Жел 18, 2016 19:08 Asia/Almaty

Нахыл сүресі, 444-ші бөлім, 85-89 аяттар

«Нахыл» сүресінің 85-86 аяты:

" و اذا رأ الذین ظلموا العذاب فلا یخفف عنهم ولاهم ینظرون " ، " واذا رأ الذین اشرکوا شرکاء هم قالوا ربّنا هؤلاء شرکاؤنا الذین کنا ندعوا من دونک فالقوا الیهم القول انّکم لکاذبون "

Зұлымдық қылғандар азапты көргенде олардан жеңілдетілмейді де оларға мұрсат берілмейді. (85) Аллаға шерік қосқандар қосқан ортақтарын көрген сәтте: “Раббымыз! Сенен өзге сиынған ортақтарымыз осы” дейді. Олар: “Тіпті сендер мүлде өтірікшісіңдер” деп, сөзді оларға тастайды. (86)

Қияметтегі мүшріктер мен залымдардың жағдайын баяндайтын осы аяттар илаһи азаптың еш жеңілдетілмейтіндігі мен кешіктірілмейтіндігін айтады:  «Шерк пен күпіршілік үшін ешқандай ақталу қабылданбайды. Тіпті мүшріктер соларды өздерінің күпіршіліктерінің себепкері деп санаған пұттар мен жасанды «құдайларға» қияметте тіл бітіп, өздерін мүшріктердің жалаларынан алып қашып, былай дейді: «Сендер бізді өздеріңнің шерктеріңнің себепкері деп өтірік айтасыңдар. Өздеріңнің қырсықтықтарың мен қыңырлықтарың және нәпсіқұмарлықтарың пайғамбарлардың сөздеріне ерудің орнына бізді іздеулеріңе себеп болды. Шынтуайтында, сендер бізді емес, өздеріңнің қалауларың мен тілектеріңе табындыңдар».  Рауаяттарға сәйкес, қияметтің аялдамалары әртүрлі. Кейбір аялдамаларда еріндерге мөр қойылып, адамның дене мүшелері не істегендеріне куәлік етеді. Бірақ кейбір аялдамаларда ешқандай кешірім сұрау мен ақталу қабылданбағанымен, адамдарға сөйлеуге рұқсат беріледі. Адамдардың кейбіреуі өздерінің күнәларын шайтанның мойнына асып, соны айыптаған кезде шайтан: «Мен сендерді мәжбүр еткен жоқпын, бар болғаны азғырдым» деп жауап береді. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Жаза мен илаһи азаптың бастауы адамның өзінің зұлымдығы мен күпіршілігінде. Алла себепсіз ешкімді азаптамайды. 2. Қолдан жасалған «құдайлар» мен пұттар қияметте тілге келіп, мүшріктерден безеді. Мүшріктердің ешқандай арқа сүйерлері болмайды. 

«Нахыл» сүресінің 87-88 аяттары:

" والقوا الی الله یومئذ ٍ السّلم و ضلّ عنهم ما کانوا یفترون " ، " الذین کفروا و صدّوا عن سبیل الله زدناهم عذابا ً فوق العذاب بما کانوا یفسدون "

Олар ол күні Аллаға бойсұнады. Олардың жасанды тәңірлері олардан ғайып болады. (87) Сондай қарсы болғандарға және Алланың жолынан тосқандарға бұзықтық қылғандықтары үшін қинау үстіне қинау арттырамыз. (88)

Алдыңғы аяттардың жалғасында осы аяттар мүшріктердің қияметтегі салдарларына тоқталып, былай дейді: «Қолдан жасалған пұттар мен «құдайлар» мүшріктерден безген соң олардың мойынсұнып, бастарын июден басқа шаралары қалмайды. Олар енді илаһи азаптың алдында өздеріне қолдау көрсететін ешқандай арқа сүйер мен қолдаушы таппайды. Мүшріктердің мұндай күйге түсетіндіктері  қалыпты жағдай. Бірақ адамдарды адастырып, бұрмалаушылыққа себеп болып, басқаларды шерк пен күнә және күпіршілікке шақырғандардың азабы жай адамның азабынан көп болады. Себебі олар өздерінің күнәләрімен қатар басқалардың да шерк келтірулеріне себеп болып, олардың да күнәларына серік болды. Осы аяттардан мынадай тұжырым жасаймыз:1. Бүгін Алла мен Оның бұйрықтарының алдында мойынсұнбайтындар қияметте бас иетін болады. Бірақ сол күнгі мойынсұнушылықтың пайдасы жоқ. 2. Күпіршілік пен шерк қоғамда бейбастақтыққа негіз әзірлейді. Азғындар қоғамның қауіпсіздігін бұзатын адамдар ғана емес, сонымен қатар адамдарды идеологиялық қауіпсіздік тұрғысынан адастырып, адамдар үшін адастырудың құралын әзірлейтіндер де Құранның көзқарасы бойынша бейбастақ саналады.

«Нахыл» сүресінің 89 аяты:

" و یوم نبعث فی کلّ امة ٍ شهیدا ً علیهم من انفسهم و جئنابک شهیدا ً علی هؤلاء و نزلنا علیک الکتاب تبیانا ً لکل شئ ٍ و هدی ً و رحمة ً و بُشری للمسلمین "

Қиямет күні әр үмметтің ішінде өздерінен бір айғқ әкелеміз. (Мұхаммед Ғ.С.) сені осы үмметке айғақ қылып келтіреміз. Сондай-ақ саған әр нәрсені ашықтайтын және мұсылмандар үшін тура жол, игілік әм қуаныш түрінде Құранды түсірдік. (89)

Осы аят екі маңызды жәйтке тоқталады: біріншісі қияметтегі куәлер мен және ислам пайғамбарының барлық куәгерлердің куәсі ретіндегі құзыры ислам пайғамбарының илаһи барлық пайғамбарлар мен елшілер арасындағы мәртебесін көрсетеді. Сол пайғамбарлар Алланың рұқсатымен адамдардың сөздері мен қылықтарынан және олардың ішкі және сыртқы жай-күйлерінен хабардар. Екінші мәселе ол Құран Кәрімнің ұлылығы мен сол кітаптың халыққа жол нұсқаудағы үлкен ролі. Алла Құранды хақ пен жалғанды тану үшін лазым барлық істің баяндаушысы етті. Бұл илаһи мейірім мен рақым және Оның жалпы адамзат баласына тарту еткен сыйына байланысты. Бірақ Құранның жетекшілігі мен рақымы және сүйіншісінен осы кітапқа иман келтіретін мұсылмандар ғана пайдалана алады. Осы аяттан үйренетініміз:1. Адамдардың осы дүниедегі істерін Алланың елшілерінің бақылауы қияметте олардың куәлік етулерінің негізі болып табылады.2. Құран Кәрім адам жетекшілікке қажет ететін барлық нәрсені түсіндіретін жан-жақты әрі толыққанды кітап.