Нахыл сүресі, 453-ші бөлім, 120-124 аяттар
Нахыл сүресі, 453-ші бөлім, 120-124 аяттар
«Нахыл» сүресінің 120 аяты:
" انّ ابراهیم کان امة ً قانتا ً لله حنیفا ً و لم یکُ من المشرکین "
Шынында Ыбырайым (Ғ.С.) нағыз Аллаға бойсұнушы, хаққа бейім бір басшы еді (120).
«Нахыл» сүресіндегі илаһи аяттардың түрлерін баяндаған соң осы сүренің соңғы аяттары Аллаға шүкір айтушы құлдардың үлгісін таныстырады. Ол – Алланың қарапайым әрі бойсұнушы құлы хазірет Ыбырайым. Ол хазірет ешқашан шеркке салынбаған және өмірінде шеркті білмеген адам болды. Осы аяттың басында хазірет Ыбырайымды жалғыз өзін бір үмбет деп таныстырады. Бәлкім, бұл хазірет Ыбырайымның жалғыз өзінің бір үмбеттің арасында кәмел қасиеттерге ие болуына байланысты болар. Немесе табандылықпен үмбетті бір Аллаға шақырып, бір үмбет сынды адасқандарға қарсы тұра білуіне байланысты болар. Осы аяттан үйренетініміз:1. Көптік пен сан маңызды емес. Кейде иманды, табанды да тұрақты бір адамның өзі бір үмбетке татиды. 2. Адамның құнын арттыратын нәрсе ол Алланың дәргаһына хабардар және риясыз түрде құлшылық ету мен Оның әмірлерін орындау болып табылады.
«Нахыл» сүресінің 121-122 аяттары:
" شاکرا ً لانعمه اجتباه و هداه الی صراط ٍ مستقیم ٍ" ، " واتیناه فی الدنیا حسنة ً و انّه فی الاخرة لمن الصّالحین "
Алланың нығметтеріне шүкір етуші еді. Алла, оны таңдап, тура жолға салды. (121) Оған дүниеде жақсылық бердік. Сондай-ақ ол, ахиретте де әлбетте игілерден болады (122).
Хазірет Ыбырайымның кейбір ерекшеліктерін атаған алдыңғы аяттың жалғасында осы аяттар сол хазіреттің «ресалаты» мен «набоваты» (пайғамбарлығы) саласына тоқталып, былай дейді: «Ыбырайым шүкіршіл пенде болды. Алла оны басқа құлдарының арасынан таңдап, Өзінің ерекше жетекшілігімен оны илаһи жол болып табылатын тура жолға салды. Илаһи жетекшілікке ие болған адамның һәм осы дүниеде, һәм ақыретте ізгі әрі лайықты өмірге ие болатындығы белгілі. Алланың Ыбырайымға дәреже сыйлауы хазіреттің кемелдігі мен соған жету үшін дайындаған негізіне байланысты. Бір Аллаға иман келтіріп, бойсұнып, шүкір айтушы болу соларға қол жеткізу оңай іс емес ерекшеліктер болып табылады. Ыбырайым сол сатылардан өтіп, Алла тарапынан таңдалған дәрежеге жете алды. Осы аяттардан мынадай тұжырым жасаймыз:1. Илаһи ерекше мейірімге адамдар өздері тарапынан көрсететін лайықты істердің негізінде қол жеткізеді. 2. Шүкір айтушы болу адамды илаһи ерекше жетекшілікке иелендіріп, оны жолдағы бұрмалаушылық пен тайқулардан сақтап, қорғайды.
«Нахыл» сүресінің 123 аяты:
" ثمّ اوحینا الیک ان اتبع ملة ابراهیم َ حنیفا ً و ما کان من المشرکین "
(Мұхаммед Ғ.С.) Сонан соң саған, хаққа бейім Ыбырайым (Ғ.С.) ның жолын қууыңды уақи еттік. Ол шерік қатушылардан болған емес (123).
Алланың хазірет Ыбырайымға берген маңызды басымдылықтарының бірі оның діні мен занын әлемдік етіп, баршаға арнауы. Одан кейінгі барлық пайғамбарларға, соның ішінде ислам пайғамбарына өзін соның ізбасары деп айту міндеті жүктелді. Сол себепті исламдық сүннеттердің көбісі Ыбырайымның сүннеттерінен алынған. Ислам пайғамбары да солардың «ыбырайымдық» екендігін қуаттады. Осы аяттардан мынадай қорытынды жасаймыз:1.Барлық пайғамбарлардың жолы мен мақсаты – бір. Сол себепті хазірет Ыбырайымнан кейінгі пайғамбарлар сол хазіреттің жолы мен әдісінің ізбасарлары болуға міндеттелді. 2. Шерктің қатерінің қауіптілігі сондай, Алла бірнеше аятта қайта-қайта хазірет Ыбырайымның мүшрік болмағандығын қуаттайды.
«Нахыл» сүресінің 124 аяты:
" انما جُعل السّبتُ علی الذین اختلفوا فیه و انّ ربّک لیحکم بینهم یوم القیمة فیما کانوا فیه یختلفون "
Шын мәнінде сенбі ол жайында таласқандарға (мереке) күні қылынды. (Мұхаммед Ғ.С.) рас Раббың қиямет күні олардың араларындағы таластарға үкім береді. (7-С.163-А.) (124)
Алдыңғы аятта пайғамбарлар Ыбырайым хазіреттен кейін оның сүннеттерін сақтағандығын айтты. Жұма күнінің демалыс болуы Ыбырайымның сүннеттерінің қатарына жатады. Сол себепті «сенбі күні неліктен яһуди қауымы үшін демалыс?» деген сауал туындайды:Осы аят былай деп жауап береді: «Сенбі күні жұмыс істеуге тыйым салу яһудилер қауымы үшін жаза ретінде берілді. Олар сол тұрғысында да алауызыққа ұрынды: кейбіреуі қабылдап, орындап, сенбі күні жұмыс істемеді. Бірақ кейбіреуі тыңдамай, сенбі күні жұмыстан қол үзбестен, жұмыстарын жалғастырды. Осы аяттан мынадай тұжырым жасаймыз:1. Алланың кейбір ахкамдары мен бұйрықтары бұрынғы кейбір қауымдарға Алланы жазасы мен қаһары ретінде берілді. Сол себепті мұндай ахкам барлық қауымдар үшін міндетті емес. 2. Нағыз төреші – Алла. Нағыз төрелік қияметте жасалады.