Нахыл сүресі, 447-ші бөлім, 97-100 аяттар
Нахыл сүресі, 447-ші бөлім, 97-100 аяттар
«Нахыл» сүресінің 97 аяты:
" من عمل صالحا ً من ذکر ٍ او انثی و هو مؤمنٌ فلنحیینه حیوة ً طیبة ً و لنجزینّهم اجرهم باحسن ما کانوا یعملون "
Ер немесе әйелден кім сенген бойда түзу іс істесе, әлбетте оны жақсы тіршілікте жасатамыз. Әрі оларға істеген істерінен жақсырақ сыйлық береміз (97).
Осы қысқа аят Құрандағы мүміндердің осы дүние мен ақыреттегі жағдайын баяндайтын маңызды аяттардың қатарына жатады. Аят алдымен былай дейді: «Алланың жанындағы негізгі құндылық – иман. Әйел мен ердің арасында айырмашылық жоқ. Мүмін ер мен мүмін әйел Алланың алдында бірдей. Иманның деңгейлеріне жетуде жыныстық айырмашылықтың әсері жоқ. Пайғамбарлардың барлығы ер адамдар болғанымен пайғамбарлық міндет соның негізінде жалпы халықпен жұмыс істейтін жауапкершілік болып табылады. Бұл әйелдердің міндеті емес. Сол себепті ерлердің иығына жүктелген. Бірақ иманның руханияты мен кемелдігіне жетуде әйелдерге ешқандай шектеу қойылмаған. Оған үлгі хазірет Мәриям Аллаға жақын болғандықтан оған аспандық жемістер мен сусындар жіберілетін. Немесе хазірет Фатеме Заһра рухани кәмілдіктің дәрежесіне жетіп, хазірет Әлидің серігі болды. Бірақ жалғыз иман жеткіліксіз. Сонымен қатар ізгі және лайық істерді орындау – кәмілдікке жетудің шарты. Лайық іс те бірнеше ерекше жәйтпен шектелмейді, әрбір ізгі іс кішкентай әрі аса құнды болмаса да орындаушы адам оны ізгі мақсатпен орындаса түзу іс деп саналады. Аяттың жалғасы былай дейді: «Һәм мүмін, һәм түзу іс жасайтын адам осы дүниеде таза өмірге ие болады. Ол ластықтар мен пәстіктерден алыс болады. Құдай ондай адамды тайқулар мен бұрмалаушылықтардан сақтайды. Ақыретте де Құдай Өзінің мейірімі мен даналығымен оның ғамалының сыйы саналатын нәрседен оған көп тарту жасайды. Себебі Құдайдың сүннеті бойынша, жазалауда жаза адамның қылмысына сәйкес болуы үшін Құдай әділет негізі бойынша амал етеді. Бірақ Алла сыйды адамның сіңірген қызметінен көбірек, осы аят соған тоқталған Өзінің даналығы негізінде амал етеді. Осы аяттан үйренетініміз:1. Алланың алдында жас, жыныс, ұлт, сондай-ақ адамдардың сауаты мен әлеуметтік жағдайының айырмашылығы жоқ. Жалғыз сенімді өлшем – иман мен түзу ғамал. 2. Мүмін емес адам осы дүниеде пәк өмірден мақұрым болады. Ол өлік сынды күй кешеді. Себебі шынайы өмір нағыз мүміндерге тиесілі.
«Нахыл» сүресінің 98 аяты:
" فاذا قرأت القرآن فاستعذ بالله من الشّیطان الرّجیم "
Қашан Құран оқысаң, қуылған шайтаннан Аллаға сиын. (98)
Бұл аят ислам пайғамбарына қаратып айтылғанымен мүміндердің барлығына арналғандығы белгілі. Тақырыптың маңыздылығына байланысты пайғамбар аяттың негізгі қаратып айтылушысы болып тұр. Рауаяттарда исламның ардақты пайғамбарының Құран оқыған кезде «Ағұзу биллаһи мин ал-шитун алраджим» деген сөйлемді намазда болсын, намаздан тыс болсын аузынан тастамағаны айтылған. Әрбір ізгі істің зияны да болуы мүмкін. Сондай ізгі істерге Құранды екіжүзділікпен, өзін өзі көрсету үшін немесе теріс бақталастықпен оқу жатады. Бұл немесе тіпті Құран аяттарын қате түсініп, илаһи сөзді бұрыс тәпсірлеуге соқтыруы мүмкін. Құранды оқыған кезде адам барлық зияннан құтылу үшін Аллаға сыйынуы керек. Себебі нәпсі тілектері мен орынсыз әсірешілдік адамның Құран оқудан қажетті рухани пайда алуына рұқсат бермейді. Осы аяттан үйренетініміз:1. Шайтанның әсерінің қатерінен, тіпті ең қасиетті іс Құран оқуда да бейқам болмау керек. 2. Шайтанның қатерінің алдында Аллаға сыйынып, Одан жүгініп, көмек сұрауымыз керек.
«Нахыл» сүресінің 99-100 аяттары:
" انه لیس له سلطان علی الذین آمنوا و علی ربّهم یتوکلون " ، " انما سلطانه علی الذین یتولونه و الذین هم به مشرکون "
Шын мәнінде иман келтіріп, Раббыларына тәуекел еткендерге шайтанның бір үстемдігі болмайды. (99) Шынында оның үстемдігі оны дос тұтып Аллаға шерік қатушыларға ғана жүреді. (100)
«Шайтанның кәрінен Аллаға сыйыныңдар» деген алдыңғы аяттың жалғасында осы аяттар былай дейді:«Шайтан мүміндердің жүрегі мен рухтарына әсер етуді мақсат еткенімен Аллаға тәуекел етіп, оған сыйынатын адамдар шайтанның кәрінен аман қалады». Аяттардың жалғасы былай дейді: «Негізінен шайтан Аллаға серік қосып, күпіршілік пен шеркке душар адамдарға немесе шайтанның бұйрықтарына еріп, өзінің рухында оның әсер етуі үшін негіз әзірлегендерге әсер етеді. Басқаша айтқанда, сол адамдар шайтанды өздерінің досы деп ойлап, оның билігін қабылдағандар. Әйтпегенде Құдай шайтанның мүміндерге үстемдік етіп, әсер етуіне рұқсат берген жоқ. Осы аяттардан мынадай тұжырым жасаймыз: 1. Шайтанның әу бастан адамға үстемдігі жүрмейді. Адамдардың өздері оның билік етуінің алғышарттарын әзірлейді. 2. Нағыз мүміндер шайтанның әсер ету қатерінен қауіпсіз. Иман мүмін адамдарды шайтанның шабуылының алдында сол арқылы өзін қорғайтын мықты да сенімді қалқан.