Нахыл сүресі, 441-ші бөлім, 73-77 аяттар
Нахыл сүресі, 441-ші бөлім, 73-77 аяттар
«Нахыл» сүресінің 73-74 аяттары:
" و یعبدون من دون الله ما لایملک لهم رزقا ً من السّموات و الارض شيئا ً و لا یستطیعون " ، " فلا تضربوا لله الامثال انّ الله یعلم و انتم لاتعلمون "
Олар Алладан өзге өздері үшін жер мен көктен бір ризыққа ие болмайтын және дәңеңеге шамалары келмейтін нәрсеге (пұтқа) шоқынады. (73) Алланы еш нәрсеге теңемеңдер. Негізінде Алла әр нәрсені біледі, сендер білмейсіңдер. (74)
Алдыңғы бірнеше бағдарламада Алланың адамдарға берген кейбір нығметтері баяндалып, адамдардың кейбіреуінің сол нығметтерге күпіршілік танытып, шүкірсіздік білдіретіндігі талқыланды. Осы аят алдыңғы аяттардың жалғасында былай дейді: «Мүшріктер пұттарға өздерінің тағдырларына әсері бар деген оймен табынады». Адам өмірінің маңызды мәселелерінің бірі ырзық болып табылады. Ырзық деген аспаннан жауатын ырзықтардан бастап, жерден өсіп шығатын немесе өндірілетін ырзықтардың барлығын қамтиды. Бұлардың ешқайсысы пұттардың ықтиярында емес. Пұттар өз еріктеріне де ие емес, қауқарсыз, құнсыз нәрселер мен жаратылыстар. Бірақ мүшріктер надандықтары мен ырымшылдықтарының салдарынан ғана оларға арқа сүейді. Шын мәнінде адамдардың хақты танымайтындықтарының белгілерінің біріне олардың өмірлерінде ешқандай роль атқармайтын адамдар немесе жансыз нәрселерді Алланың қатарына қойып, оларды да құдай сынды дәреже мен мәртебеде санайтындықтары жатады. Олар тіпті кейде Құдайды патша, пұттарды Құдайдың уәзірлері мен қызметшілеріне теледі. Мүшріктердің мұндай байланыстырулары мен ойлары олардың хабарсыздықтары мен надандықтарының белгісі. Осы аяттардан мынадай ой түйеміз:1. Алладан басқа ешкім адамның ырзығы мен тұрмыс-тіршілігінде рол атқармайды. Ондай болса неліктен Одан басқаны іздеуіміз керек?2. Кейбір адамдардың күпіршіліктерінің себебі хақпен қырсығып, қарсыласуда. Сонымен қатар надандық пен хабарсыздық та адамдардың келесі тобының күпіршілік пен шеркке салынуларының факторы болып табылады. 3. Алланың сипаттарын пенделер мен мақұлықтардың сипаттарымен салыстырмайық. Ешнәрсені Оған ұқсатпайық. Себебі Алла шексіз.
«Нахыл» сүресінің 75-76 аяттары:
" ضرب الله مثلا ً عبدا ً مملوکا ً لایقدر علی شئ ٍ و من رزقناه منّا رزقا ً حسنا ً فهو ینفق منه سرّا ً و جهرا ً هل یستون الحمد لله بل اکثرهم لایعلمون " ، " و ضرب الله مثلا ً رجلین احدهما ابکم لایقدر علی شئ ٍ و هو کلٌَ علی مولاه ، اینما يوجّهه لا یأت بخیر ٍ هل یستوی هو و من یامر بالعدل و هو علی صراط ٍ مستقیم ٍ "
Алла бір мысал берді; біреудің иелігіндегі еш нәрсеге шамасы келмейтін құл мен өзіне бізден көркем ризық берген, сонда ол одан көрнеу, көмес жұмсайтын біреулер тең бола ала ма? Барлық мақтау Аллаға тән. Бірақ олардың көбі білмейді. (75) Тағы Алла (Т.) екі кісіні мысал келтірді; екеуінің бірі сақау, шамасы түкке келмейді. Ол қожайынына жүк. Оны қайда жұмсаса да хайыр келтірмейді. Міне осы, әділетті әмір етіп, тура жолмен жүрген кісімен тең бе? (76)
Алдыңғы аятта мүшріктер Алла туралы мысал келтіріп, Оны мен пұттардың байланысын патша мен уәзірдің байанысындай деп атайды дедік. Осы аяттар былай дейді: «Бірақ Алла басқаша мысал келтіреді. Алла бірі азат, екіншісі құл екі адамнан мысал келтіреді. Азат адам – байлық пен мал-мүліктің иесі. Ол өзі қаншалықты қаласа соншалықты содан пайдаланып, басқаларға береді. Бірақ тіпті өзінің тіршілігінің де иесі емес құл қалайша басқаларға игілік бере алады? Бұл мысал Алланың жаратылыс жүйесіндегі орнын баяндайды. Алла барлық мақұлықтардың Иесі әрі Ырзықтандырушысы. Барлық жаратылыс иелері Оның құлдары әрі Оның құдіретіне тәуелді.Алла баяндаған келесі мысалда пұттар не басқалардың қажеттіліктерін түсіну күшіне ие емес, не сол қажеттіліктерді баяндай да алмайтын, не соны орындай да алмайтын меңіреу, мылқау, шын мәнінде ешқандай пайдасы жоқ адамдарға теңестірілген. Бірақ оларға қарсы Алла һәм естиді, һәм қажеттіліктерді шеше алады, һәм әділет пен ынсап негізі бойынша бұйрық беріп, амал етеді. Себебі Оның жолы тура, орта, кез келген қисықтық пен бұрмаланушылықтан алыс жол. Тура жол – оны бұрмалаушылыққа душар етпей, мақсаты жаққа нұсқайтын жарық жол. Осы аяттардан мынадай тұжырым жасаймыз:1. Діни және рухани істерді түсіндіруде адамдар теріс және бұрыс түсінбеулері үшін лайықты және дұрыс мысалдар мен тәмсілдерді пайдалану керек. 2. Алланың жолы бірқалыпты және орта, ой мен амалдағы кез келген әсірешілдіктен ада жол. Осы тура жол.
«Нахыл» сүресінің 77 аяты:
" ولله غیب السّموات والارض و ما امر السّاعة الا کلمح البصر او هو اقرب انّ الله علی کل شئ ٍ قدیرٌ "
Көктердегі және жердегі сыр Аллаға тән. Қиямет сағаты кірпік қаққандай, тіпті одан да жақынырақ. Сөзсіз, Алланың әр нәрсеге күші толық жетуші. (77)
Алдыңғы аяттардың жалғасында осы аят былай дейді: «Егер сендер аспан мен жердің азғана бөлігінен хабардар болып, соларды танысаңдар мынаны білгендерің жөн: аспан мен жерде сендердің ақылдарың мен көздеріңнен жасырын көптеген істер бар. Алладан басқа ешкімнің одан хабары жоқ. Сендердің барлықтарыңның өлімнен кейінгі істеріңнің соңы Алламен байланысты. Оның құдіреті соншалықты, барлық әлемдіктер мен адамдарды көзді ашып жұмғаннан да тез уақытта қайтадан тірілтіп, Өзінің әділ Сотына келтіреді. Осы аяттан үйренетініміз:1.Алла ғайыптан хабардар ғана емес, сонымен қатар ғайыптың да Иесі. Оның иелігінен ештеңе де тыс емес. 2. Жер мен аспан сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Алла сол екеуден де хабардар. Қияметте ғаламның іші де адамдарға көрінетін болады.