Жел 15, 2016 19:58 Asia/Almaty

Нахыл сүресі, 445-ші бөлім, 90-92 аяттар

«Нахыл» сүресінің 90 аяты:

" انّ الله یامر بالعدل و الاحسان وایتاء ذی القربی و ینهی عن الفحشاء والمنکر والبغی یعظکم لعلکم تذکرون "

 Негізінде Алла әділетті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады. Және де арсыздықтан, қарсылықтан әм зорекерліктен тыяды. Сендерге насихат береді. Әрине түсінерсіңдер. (90)

Құран Кәрімдегі ең толыққанды осы аят мүміндердің дүниедегі әділет пен ізгілікке негізделген, сондай-ақ қандай да болмасын зұлымдық пен басқыншылықтан алыс адами және қоғамдық байланысын суреттеп, оны барша барлық жағдайда осы кеңестерді сақтауы тиіс Алла тарапынан берілген илаһи уағыз болып табылады. Әділет пен теңдік – діни және исламдық шариғаттың барлық тәлім-тағылымдарының негізі. Алла Тағаланың өзі ешкімге зұлымдық жасамайды, сол сияқты ешкімге біреуге зұлымдық жасап, оның хақысын таптауға рұқсат берген жоқ. Әділетті сақтаудың қажеттілігі жеке адам мен әлеуметтік қатынастарда теңдікке себеп болатын сөз бен істе кез келген әсірешілдіктен алыс болу деген сөз. Исламдық ахлақ адамнан әлеуметтік қиындықтармен бетпе-бет келгенде кейде әділеттен жоғары әрекет етіп, басқалардың қателігін кешіруді талап етеді.  Адам тіпті оларға басқалардың хақысынан көбірек сыйлай алады. Мұның барлығы игілік пен ізгіліктің белгілері. Адамдардың хақысына қатысты игіліктің ең жоғарысын көрсеткен Алла Тағала басқалармен әрекеттесудің осы әдісіне шақырады. Басқа жақтан Алла адамның рухы мен психикасының саулығы және қоғамның қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету үшін оның барлығы жаман және бейбастақ істер деп саналатын істерге тыйым салды. Әрбір ақылды адам мұндай істердің жамандығы мен ұят екендігіне куәлік етеді. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Әлеуметтік қатынастарда қоғамдағы адамдардың арасында тазалық пен адалдық сақталу үшін әділеттің қасында ізгілік те лазым болып табылады. 2. Діннің бұйрықтары адамның ақылы мен табиғи болмысымен үндес. Әділет пен ізгілікпен үйірлесіп, бейбастақтық пен арсыздықтан алыс болу барлық адамның қалауы. Дін де осы істерден алыс болуға бұйырады. 2. Жамандықтан тыю барысында барша біздің сөзімізді қабылдайды деп күтпейік. Алла Тағала да уағыз айтып былай дейді: «Бәлкім түсініп, қабылдарсыңдар». 

 «Нахыл» сүресінің 91-92 аяттары:

" و اوفوا بعهدالله اذا عاهدتم و لاتنقضوا الایمان بعد توکیدها و قد جعلتم الله علیکم کفیلا ً انّ الله یعلم ما تفعلون " ، " ولا تکونوا کالتی نقضت غزلها من بعد قوّة ٍ انكاثا ً تتخذون ایمانکم دخلا ً بینکم ان تکون امّة ٌ هی اربی من امّة ٍ انّما یبلوکم الله به وليبيننّ لکم یوم القیمة ما کنتم فیه تختلفون "

Қашан серттессеңдер Аллаға берген серттеріңді орындаңдар. Анттарыңды Алланы өздеріңе кепіл етіп, бекіткеннен кейін бұзбаңдар. Күдіксіз Алла не істегендеріңді біледі. (91) Бір топты басқа топтан үстем деген сылтаумен араларыңдағы анттарыңды бұзып, жібін мықтап иіргеннен кейін тарқатқан қатын құсаған болмаңдар. Шын мәнінде Алла сендерді осымен сынайды. Сондай-ақ дүниеде қайшылыққа түскен нәрселеріңді қиямет күні сендерге ашықтайды. (92).

Алдыңғы аят әлеуметтік қатынастардағы исламдық ахлақтың барлық принциптерін баяндап, әділдік пен ізгілікті сақтауды және зұлымдық пен басқыншылықтан алыс болуды әлеуметтік байланыстардың негізі деді. Осы аяттар жалғасында әлеуметтік байланыстардағы ең маңызды мәселелердің біріне сілтеме жасап былай дейді: «Алламен болсын, адамдармен болсын жасаған шарт пен келісімді сақтау Аллаға сенетін әрбір мүмін адамның міндеті. Егер келісімге серт етсеңдер сол уәделеріңе берік болыңдар. Қажеттіліктерің орындалған соң өздеріңнің серттеріңді орындаңдар. Немесе егер экономикалық, әлеуметтік істерде міндеттеме алсаңдар өздеріңнің уәделеріңе табанды болыңдар. Себепсіз оны аяқасты етпеңдер. Сондай-ақ орынсыз ант ішпеңдер. Егер ант ішіп, Алланы өздеріңе куә етсеңдер, антты бұзбаңдар.  Алланың қасиетті есімі мен басқа да діни қасиеттіліктерді жоймаңдар. Егер қолдарыңа билік тисе қол астарыңдағы адамдар мен әлсіздерге немесе әлеуметтік төменірек топтарға зұлымдық жасамаңдар. Олардың құқықтарын бұзбаңдар. Бұлардың барлығы зұлымдық пен күш көрсетудің белгілері болып табылады. Алламен келісім және шарттың әлеуметтік белгілері де бар. Олардың ең маңыздысы Алла оларды жер бетіндегі өзінің орынбасарлары еткен илаһи жетекшілер мен пайғамбарлардың соңынан еру болып табылады. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Келісімді бұзу ахлаққа жат іс қана емес, сонымен қатар қияметте илаһи жазаға ұшыратады. 2. Қасиеттіліктермен ойнамайық. Оларды өзіміздің заңсыз талап-тілектеріміздің құралдарына айналдырмайық.3. Билікке жету – бұрмалаушылық пен келісімді бұзудың негіздерінің бірі. Аллаға жауап беретіндігімізді естен шығармайық. Билікке ие болуды илаһи сынақ деп санайық.