Жел 15, 2016 19:02 Asia/Almaty

Исра сүресі, 474-ші бөлім, 68-70 аяттар

«Исра» сүресінің 68 аяты:

" أَ فأَمِنْتُمْ أَنْ يَخْسِفَ بكُمْ جانبَ الْبَرِّ أَوْ يُرْسِلَ عَلَيْكُمْ حاصبا ً ثُمَّ لا تَجدُوا لَكُمْ وَكيلا ً "

Алланың құрылықта да сендерді жерге жұттыруынан немесе сендерге тасты боран жіберуінен қауіпсізсіңдер ме? Соңыра өздеріңе бір болысушы таба алмайсыңдар. (68)

Өткен бағдарламада Құран аяттары «Құдай теңізді сендер соны пайдалансың деп жаратты. Егер бастарың бәлеге душар болса, сендерді құтқара алатын жалғыз Құдай» деген жәйтқа назар аудартты.Осы аят былай дейді: «Қауіп-қатер тек теңізде ғана деп ойламаңдар. Құрлықта да азаптың аяқ астынан пайда болып,  Қарун сынды жер жұттыруы немесе қатты жел тұрып, бастарыңа аспаннан құм мен ұсақ тастың жаууы мүмкін. Сол кезде Алладан басқа кім сендерге жәрдемдесіп, Кім сендерді қатерден құтқара алады?». Осы аяттан үйренетініміз:1. Қай жерде болсақ та Алланың үстемдігінен тыс болмаймыз. Алланың қалауының алдында ешқандай қарсыласу күшіне ие емеспіз. Ондай болса бағынбаушылық танытпайық. 2. Жазадан қауіпсіз сезіну қапылдық пен Алланың шегінен шығуға негіз дайындайды. 

«Исра» сүресінің 69 аяты:

" أَمْ أَمِنْتُمْ أَنْ يُعيدَكُمْ فيهِ تارَةً أُخْرى فيُرْسِلَ عَلَيْكُمْ قاصفا ً مِنَ الرِّيح ِ فَيُغْرقَكُمْ بما كَفرْتُمْ ثُمَّ لاتَجدُوا لَكُمْ عَلَيْنا بهِ تَبيعا ً " 

Не сендерді қайтадан теңізге қайтарып, қарсылықтарыңның салдарынан бір құйын жіберіп, суға батыруынан бейбітсіңдер ме? Сонда сендерге болысып, бізді қуалаушы таба алмайсыңдар (69).

Алдыңғы аяттардың жалғасында осы аят былай дейді: «Егер Құдай сендерді құрлықтағы қауіпсіз жағаға жеткізген соң күпіршілік жасап, шүкірсіздік білдірсеңдер, Құдай сендерді қайтадан теңізге қайтарып, сендердің ешқандай құтылатын, қашатын жолдарың болмайтындай, суға батып кететіндей соншалықты топан су қаптатып, дауыл тұрғызуға күші жетеді. Ия, Алланың қаһары уақыт және мекенмен шектелмейді. Күпіршіліктің осы дүниеде де қатты салдарлары болады. Егер адамның басы бәлеге душар болса оның құтылар жолы болмайды. Осы аяттан мынадай ой түйеміз:1. Адамның өлімі мен бақытсыздықтарының себебі оның өзінің бұрыс бағдарлары мен қылықтары болып табылады. Алла адамды өзінің мейіріміне бөледі. Бірақ адамның шүкірсіздігі нығметтерді апаттарға айналдырады.2. Қатер үнемі тасада. Дауылдан кейінгі тыныштықтарға масаттанбайық. Себебі уақытша құтқару қауіп-қатерден толық құтқару деген сөз емес.

«Исра» сүресінің 70 аяты:

" وَ لَقَدْ كَرَّمْنا بَني آدَمَ وَ حَمَلْناهُمْ فِي الْبَرِّ وَ الْبَحْر ِ وَ رَزَقْناهُمْ مِنَ الطَّيِّباتِ وَ فَضَّلْناهُمْ عَلى كَثير ٍ مِمَّنْ خَلَقْنا تَفْضيلا ً " 

Расында Адам баласын ардақтадық. Сондай-ақ оларды құрылықта да теңізде де көліктендірдік. Әрі оларды жақсы нәрселермен қоректендірдік. Әм оларды жаратқандарымыздың көбінен неғұрлым артық жараттық (70).

Адамның жаратылыс табиғатын басқа мақұлықтардан ардақтауға сілтеме жасаған осы аят былай дейді: «Құдайдың адамға сыйлаған кереметі соншама Ол адамға табиғатқа үстемдік еткізді. Сол себепті ол барлық нәрсені өзіңе қызмет еткізіп, оны пайдалана алады.  Құрлық пен теңіз адамның аяғының астында. Ол хайуанаттардан бастап кемелер мен басқа да тасымал құралдары сынды әртүрлі құралдар арқылы құрлық пен теңізді шарлайды. Дегенмен осы аятта баяндалған керемет жалпы, яғни адамзаттың барлығын қамтитын керемет болып саналады. Бірақ пәк, ізгі және тақуа адамдар талпыныс және ұмтылыстың көмегімен қол жеткізетін кереметтің қол жеткізілетін түрі бар.  Құран бұл жөнінде былай дейді:  " إِنَّ أَكْرَمَكُمْ عِندَ اللَّهِ أَتْقَاكُمْ " «Алланың жанындағы ең құрметтілерің сендердің ең тақуаларың».Негізінен адам жер бетіндегі мақұлықтардан ғана емес сонымен қатар аспандағы періштелерден де жаратылыс табиғаты тұрғысынан артық саналады. Сол себепті Алла періштелерді адамға қызмет етуге жауапты етті. Бірақ осы кереметтің құрметін сақтамайтын және адамдықтың жолынан шығатын адамдар кереметке ие емес. Құранның анықтамасы бойынша олар төрт аяқты жануарлардан да төмен. Сол себепті олар сөздері мен қылықтары және басқа да істері бойынша бұрыс таңдау жасау арқылы өздерінің адами құндылықтарын жоғалтады. Осы аяттан мынадай тұжырым жасаймыз.1.Адамның өзінің деңгейі мен кереметіне көңіл аудару илаһи дәргаһқа шүкіршілік білдіру және күпіршілік пен шүкірсіздіктен аулақ болу үшін негіз дайындайды. 2. Құдай адамның болмысына даму мен кемелдікке жету үшін барлық негіздерді қалыптастырып, табиғат пен сыртқы ортада соның барлық мүмкіндіктерін дайындады. 3. Теңіздегі немесе құрлықтағы болсын сапар құралы Алла адам өзінің қажеттіктерін шешіп, тәжірибе алу үшін адамның ықтиярына берген нығметтер болып табылады.