Жел 18, 2016 19:12 Asia/Almaty

Нахыл сүресі, 443-ші бөлім, 81-84 аяттар

«Нахыл» сүресінің 81 аяты:

" والله جعل لکم ممّا خلق ظلالا ً و جعل لکم من الجبال اکنانا ً و جعل لکم سرابيل تقیکم الحرّ و سرابیل تقیکم بأسکم کذلک یتمّ نعمته علیکم لعلکم تسلمون "

Алла жаратқандарынан көлеңкелер жасап, таулардан ықтасындар пайда қылды. Сондай-ақ сендер үшін ыстықтан қорғайтын киімдер және соғыста қорғанатын сауыттар пайда қылды. Осылайша сендерге нығметтерін тамамдады. Әрине бой ұсынарсыңдар (81).

Илаһи нығметтер аталған алдыңғы аяттар мен бағдарламалардан кейін осы аят сол нығметтердің кейбіреуіне сілтеме жасайды. Бірінші нығмет – сая, көлеңке. Егер ол болмағанда оның қадірі көбірек танылған болар еді. Шыны және сол тектестен басқа материалды денелер өзінен сәуле өткізбейтін осы қасиеті адамның демалған кезде ыстық пен күн сәулесінен алыс болып, көлеңкені пайдаланып, тыныштық табуына себеп болады. Басқаша айтқанда, адамның өміріндегі көлеңкенің ролі нұр мен жарықтан кем емес. Екінші нығмет – таулардың арасындағы үлкенді-кішілі үңгірлер. Алдыңғы аяттарда қалалықтардың баспанасы мен көшпенділер үшін шатырлар ме күркелерге сілтеме жасалды. Бірақ осы аят басқа нығметке, ертеде көптеген адамдар сол жерде өмір сүрген, бүгін де малшылар соларды өздері мен малдарын ыстқ пен суықтан қорғау үшін пайдаланатын үңгірлерге тоқталады.  Үшінші нығмет – киім. Адам ыстық пен суықтан сақтанатын қарапайым киім мен адамды дұшпанның оғы мен найзасынан қорғайтын соғыс сауыты. Бұлар да илаһи нығметтер. Себебі олардың алғашқы шикізаты Алла тарапынан. Адам соларды тігетін мүмкіндік пен қабілетке де илаһи сыйдың арқасында ие болған. Осы аяттан үйренетініміз:1. Барлық нәрсе – нұр, баспана, киім және т.б. Алланың нығметі. Үлкен нығметтерді көру бізді кішкентай нығметтерге көңіл аударудан қапыл қалдырмасын. 2. Илаһи нығметтерді есте сақтау адамның бойында Алланың алдында бойсұну рухын тірілтеді.

 «Нахыл» сүресінің 82-83 аяттары:

" فان تولوا فانّما علیک البلاغ المبین " ، " یعرفون نعمت الله ثمّ ینکرونها و اکثرهم الکافرون "

Сонда да егер олар жалтайса, саған ашық түрде жалғастыру ғана міндет. (Әй, Елшім!) (82) Олар Алланың нығметтерін мойындайды да кейін оған қарсы келеді. Негізінен олардың көбі қарсы. (83)

Алдыңғы аяттарда илаһи нығметтердің кейбіреуіне сілтеме жасалғаннан кейін осы аяттар ислам пайғамбарына қаратып былай дейді: «Сенің міндетің – илаһи жолдауларды ашық түрде хабарлау. Егер адамдардың бір тобы қабылдамай, бас тартса қапаланба. Себебі олар хақ пен илаһи нығметтерді тани әрі біле тұра, қырсықтықтарына байланысты ғана оны қабылдауға әзір емес қырсық адамдар. Олар күпіршілік етеді. Құранның басқа да аяттарында адамдардың көпшілігінің күпіршіліктерінің тамыры хақ пен ақиқатты білмеуі мен танымауында емес. Олар тәкәппарлықтары мен қырсықтықтарына байланысты хақты жасырып, оны қабылдауға дайын болмайды. Осы аяттардан мынадай ой түйеміз:1. Алла адамды хақты тану және оны қабылдау немесе теріске шығаруда ерікті етіп, оған таңдауға рұқсат берді. Әрбір жолдың өзіне тән соңы болады. 2. Ғылым мен таным жеткілікті емес, иман мен ғамал да лазым. 

«Нахыл» сүресінің 84 аяты:

" و یوم نبعث من کلّ امّة ٍ شهیدا ً ثمّ لایؤذن للذین کفروا ولا هم یستعتبون "

Қиямет күні әр үмметтен бір айғақ жібереміз. Қарсы болғандарға рұқсат берілмейді де олардан жақсылық күтілмейді. (84)

Осы аят екеуі де қияметке қатысты екі тақырыпқа тоқталады. Біріншісі, қияметтің куәлері, екіншісі қияметтегі кешірім сұрау. Аят бірінші мәселе туралы былай дейді: олардың сөздері мен істері адамдарға дәлел болып, күнәһарлардың сылтау іздеулеріне жол жабылу үшін әр үмбет пен топтың адамдарының арасынан куәгерлер таңдалынады. Рауаяттар негізі бойынша, исламның ардақты пайғамбарының әулетіне жататын пәк имамдар қиямет күнінің куәгерлері. Себебі олар һәм сол үмбеттің істерінің бақлаушысы әрі куәгерлері, һәм олардың болмыстары адамдарға дәлел. Екінші тақырып тұрғысында осы аят былай дейді: Күнәһарларға өздерінің бұзықтықтарының орнын толтырып, кешірім сұрап, тәубеге келу үшін сөз айтуға рұқсат берілмейді. Себебі адамдардың әрекеттерінің ісі жабылды, енді қайтып ашылмайды. Өлімнің алдында тәубеге келіп, кешірім сұрауға болады. Өлім жеткен соң адамның әрекетінің ісі жабылады. Осы аяттан мынадай қорытынды шығарамыз:1. Алланың әділ сотында төрелік ету үшін Алланың өзі де жеткілікті болғанымен, осы әлемдегі соттар сияқты күнәһарлардың ауыздары жабылуы үшін айғақтар мен куәгерлер болады.2. Қияметте кешірім сұрау мүмкін емес. Кешірім мен тәубе қабылданып, ризашылыққа бөленгенге не жетсін.