Жел 18, 2016 19:18 Asia/Almaty

Нахыл сүресі, 442-ші бөлім, 78-80 аяттар

"Нахыл» сүресінің 78 аяты:

" والله اخرجکم من بطون امّهاتکم لاتعلمون شیئا ً و جعل لکم السّمع والابصار و الافئدة لعلکم تشکرون "

Алла (Т.) сендерді аналарыңның қарнынан еш нәрсе білмейтін түрде шығарды да сендерге есту, көру және ойлау қабылетін берді. Әрине шүкіршілік етерсіңдер. (78)

Алла осы аятта адамның осы маңызды да құнды ерекшелігіне, яғни түсіну және ақыл күшіне ие екендігіне тоқталып, былай дейді: «Анадан дүниеге келген кезде ештеңе білмедіңдер. Бүгінгі білетіндерің Алла сендерге сыйға берген көз бен құлақтың және ақылдың арқасында. Ондай болса, неліктен осындай үлкен нығметтерге шүкіршілік етпейсіңдер?». Осы аяттан үйренетініміз:1.    Бұрынғы олқылықтар мен кем-кетіктерді еске алу адамның бойындағы шүкіршілік рухын жаңғыртады. Сондықтан кейде өзіміздің өткенімізге назар аударғанымыз жөн. 2.     Көз, құлақ және ақыл нығметтерінің шынайы шүкіршілігі ғылым игеруде. Себебі Алла былай дейді: «Сендер білмедіңдер. Мен сендерге шүкіршілік білдірулерің үшін, яғни білім үйренулерің үшін көз бен құлақ бердім».

 «Нахыл» сүресінің 79 аяты:

" الم یروا الی الطير مسخّرات ٍ فی جوّ السّماء ما یمسکهنّ الا الله انّ فی ذلک لایات ٍ لقوم ٍ یؤمنون "

Олар аспандағы бағынышты құсты көрмей ме? Оларды Алладан басқа ешкім ұстап тұра алмайды. Негізінен сонда иман келтірген қауым үшін әлбетте белгілер бар (79).

Алланың нығметтері аталатын осы сүреде адамға берілген көз, құлақ нығметтерін баяндалған соң Құран құстарға тоқталып, былай дейді: «Аспандағы құстардың ұшуы илаһи құдіреттің белгісі. Алла сол мақұлықтарды аспанда ұша алатын қабілетке ие болатындай етіп жаратты. Кейде жалғыз, кейде топтасып, кейде тәртіппен, кейде бей берекетсіз түрде ұшады. Әрбір құстың қанаты ұша алуы үшін оның салмағы мен көлемі және жағдайына сәйкес жаратылған. Егер адам бүгін үлкенді кішілі-ұшақ жасап, аспанда ұша алса, оны құстардан үйренген. Тікұшақтарда болсын, қырғи ұшақтарда болсын қолданылған әдіс-тәсілдердің көбісі құстардың денесінің құрылымында пайдаланылған. Осы аят былай дейді: «Алла құстарды аспанда ұстайды». Бұл жерде айтайын дегені Алла осындай мүмкіндікті әзірлейтін, яғни құстың аспанда ұшып, жерге құлап қалмауы үшін табиғатта заң орнатты. Осы аяттан үйренетініміз:1.Мақұлықтардың, соның ішінде құстардың жаратылысы туралы ойлану Алланың қалауы. Ол адамдардың илаһи жаратылыстарының жүйесі туралы ойлануын қалайды. 2. Адамдардың барлығы құстардың ұшуын көреді. Бірақ иманды адамдар ғана соларды көріп, Алланың құдіретін түсініп, имандары арта түседі. 

«Нахыл» сүресінің 80 аяты:

" والله جعل لکم من بیوتکم سکنا ً و جعل لکم من جلود الانعام بیوتا ً تستخفونها یوم ظعنکم و یوم اقامتکم و من اصوافها و اوبارها و اشعارها اثاثا ً و متاعا ً الی حین ٍ "

Алла (Т.) сендерге үйлеріңді тұрақ қылды. Әрі сендер үшін малдардың терілерінен, тасынған күндеріңде, отырған күндеріңде жеңіл пайдалануларыңа болатын баспаналар, жүндерінен, жабағыларынан һәм қылдарынан бір мерзімге дейін тұтыну бұйымдарын, сауда заттарын пайда қылды. (80).

Осы аят жануарлардың жүні, терісі мен мамығы және қылы туралы айтып, бұл заттардың адамның өміріндегі роліне сілтеме жасайды. Тіпті  жасанды заттардың түр түрі өндірілген бүгінгі заманда және көптеген заттар жасанды заттардан жасалатын кезде табиғи заттардан, жануарлардың терісі мен жүнінен жасалатын заттар ең жақсы деп саналады. Бүгінгі дамыған әлемде ең жақсы киіз үйлер әлі де малдардың жүнінен жасалатын киіз үйлер болып саналады.  Ең сапалы аяқ киімдер мен сырт киімдер де табиғи теріден тігіледі. Одан басқа, әдемі кілемдер жануарлардың табиғи жүндерінен тоқылады. Малшылар Алланың осы нығметтерін өздері ғана пайдаланып қоймайды, сондай-ақ соларды сатып, жақсы табысқа кенеледі. Осы аяттан үйренетініміз:1.Жануарлардың адамның өміріндегі ролі өте үлкен. Бірақ адам олардың өмірлерінде көп рол атқармайды. Себебі адам болмаса да төрт аяқты жануарлар тіршілік етіп, тіршіліктерін жалғастыра алады.  2.Нығметтердің адамның табиғаттағы қажеттіліктерімен үйлесімділігінің өзі адамға берілген илаһи мейірімнің бірі, сондай-ақ илаһи даналық пен хикметтің белгілеріне жатады.