Жел 15, 2016 18:59 Asia/Almaty

Исра сүресі, 476-шы бөлім, 74-77 аяттар

«Исра» сүресінің 74-75 аяты:

" وَ لَولا ان ثبّتناكَ لَقَد کدتَ تَرکَنُ الیهم شَیئًا قلیلًا " ، " اذا ً لاذقناک ضعف الحیوة وَ ضعفَ المَماتِ ثُمّ لا تَجدُ لكَ عَلَینا نَصيرا ً "

Егер біз сені бекемдемесек еді, әрине оларға біраз бейімдеуге жақындар едің. (74) Егер ондай болса саған тіршілікте де қайтыс болғаннан кейін де әлбетте еселеп азап таттырар едік. Сосын өзіңе бізге қарсы жәрдемші таба алмас едің. (Бұл аяттар, мүшріктердің Мұхаммед Ғ.С. ға келіп, кейбір діни ережелердің өз қалауларына сәйкес орындалуын талап еткендіктеріне байланысты түскен. Б.Ж.Р.Х.Т.Ж-Қ.) (75)

Алдыңғы бағдарламада Меккенің мүшріктерінің пайғамбарды адамдарды Алла тарапына шақыру жолында әлсіретіп, хазіреттің көңілін өздеріне аударып, ол хазіретпен достасуды мақсат еткендерін айттық. Осы аяттар ислам пайғамбарына қаратып былай дейді: «Біз сені дұшпандардың азғырушылықтарының әсерінен сақтап, қорғадық. Егер бұл біздің мейіріміміз болмағанда, сол жаққа бет бұруың мүмкін еді. Ондай жағдайда осы дүние мен ақыреттегі біздің жазамыз көп болды. Себебі сенің дұрыс жолдан таюың барлық иман иелерінің жолдан таюы мен олардың иманнан теріс айналуларына себеп болуы мүмкін еді». Бұл аяттардың пайғамбарларға Алла тарапынан ресалат пен шақырудың мазмұнын сақтау үшін сыйланған пәктікті қуаттайтындығы түсінікті болады.Осы аяттар хабарлы сөйлем түрінде емес, шартты сөйлем түрінде былай дейді: «Егер біз сенің қадамыңды нығайтпағанда қателік жасап, күнәға ұрынар едің». Құранда аз кездеспейтін  мұндай тіркестердің пәктікпен ешқандай қарсылығы жоқ.

«Зүмір» сүресінің 65 аятында Алла былай дейді: 

" ... لئن اشرکت لیحبطنّ عملک ..."

Егер Аллаға ортақ қоссаң әлбетте ғамалың жойылып кетеді де анық зиянға ұшыраушылардан боласың" деп уахи етілді. (65)

Осы аяттардан үйренетініміз:1. Дұшпандардың азғырушылықтарының алдындағы кесімділік пен ықпалға түспеу, пайғамбарлар мен олардың нағыз серіктерінің ерекшеліктеріне жатады. 2. Мүміндер қоғамының ішіндегі ымырашылдық мағынаға ие. Бірақ дұшпан алдындағы кешірім мен осалдық күпіршілікке бет бұруға себеп болып, діни құндылықтардан кері шегінуге себеп болады. 3. Исламдық қоғамның жетекшілері мен басшыларына қатаңырақ жауапкершілік жүктелген. Кейде олардың кішкентай қателіктерінің жазасы қарапайым адамдардың үлкен қателіктерінің жазасынан көбірек болады. 

«Исра» сүресінің 76-77 аяттары:

" وَ ان کادُوا لَیَستَفزّونَکَ مِنَ الارض ِ لیُخرجُوکَ منها وَ اذًا لایلبَثونَ خلافَکَ الا قَلیلًا " ، " سُنةَ مَن قد ارسَلنا قَبلَکَ من رُسُلنا وَلاتجدُ لسنّتا تَحویلًا "

(Мұхаммед Ғ.С.) олар сені түрткі салып, жерден (Меккеден) шығара жаздады. Сонда олар сенен кейін өте аз тұрады. (Оларға Меккенің баяны болмайды.) (76) Расында сененбұрын жіберген елшілерімізде де жол осы еді. (Елшілерді қуғандар, опа таппаған еді.) Біздің жолымызда ешбір өзгеріс таппайсың. (77)

Меккенің мүшріктерінің жоспарларының бірі пайғамбарды ешкімнің қолы мен оның шақырған үні адамдардың құлағына жетпеуі үшін пайғамбарды Меккеден қиянға жер аудару болды. Алайда Алла олардың жоспарларын бұзып, олардың сол қастандықтарын орындауларына жол бермеді. Аяттың жалғасы былай дейді: «Алланың барлық пайғамбарлар мен қауымдары туралы сүннеттерінің бірі мынадай: «Егер пайғамбарларымен осындай қатынас жасалса, қысқа уақытта сол аймақты илаһи азап қамтып, одан ешкім қалмайды». 

«Ибраһим» сүресінің 13 аятында келтірілгендей:

 " قال الذین کفروا لرسلهم لنخرجنّكم من ارضنا او لتعودنّ فی ملّتنا فاوحی الیهم ربّهم لنهلکنّ الظّالمین " 

Ал қарсы болғандар, пайғамбарларына: “Әлбетте сендерді жерімізден шығарамыз немесе дінімізге қайтасыңдар” деді. Сондықтан оларға, Раббылары: “Әлбетте залымдарды типыл қыламыз” деп, уахи етті. (13)

Пайғамбарлардың қадірін білмеген адамдар олардың жетекшіліктерін пайдаланудың орнына оларды алып тастау туралы ойлауы илаһи рақымға лайық емес әрекет.Сол себепті олар ауыр жазаға ұшырайды. Бұл заң арнайы бір қауым мен ұлтқа қатысты емес. Өйткені илаһи заңда кемсітушілік жоқ. Илаһи заңның алдында барша бірдей. Сондықтан аяттардың жалғасы былай дейді: «Осы илаһи сүннет пен заң тарих бойында жалғасып, жеке немесе топтың қажеттіліктері мен мақсаттарына тәуелді және өзгеріс енгізіліп, түзетілетін Адамзаттың заңдарына қарсы өзгерген жоқ Осы аяттардан мынадай тұжырым жасаймыз:1. Дұшпандар бастапқыда ислам пайғамбарларының назарын аударуды мақсат етті. Бірақ олардың көңілдерін аудара алмаған кезде оларды физикалық тұрғыдан алып тастау үшін жоспар құрды. 2. Адамдардың арасында пайғамбардың болуы илаһи қаһар мен азаптың түсірілуіне кедергі болды. Алланың әулиелері де Алланың дәргаһына жақын болу мөлшеріне байланысты осындай ерекшелікке ие болды. 3. Тарихи өзгерістерді илаһи сүннеттер негізі бойынша тәпсірлеп, сараптама жасап, адамзат тарихының болашағы үшін пайдалануға болады.