Жел 14, 2016 19:27 Asia/Almaty

Кәһф сүресі, 485-ші бөлім, 1-6 аяттар

Алланың мейірімімен «Исра» сүресін аяқтадық. Енді «Каһф» сүресінің тәпcірін бастаймыз. Осы сүре түсірілер алдында Меккенің мүшріктерінің Мединеге хазірет Мұхаммедтің пайғамбарлығы мен оның шынайылығының белгілері туралы яһуди ғұламаларынан сұрау үшін кісі салғаны айтылған. Яһуди ғалымдары Меккеден келген адамдарға былай дейді: «Одан «Каһф» үңгірінің сахабалары, Зұлқарнайын және рух туралы үш нәрсе сұраңдар. Егер алдыңғы екі нәрсе туралы біз айтқан нәрсені айтып, рух туралы ештеңе айтпаса, оның пайғамбар болғаны». Олар Меккеге оралып, пайғамбардан жоғарыда аталған үш нәрсе туралы сұраған кезде «Каһф» сүресінің аяттары түсірілді. Дегенмен бұл сүреде «Каһф»» үңгірінің сахабалары мен Зұлқарнайыннан басқа хазірет Мұса мен Қызыр туралы да баяндалған. 

«Каһф» сүресінің 1-3 аяттары:

" بسْمِ اللَّهِ الرَّحْمنِ الرَّحيمِ " ، " الحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي اَنزَلَ عَلَى عَبْدِهِ الْكِتَابَ وَلَم يَجعَل لَهُ عِوَجَا " ، " قَيِّمًا لِيُنذِرَ بَأْسًا شَديدًا مِن لَدُنهُ وَيُبَشِّرَ الْمُؤْمِنِینَ الَّذِينَ يَعْمَلُونَ الصَّالِحاتِ أَنَّ لَهُم اَجرًا حَسَنًا " ، " مَاكِثِينَ فِيهِ اَبَدًا

"Барлық мақтау құлына (Мұхаммед (Ғ.С)-ға) Құранды түсірген Аллаға тән. Онда ешбір қыңырлық қылмады (1). Өте түзу Құран Алланың қасынан қатты азаппен үрейлендіру, түзу іс істеген мүміндерге көркем сыйлық барлығын шүйіншілеу үшін (түсірілді.) (2). Олар онда (жаннатта) мәңгі тұрады (3).

Бұл сүре Аллаға тек материалды және дүниелік нығметтер үшін ғана алғыс айтпай, жетекшілік нығметтердің ең үлкен илаһи нығметтер екендігін білуіміз үшін пайғамбарға уәхи түсіргені үшін Аллаға мақтау мен мадақ жолдап басталады. Мұның өзі жинақталған және анық кітап түрінде келген, сондай-ақ кез-келген бұрмалаушылық пен адасушылықтан сақталған жетекшілік. Тұрақты, өзгермейтін, құнды дінді қамтыған кітап. Құдай Құранның көп жерінде былай деген: «Бұл дін – тұрақты. Адамды ең тұрақты, кез-келген әсірешілік пен бұрмалаушылықтан алыс жолға нұсқайды». Пайғамбар діндегі бірқалыптылық сақталу үшін сүйінші мен ескерту және қорқыту арқылы адамдардың бойындағы үміт пен қорқыныш рухын сақтайды. Осы аяттардан үйренетініміз: 1.    Құран Кәрім нығметінің үлкен әрі маңыздылығы сондай Алла өзін соны түсіргендігі үшін мадақтаған.2. Пайғамбардың сүйіншілеуі мен қорқытып, ескертуі хазіреттің өзінің жанынан шығарғаны емес, Құран негізі бойынша. Себебі Құран тұрақты. 

«Каһф» сүресінің 4-5 аяттары:

" وَيُنذِرَ الَّذِينَ قَالُوا اتَّخَذَاللَّهُ وَلَدًا " ، " ما لَهُم بهِ مِنْ عِلمٍ وَلَا لِآبائِهِم كَبُرَتْ كَلِمَةً تَخْرُجُ مِنْ اَفْوَاهِهِم إِن يَقُولُونَ إِلَّا كَذِبًا "

Сондай-ақ: “Алланың баласы бар” дегендерді ескерту үшін (түсірді (4). (Алланың баласы болуына байланысты) не өздерінің не аталарының мәліметі жоқ. Ауыздарынан шыққан сөз тым үлкен. Негізінде олар мүлде өтірік айтады (5).

Аялдыңғы аяттарда ескерту мен қорқыту жалпы түрде айтылды. Бірақ осы аяттарда оның дәлелдерінің біріне, яғни Құдайдың перзентінің болуы туралы жалаға сілтеме жасалады. Бұл мүшріктерді де, мәсихилер мен яһудилерді де қамтитын айыптау. Мүшріктер періштелерді Құдайдың қыздары деп санаса, мәсихилер Исаны Құдайдың ұлы деп, ал яһудилер ислам пайғамбары кезеңінде илаһи пайғамбарлардың бірі болған Узайрді Құдайдың ұлы деп санады. Бұл ақида не аспандық кітаптардың мәтіндерімен сәйкес келмейді, не ақыл мен қисынға сай емес. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Жалған және бұрмаланған ой-пікірмен күресу –пайғамбарлардың бірінші міндеті. Ең бұрмаланған ой – Құдайға шерік қосу. Ең таза ақида таухид пен бірқұдайшылық негізінде тұрақты. 2. Ақида ғылым мен хабардарлық негізінде болуы керек. Әйтпегенде бұрмалаушылық пен ырымшылдыққа ұласады.

«Каһф» сүресінің 6 аяты:

" فَلَعَلَّكَ بَاخِعٌ نَفسَكَ عَلَى آثَارِهِمْ إِن لَّمْ يُؤْمِنُوا بهَذَا الْحَديثِ أَسَفًا "

Мұхаммед (Ғ.С.) енді олар бұл Құранға сенбесе, арттарынан кейіп, өзіңді жоя жаздайсың (6).

Осы аят пайғамбардың адамдарға қатысты жанашырлығының шегін көрсетеді. Ол хазірет мүшріктердің илаһи хақ сөзге иман келтірмей, одан бөлініп бара жатқандарын көргенде солар үшін қайғырады. Пайғамбардың илаһи міндетті жариялауға жауапты болғандығына қарамастан, ол адамдарды хақ сөзді қабылдауға мәжбүрлей алмайды. Бірақ көп адамдардың иман келтірмейтіндіктерін көргенде қайғыға салынып, қапаланып, жаны шығып бара жатқандай қауіптенеді. Ол міндетін орындау үшін ғана емес, сондай-ақ махаббат пен ықыласы арқылы да адамдарға жетекшілік етуге талпынады. Нәтижесі болмаған кезде, ең сүйікті адамдары өлім алдында деп сезінгенде солар үшін қайғырады. Осы аяттан үйренетініміз:1.Басқаларға жетекшілік ету үшін жаны ашу және басқалардың адаасушылықтары үшін өкіну құндылық болып табылады. Пайғамбарлар адамзат баласының ең жанашыр адамдары болған. 2. Нәтижесі аз болып, көпшілік дұрыс қабылдамаса да, діни жетекшілер мен уағыздаушылар үнемі адамдардың ақидалары мен әрекеттерін түзету жолында талпыныс жасаулары керек.