Нахыл сүресі, 452-ші бөлім, 116-119 аяттар
Нахыл сүресі, 452-ші бөлім, 116-119 аяттар
«Нахыл» сүресінің 116-117 аяттары:
" ولا تقولوا لما تصف السنتکم الکذبَ هذا حلالٌ و هذا حرامٌ لتفتروا علی الله الکذب انّ الذین یفترون علی الله الکذب لا یفلحون" ، " متاع ٌ قلیلٌ و لهم عذابٌ الیم ٌ "
Тілдеріңнің “бұл арам, бұл халал” деп өтірік сипаттағанын айтпаңдар. Аллаға өтірік жала жапсырған боласыңдар. Шынында Аллаға өтірік, жала жапсырғандар құтылмайды (116). Дүние аз бір күн көрініс. Олар үшін күйзелтуші азап бар (117).
Алдыңғы бағдарламада жануарлар мен солардың етін жеуді харам ету жайлы баяндалды. Осы аяттар тағы да мүшріктер мен ырымшылдарға қаратып, былай дейді: «Неліктен илаһи ахкамдар туралы ауыздарыңа не келсе соны айтып, өздерің нені қаласаңдар соны халал немесе харам санайсыңдар? Бұл істің Аллаға жала жабушылық екенін білмейсіңдер ме? Аллаға жала жабатын адам не бұл дүниеде, не ақыретте опа таппайды: оның бұл дүниедегі пайдасы азғана, ал қияметтегі орыны тозақ оты». Осы аяттардың қаратып айтылған адамдары тек Меккенің мүшріктері ғана болмағаны түсінікті. Бүгінгі дамыған әлемде бір топ кейбір заңдарды бекітіп, илаһи сүннеттермен қарсыласады. Олар Алла халал еткен кейбір нәрселерді харам санап, Алла харам еткен көп нәрсені халал деп таныстырып, соларды таратып, жарнамалайды. Осы аяттар соларға да қаратып айтылған адамдардың тобы бақытқа жетпейді, олар құтылмайды. Осы аяттардан мынадай тұжырым жасаймыз:1. Халал мен харамды тағайындау тек Алланың қолында. Оған қарсы кез келген сөз немесе әрекет «жаңашылдық» енгізу саналады. 2. Илаһи ахкамдағы көптеген «жаңашылдықтар» мен ырымшылдықтардың бастауы – дүние мен дүниелік ләззаттарға жету.
«Нахыл» сүресінің 118 аяты:
" وعلی الذین هادوا حرّمنا ما قصصنا علیک من قبل و ما ظلمناهم ولکن کانوا انفسهم یظلمون"
(Мұхаммед Ғ.С.) Яћудилерге арам етілген нәрселерді бұрын саған баян қылған едік. (6-С. 146-А.) Біз оларға әділетсіздік істемедік. Олар өздеріне зұлымдық қылды. (118).
Алдыңғы бірнеше аятта «жеуге харам етілген» деген атпен айтылғандармен қоса «Анғам» сүресінің 146 аятында яһудилер үшін харам жануарлардың басқа жайттары айтылған. Осы аят былай дейді: «Біз қосымша түрде яһудилер үшін харам еткен нәрселер оларға жаза ретінде берілді. Соларды яһудилерден басқалар үшін харам еткен жоқпыз». Басқаша айтқанда сол жейтін нәрселер шын мәнінде харам болған жоқ, харам емес те. Илаһи тыйым яһудилердің бұрыс қылықтары үшін берілген жазаның бір түрі болды. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Илаһи жазалар пенделер үшін зұлымдыққа себеп болмайды. Керісінше, бұл пенделердің өздеріне жасаған күнәлары мен зұлымдықтарының қайтарымы. 2. Илаһи тыйымдар екі түрлі: барлық адамдар үшін барлық замандардағы тұрақты тыйымдар; белгілі бір топқа шектеулі бір уақыт үшін уақытша тыйымдар.
«Нахыл» сүресінің 119 аяты:
" ثم انّ ربّکَ للذین عملوا السّوءَ بجَهالة ٍ ثم تابوا من بعد ذلک واصلحوا انّ ربّکَ من بعدها لغفورٌ رحیم ٌ
"(Мұхаммед Ғ.С.) сонсоң расында Раббың білмей жамандық істеп, істерін түзелткендер жағында. Рас Раббың бұдан кейін де әлбетте жарылқаушы, ерекше мейірімді. (119)
Осы аят Құран Кәрімнің тәубе және күнәларды кешіру саласындағы маңызды аяттарының қатарына жатады. Осы аятта Алла барлық құлдарына «Кім де кім жаман іске ұрынып, жәһілдік пен нәпсінің нәтижесінде күнә жасаса, олар үшін тәубе есігінің ашық екендігін білсін» деген сүйінші айтады. Мұндай адамдар егер илаһи дәргаһқа қарап, өкініш білдіріп, тәубеге келіп, бұрынғы күнәларының орнын толтырып, ізгі және лайық ғамалдар жасаса Алла оларға кешірілетіндіктері туралы кесімді уәде берді. Алланың шексіз мейірімі мен рақымы оның жағдайын қамтитын болады. Осы тақырып баяндалған осы аят пен Құранның тағы да басқа екі аятында «жәһілдік» сөзінің қолданылғаны қызық жәйт. «Жәһілдік» дегеннің мағынасының надандық емес, адам істің жамандығын біле тұра ішкі нәпсілік тілектер немесе сыртқы азғырушылықтардың әсерінен соңында қатты өкінетін күнәға ұрынады. Бірақ, күнә жасаудан бас тартпастан, соны жасаудан өкінбейтін адамға бұл аят қатысты емес. Ол илаһи рақымға бөленбейді. Осы аяттан мынадай қорытынды шығарамыз:1. Ислам дінінде тығырық жоқ. Алла қайта оралу жолын барлық құлдарына ашық қалдырды.2. Нағыз тәубе бұрынғы істі түзетіп, соның орнын толтырумен қатар болады, тек көз жасын төгіп, қайғыға бату жеткілікті емес.