Нахыл сүресі, 448-ші бөлім, 101-103 аяттар
Нахыл сүресі, 448-ші бөлім, 101-103 аяттар
«Нахыл» сүресінің 101 аяты:
" و اذا بدّلنا آیة ًمکان آیة ٍ والله اعلم بما ینزل قالوا انّما انت مفتر ٍ بل اکثرهم لایعلمون "
Біз бір аяттың орнына басқа аятты ауыстырған кезде Алла нені түсіргенін жақсы біледі. Алайда олар Пайғамбарға: “Сен анық жалақорсың” дейді. Олай емес. Олардың көбі түсінбейді (101).
Алла маслихат негізі бойынша кейбір істердің үкімдерін біртіндеп, кезең-кезеңмен түсірді. Шарапқа тыйым салу үкімі бірнеше кезеңде, уақыттың өтуімен түсірілді. Кейбір қарсыластар ахкамдардың осы өзгерістерін «Бұл үкім Алла тарапынан емес. Ислам пайғамбары бұл үкімді өзінің жанынан шығарды. Сол себепті қалаған кезде оны өзгертеді» деп айту үшін сылтауға айналдырды. Осы аят былай дейді: «Жаңа үкімді қамтитын жаңа аят түсірілген әр кезде илаһи үкімдердің маслихатымен таныс емес қарсыластар Алла Тағала қандай жағдайда қандай үкімді шығаруды және қажет болғанда оған қандай өзгеріс енгізуді білетін жағдайда пайғамбарға жала жабады. Исламдық шариғатта үкімнің осы өзгертілуі «насх» деп аталады. Алладан басқа ешкім үкімдердің «насх» құқығына ие емес». Осы аяттан үйренетініміз:1. Исламның басында кейбір үкімдердің өзгертілуі Алла тарапынан маслихат пен хикмет негізі бойынша орын алды.2. Адамдар илаһи үкімдер мен заңдардың сырын білмейді. Сол себепті сын айтып, жала жабады.
«Нахыл» сүресінің 102 аяты:
" قل نزّله روح القدس من ربّک بالحقّ لیثبّت الذین آمنوا و هدی ً و بشری للمسلمین "
(Мұхаммед Ғ.С.) Жебірейіл Құранды шынайы түрде иман келтіргендерді бекемдеу әм мұсылмандар үшін туралық әрі қуаныш түрінде Раббың тарапынан түсірді (102).
Мүшріктердің алдыңғы аятта пайғамбарды аяттар мен илаһи ахкамдарды өзгертуге араласты деген жала жабушылықтарына жауап ретінде осы аят былай дейді: «Оларға жауап бергенде тура былай де: «Құранның барлық аяттары маған уәһи періштесі сенімді Жебірейіл арқылы дұрыс және шынайы түрде түсірілді. Олар ешқандай бұрмалаушылық пен өзгеріске ұшыраған жоқ. Егер кейбір ахкамдарда кішігірім өзгерістер хабарланса, ол иманды адамдардың уақытша және қысқа мерзімді бағдарламаларды орындау арқылы негізгі және тұрақты бағдарламаларды орындауға әзір болуы үшін, сонымен қатар иман олардың болмыстарында тұрақталып, иман әзірше жүректерінен орын алмаған адамдар осы арқылы жетекшілікке жетіп, сүйіншіге ие болулары үшін. Осы аяттан мынадай тұжырым жасаймыз:1. Һәм Құранның мазмұны хақ және ақиқат, һәм оның пайғамбарға түсірілу және халыққа хабарлану әдісі ешқандай жалғандық әсер етпеуі үшін дұрыс және мықты түрде болды. 2. Адамдардың иман дәрежелері әртүрлі. Бір топ тілдерімен ислам дінін ұстаймыз дейді, ал келесі бір топтың жүрегінде иман шынайы түрде тұрақталған. Құран солардың барлығы үшін жетекшілік пен сүйіншінің мәйегі.
«Нахыл» сүресінің 103 аяты:
" و لقد نعلم انّهم یقولون انّما یعلمه بشرٌ لسان الذی یلحدون الیه اعجميٌ و هذا لسانٌ عربیٌ مبینٌ "
Рас білеміз. Өйткені, олар: “Құранды Мұхаммедке бір адам үйретеді ” дейді. Олардың ұйғарған адамының тілі бөгде. Ал бұл Құран ашық араб тілінде (103).
Ислам пайғамбарына қарсы қарсыластардың жала жабушылықтарын баяндаған алдыңғы аяттардың жалғасында осы аят былай дейді: «Кейбір теріске шығарушылар шектен шығып, ахкамдардың өзгертілуіне қатысты аяттар туралы ғана емес, сондай-ақ Құранның барлығын адамның ісі деп санап, тіпті Құранның мазмұны мен тілін де пайғамбардан басқа адамға байланыстырып, былай десті: «Пайғамбар бұл мәселені содан үйренді де пайғамбарлық туралы уәж айтты». Біріншіден, теріске шығарушылардың уәждері бойынша пайғамбардың мұғалімі деген сол кісі неліктен өзі пайғамбарлық туралы уәж айтпай, шәкіртінің осындай уәж айтуына рұқсат берді? Екіншіден, мүшріктер соларды пайғамбардың мұғалімдері деп атаған кісілердің барлығы Араб түбегінен емес болатын, әрі олар араб тілінің шешендігімен таныс емес еді. Сондықтан олар дос пен дұшпанның мойындаулары мен тіпті сөздердің құрылымы тұрғысынан да мұғжиза болып табылатын Құран әкеле алмайтын. Құранның ғажайыптылығы соншалықты, қарсыластар оны «сиқыр», «поэзия» деп, пайғамбарды соған байланысты «сиқыршы», «шайыр» деп атады. Сол себепті адамдарға пайғамбар оқыған аяттарды тыңдамауға кеңес берді. Себебі адамдар аяттарға еріксіз елітіп, тәнті болатын. Егер шын мәнінде біреу пайғамбардың мұғалімі болып, осы мәселені де пайғамбарға үйреткен болса, онда неліктен халық оны тану үшін және соған иман келтіру үшін ешбір жерде өзін таныстырған емес? Негізінен Құранның: «кімде кім қолынан келсе Құран сынды бір сүре әкелсін» деген күрес талап еткен үндеуіне неліктен осы уақытқа дейін ешкім жауап бере алмады? Мұсылман емес арабтардың барлығы, тіпті сол кітаптағы сияқты бір сүре әкелуден дәрменсіз болғанда араб емес бір адамның пайғамбарға соның барлығын үйретте алуын қалай елестетуге болады?Осы сауалдар мен басқа да көптеген сауалдар жауапсыз қалды. Себебі Құранның аяттары, тіпті «пайғамбарлық хадистер» деп баяндалған ислам пайғамбарының басқа сөздерімен еш ұқсастығы жоқ. Аяттар пайғамбарлық хадистерден толығымен ерекшеленеді. Осы аяттан үйренетініміз:1. Қарсыластардың сөздері мен жалаларынан хабардар болған лазым. Оған лайықты жауап беру керек. 2. Дұшпандардың кең ауқымды жарнамаларының әсерінен біздің Құран кәрімге деген иманымыз бен сенімімізге сызат түсуден абай болайық. Кез-келген жалаға қисынды әрі лайықты жауап беруге тырысуымыз керек.