Алланың азабы түсіріліп, (бақтардың) барлық миуалары жойылып, ол осы баққа салған қаржысы және қазір есігі мен қабырғасының құлағаны үшін қайта-қайта екі алақанын ұйқалауға айналды да: “Әттегең-ай! Раббыма ешкімді серік қоспасам еді ” деді. (42) Оған Алладан өзге жәрдем етер бір топ жоқ. Сондай-ақ өзін де құтқара алмады. (43) ) Сол жерде иелік шынайы Аллаға тән. Ол, сыйлық беру тұрғысынан жақсы әрі нәтиже жағынан да хайырлы. (44)

Мүмін мен кәпірдің сұхбаты аяқталды. Бірақ кәпір өзінің күпіршілігі мен тәкәппарлығынан қол үзбей, теріске шығарудан бас тартпады. Алланың қаһары оның егістік алқабы мен бағын қамтып, барлық нәрсені жойып жіберді. Кәпір адам сол көріністі көріп, сол жерді абадтандыру үшін соншама қаржы салғаны үшін қайғырғанымен ештеңеге шамасы келмеді. Сол кезде өзінің қателігін түсініп: «Әттең, Құдайдан қапыл қалмағанымда ғой. Құдайдың ісіне ешкімді шерік қатпағанымда ғой. Барлық нәрсені Құдайдікі деп  білгенімде ғой» деп бармағын тістеді. Бірақ енді өкінгеннің еш пайдасы жоқ еді. Ешкім  оған жәрдемесе алмады. Дәл осы жерде барлық істің басшылығының Құдайдың қолында екендігі анықталды. Қияметте де осылай болады. Жаза мен сый және барлық нәрсенің нәтижесі Алланың қолында. Осы аяттардан үйренетініміз:1.    Алланың жазасы ақыретке ғана қатысты емес. Кейде осы дүниеде де Алланың қаһары тәкәппар және менмен адамдарды қамтиды. 2.    Дүниеқұмарлар экономикалық істерді сараптағанда Алланы ұмытып, Алланың қалауы мен еркін назарға алмайды.