Нахыл сүресі, 451-ші бөлім, 112-115 аяттар
Нахыл сүресі, 451-ші бөлім, 112-115 аяттар
«Нахыл» сүресінің 112-113 аяттары:
" و ضرب الله مثلا ً قریة ً کانت امنة ً مطمئنة ً یاتیها رزقها رغدا ً من کلّ مکان ٍ فکفرت بانعم الله فاذاقها الله لباس الجوع و الخوف بما کانوا یصنعون" ، " و لقد جاء هم رسولٌ منهم فکذبوه فاخذهم العذاب و هم ظالمون "
Алла сендерге бейбітшіліктегі жайбарақат бір кентті мысал берді. Оған әр тараптан мол ризық келуші еді. Ақырында, Алланың нығыметіне қарсы келді. Сондықтан Алла оларға қылықтарының салдарынан ашаршылық және қауіп-қатердің тонын кидіріп, жапа тарттырды. (112) Расында оларға өздерінен пайғамбар келді де олар оны жасынға шығарды. Сондықтан ол залымдарды азап қолға алды. (113)
Нығметтер сүресі болып табылатын «Нахыл» сүресінің соңғы аяттарында Алла материалды және дүниелік нығметтерге бөленген кент пен аймаққа сілтеме жасайды. Олар дұшпандардың шабуылдары мен соғыстарынан қауіп-қатерсіз, тыныш, мамыражай өмір сүрген. Олар көп ырзыққа ие болды, һәм хақты жалғаннан ажыратып, бұрмалаушылыққа душар болмау үшін Алла оларға жетекшілікке пайғамбар жіберді. Бірақ аймақтың халқы илаһи нығметтерге күпіршілік жасап, нығметтерді дұрыс пайдаланып, соларды ізгі істерге жұмсаудың орнына күнә жолына пайдаланды. Сол себепті илаһи жазаға душар болып, һәм қауіпсіздік нығметінен айырылып, һәм жұт пен аштық етек жайған апатқа ұшырады. Сол адамдар Алла тарапынан жетекшілік етуге жауапты болып тағайындалған пайғамбарға қарсы тұрып, оны теріске шығарды. Сондықтан осы дүние мен ақыретте екі есе азапқа душар болды. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Тарих өлшем мен ережеге ие. Илаһи сүннеттер өткенде де, қазір де, болашақта да бірдей. Олай болса, бұрынғы қауымдардың тарихынан ғибрат алып, илаһи жолда әрекет етейік. 2. Нығметке күпіршілік үшін осы дүниеде жаза беріліп, ол нығметтің жойылуына себеп болады. 3. Кедейшілік пен қауіпсіздік – қоғамның діни тағылымдарға көңіл бөлмеуінің салдары.
«Нахыл» сүресінің 114 аяты:
" فکلوا ممّا رزقکم الله حلالا ً طیّبا ً و اشکروا نعمت الله ان کنتم ایّاه تعبدون "
Ал, енді Алланың сендерге берген ризығының халал, тазасынан жеңдер. Сондай-ақ, егер Оған ғана құлшылық қылатын болсаңдар, Алланың нығметіне шүкіршілік қылыңдар. (114)
Күпіршілік пен кәпірлердің соңын баяндаған алдыңғы аяттардың жалғасында осы аят былай дейді: «Сендер сол топтан ғибрат алып, илаһи нығметтерді дұрыс пайдаланыңдар. Біріншіден, сендерге харам етілген шарап, шошқаның еті сындыларды ішіп-жеуден тартыныңдар, басқалардың мүлкіне қол сұғушылыққа бармаңдар. Алла сендерге тағайындаған халал, таза тағамдарды ғана ішіп, жеңдер. Екіншіден, нығметтерге шүкіршілік білдіріп, ғибадат пен құлшылық ететін адамдар болыңдар. Басқа пенделерге қайырымдылық жасап, сендерге Алла берген нәрселерден мұқтаждарды мақұрым етпеңдер. Осы аттярдан үйренетініміз:1. Ислам – тек ғибадат мәселелеріне ғана көңіл бөлмеген жан-жақты дін. Ислам адамның ішіп, жеуі мен киіміне де қатысты бағдарламаларға ие. 2. Ішіп, жеу – тек ләззат алу ғана емес, міндеттер мен жауапкершіліктерді орындап, әр нығметке шүкір айтып, соны дұрыс пайдалану.
«Нахыл» сүресінің 115 аяты:
" انما حرّم علیکم المیتة والدّم و لحم الخنزیر و ما اهلّ لغیرالله به فمن اضطرّ غیر باغ ٍ و لا عادٍ فانّ الله غفورٌ رحیمٌ "
Шын мәнінде сендерге жемтік, қан, доңыз еті және Алладан басқаның атын алып бауыздалғанды арам етті. Сонда біреу зорланса, бас тартпаса, шектен шықпаса, күдіксіз Алла, аса жарылқаушы, ерекше мейірімді (115).
Адамдарды шөп-шалам жеп, ет өнімдерін жемеуге шақыратын немесе кез-келген жануардың етін, тіпті жылан мен кесіртке жеуге рұқсат деп санайтын адамдарға қарсы Құран Кәрім бірқалыпты жолды алға қойған. Құран адамның табиғи қажеттіліктері негізінде былай дейді: «Ет жеңдер, бірақ кез-келген жануардың емес және қалай болса солай емес: бауыздалмас бұрын, қаны ағызылмас бұрын тұншыққан немесе арам өлген, сондай-ақ пісмілләсыз және кәпір адамның қолымен бауыздалған жануардың етін жеуден аулақ болыңдар». Құранның басқа да сүрелерінде осы аятқа ұқсас айтылып, мұсылман соны сақтауға міндетті деп санайтын исламдық шариғаттағы жануарлардың халал, харамдығы егжей-тегжейлі баяндалған. Аяттың жалғасы былай дейді: «Егер ажалдан аман қалу үшін осылардың бірін жеуге мәжбүр болсаңдар және шектен тыс тұтынбаған жағдайда Алла сендерді кешіреді». Осы аяттан мынадай қорытынды шығарамыз:1. Кейбір тағамдарға тыйым салудың пәлсапасы санитарлық мәселелерге ғана байланысты емес, сондай-ақ шерк сынды ластықтардан бойды аулақ салу илаһи тыйымдардың негізгі өлшемі. Бір мұсылманның, тіпті ішіп, жеуі де таухид жолында болуы керек. 2. Исламда тығырық жоқ. Апатты жағдайда күнәнің жазасы кешіріледі.