Жел 15, 2016 19:56 Asia/Almaty

Нахыл сүресі, 446-шы бөлім, 93-96 аяттар

«Нахыл» сүресінің 93 аяты:

" ولو شاء الله لجعلکم امّة ً واحدة ً ولکن یضلّ من یشاء و يهدي من يشاء ولتسئلنّ عمّا کنتم تعملون "

Егер Алла қаласа еді, сендерді бір-ақ үммет қылар еді. Алайда, Алла кімді қаласа, адастырып кімді қаласа, тура жолға салады. Әлбетте істегендеріңнен сұраласыңдар. (93).

Бұл аят Алланың адаммен байланысының жалпы принципі мен қағидасына тоқталып, былай дейді: «Алла Тағала адамдардың мәжбүрлі түрде иман келтіргендерін қалаған жоқ. Керісінше Құдай ақида мен мектепті адамдардың өз еріктері мен қалаулары бойынша таңдағандарын қалады. Адамдар бір дін мен бір ақиданы қаламайтындықтарының нәтижесінде олардың барлығы біртұтас бірдей емес. Алайда Құдай жетекшілік құралын баршаға әзірледі: табиғи болмыс пен ақыл жетекшілігі іштен, пайғамбарлар мен аспандық кітаптардың жолнұқсаулары сырттан, осының барлығы баршаға хақты жалғаннан ажыратуға мүмкіндік берді. Бірақ, егер біреудің адасқысы келсе Құдай оған кедергі болмайды. Ол хақ жолдан теріс кете алады. Сондай-ақ керісінше, тура жолды таңдағысы келген адамға Құдай оған тура жолда көмектесіп, жетекшіліктің күре жолында оны алға ілгерілетеді. Алайда осы қалау мен еріктің жауапкершілікті теріске шығармайтындығы белгілі. Әрбір адам өзінің таңдауының салдарын қабылдап, өзінің іс-әрекетіне жауап беруі керек. Сол себепті адам мәжбүр емес. Әр адам өзі жетекшілік жолын, я болмаса бұрыс жолды таңдайды. Бірақ сауал мен тергеу, жаза мен сый бәрібір сақталады. Осы аяттан мынадай тұжырым жасаймыз:1. Алланың сүннеттеріне адамдардың таңдау хақына ие екендіктері мен өмір жолын таңдаудағы азаттықтары кіреді. 2. Адамның ірілі-ұсақты барлық іс-әрекеті мен қылығы қияметтің сотында сауал мен тергеуге алынады. 

 «Нахыл» сүресінің 94-95 аяттары:

" ولاتتخذوا ایمانکم دخلا ً بینکم فتزلّ قدم ٌ بعد ثبوتها و تذوقوا السّوء بما صددتم عن سبیل الله و لکم عذاب ٌعظیم ٌ " ، " ولا تشتروا بعهد الله ثمنا ً قلیلا ً انما عندالله هو خیرٌ لکم ان کنتم تعلمون "

Анттарыңды алдауға сылтау қылмаңдар. Аяқ берік басылғаннан кейін тайып, Алланың жолынан тосқандықтарың үшін жамандығын татасыңдар. Әрі сендерге зор азап бар (94). Алланың антын арзымайтын нәрсеге айырбастамаңдар. Білетін болсаңдар, Алланың қасындағы ғана жақсы (95).

Алдыңғы аяттардағы Құдайдың бұйрықтарының жалғасында осы аяттар тағы да ант пен серттің, келісімді құрметтеу мен олардың маңызына тоқталып, былай дейді: «Дүниелік мақсатқа жету үшін серт сияқты қасиеттіліктерді теріс пайдалану адамдардың діни істердегі сенімдерінің әлсіреуі мен тура жолдан таюларына себеп болады. Сендер де адамдарға тура жолдан тосқауыл қойған әоекеттерің үшін һәм осы дүниеде мехнатқа толы өмір сүріп, һәм ақыретте де илаһи үлкен азапқа ұшырайсыңдар. Сондықтан сонымен ант ішкен Алланың атын дүниеуи және материалды табыс пен істерге бола саудаға салмаңдар».      Осы аяттардан үйренетініміз:1.Кейбір күнәлар көптеген басқа күнәларға негіз әзірлейді. Соларды тану арқылы олардың тарауына тосқауыл болу керек. 2. Адамдардың діни негіздерінің әлсіреуіне себеп болатын әрбір істің олар кішкентай болып көрінсе де қатаң түрде алдын алу керек. . 

«Нахыл» сүресінің 96 аяты:

" ما عندکم ينفد و ما عندالله باق ٍ و لنجزينّ الذین صبروا اجرهم باحسن ما کانوا یعملون "

Сендердің жандарыңдағы дүниелік түгейді де Алланың қасындағы қалады. Әрине сабыр еткендердің сыйлығын, істеген істерінен де жақсырақ береміз (96).

Осы аят дүниенің мал-мүлкіне бола діни қасиеттіліктерді ойынға айналдырып, мәңгілік ақыретті пәни дүние үшін сататын имандары әлсіздерге қаратып: «Осы істеріңмен дүниелік талап-тілектеріңе жетеміз деп ойлап, осы дүниедегі өмірлеріңнің өте қысқа екендігін, қол жеткізген нәрселеріңнің өте жылдам жойылатынын білмейсіңдер ме?.Егер Құдаймен мәміле жасасаңдар сендердің ізгі істерің Алланың алдында сақталады. Олар жойылмайды» дейді. Харам дүниеден бас тартып, халалды қанағат тұтудың сабыр мен шыдамдылықты қажет ететіндігі түсінікті. Әрбір адам мұндай іске шыдай алмайды. Сол себепті аяттың жалғасы былай дейді: «Харам істердің алдында төзімділік танытып, машақаттарға шыдайтын адамдарға жәй сый берілмейді. Алла оларға ең жақсы сыйларды тарту етеді».Осы аяттан үйренетініміз:1. Илаһи келісімдерге табандылық танытып, харам істерден бас тарту қиын. Ол соның алдында нәпсілік тілектермен қарсыласуды қажет етеді. Алайда дүниенің харамынан мақұрым болу ақыреттің бақыты мен табысына жеткізеді. 2.Адамның ең жақсы сатып алушысы Алла. Алла ең аз затты ең жоғарғы бағаға сатып алып, адамды бақытқа жеткізеді.