Жел 18, 2016 19:27 Asia/Almaty

Нахыл сүресі, 439-шы бөлім, 66-69 аяттар

«Нахыл» сүресінің 66 аяты:

" و انّ لکم فی الانعام لعبرة ً نسقیکم ممّا فی بطونه من بین فرث ٍ و دم ٍ لبنا ً خالصا ً سائغا ًَ للشاربین "

Шын мәнінде сендер үшін малдарда ғибрат бар. Малдың қарнындағы қан-жынның арасынан шыққан ішушілерге сүйкімді нағыз сүтті сендерге ішкіземіз. (66)

Өткен бағдарламада жаңбыр нығметі жердің тіршілігіне себеп болады деп айттық. Осы аят Алланың келесі бір нығметі сүт туралы айтады. Өмірдің мәйегі суды аспандағы бұлттардың арасынан жаудыратын Алла барлық сүт тағамдарының негізі болып табылатын сүтті жануарлардың қорытылған қоректері мен тамырларының арасынан өткізеді. Бірақ сүттің тазалығы мен пәктігі соншама не жас тезектің не қанның түсі мен иісі жоқ. Алла Тағала әрбір жануардың ішінде көк шөппен қоректену арқылы адамға түсі ақ таза сүт беретіндей орасан бір өңдейтін зауыт орнатқан сынды. Сүт һәм шөлді қандыратын, һәм қорек болатын әрі адамның дене-бітімі мен ақылының дамуы үшін өте әсерлі дәмді сусын. Осы аяттан үйренетініміз:1. Жануарлардың ішінде сүттің өндірілу және оның малдың ішіндегі қан-жынының арасынан шығу жүйесі Алланың ұлы құдіреті мен Оның адамдарға қатысты шексіз рақымының көрсеткіші. Сол себепті бұл адамға ғибрат болуы керек. 2. Ықыластың қажеттілігі қоғамдағы қозғалыс пен кеңістіктің жақсы және жаман факторларының арасынан өтуде адам кеңістіктің түсі мен иісін қабылдамайтындай болу керек. 

«Нахыл» сүресінің 67 аяты:

" و من ثمرات النّخیل والاعناب تتخذون منه سکرا ً و رزقا ًحسنا ً انّ فی ذلک لایة ً لقوم ٍ یعقلون "

Құрма ағаштарының жемістерінен және жүзімдерден арақ әрі көркем қорек жасап аласыңдар. Рас мұнда ойлаған елге анық үлгі бар. (67).

Табиғи және илаһи сусындар су мен сүт нығметтері туралы баяндаған соң осы аят жемістерді сығу арқылы жасалатын сусындарға тоқталып, былай дейді: «Сендер құрма мен жүзімнің шіресінен сусын дайындайсыңдар. Бірақ шарап сынды кейбір ішімдіктер адамды масайтады, ал кейбіреулері сергітеді. Бұл да сендер үшін ғибрат болуы керек. Алланың сендерге тарту еткендерінің барлығының пәк әрі таза екендігінен сабақ алыңдар. Солардың барлығын лас нәрсеге айналдыратын өздеріңсіңдер. Осы аяттан үйренетініміз:1.    Жемістердің арасында құрма мен жүзім адамның қоректенуінде ерекше орынға ие. Адамның осы екі өнімнен алатын өнімдерінің түрі өте көп.  Алла жаратқан нәрсенің бәрі жақсы. Кейде соларды теріс пайдаланып, бұрыс тұтынатын мына өзіміз. 

«Нахыл» сүресінің 68-69 аяттары:

" و اوحی ربّک الی النحل ان اتخذی من الجبال بیوتا ً و من الشجر و ممّا یعرشون " ، " ثم ّ کلی من کلّ الثمرات فاسلکی سبل ربّک ذللا ً یخرج من بطونها شرابٌ مختلفٌ الوانه فیه شفاء للنّاس انّ فی ذلک لایة ً لقوم یتفکرون "

(Мұхаммед Ғ.С.) Раббың араға: “Таулардан, ағаштардан ұя жасап ал!”, - деп нұсқады. (Жаратылыс қабілет берді.) (68) “Сонсоң әр түрлі өсімдіктен же де Раббыңның қолайластырған жолына түс!” Араның қарындарынан түрлі-түсті бал шығады. Онда адам баласы үшін шипа бар. Шынында мұнда да ойланатын қауым үшін ғибрат бар (69).

Сүт нығметін баяндаған аяттан соң осы аят Алланың адамға тарту еткен келесі бір үлкен нығметтерінің бірі  бал туралы сөз қозғап, былай дейді: «Бал арасына таулар мен далаларда ұя салып, гүлдердің шырынын соруды Алла үйреткен. Осынау кішкентай жәндіктің ішіне араның жинаған нәрсесін емдік затқа айналдыратын орасан өндеу зауытын Алла орналастырған. Егер адам жемістерден  масайтатын өнімдер жасаса, бал арасы жемістерден емдік бал шығарады. Бал ешнәрсе оны бұза алмайтын және барлық адамдарға пайдалы зат. Кіп-кішкентай жәндіктің һәм емдік бал жасап, һәмбойынан қатерлі у шығаратыны қызық. Ондай болса адам ойланып, Алланың құдіреті мен хикметін түсініп, Алланың нығметтерінен дұрыс тәсілмен пайдалануы керек. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Жан-жануарлардың әрекеттері Алла олардың құрылымдарына орналастырған инстинкт негізі бойынша жүзеге асады. Алланың пайғамбарларға түсіретін уәһиі жетекшіліктің мәйегі болатындай инстинкт жан-жануардың жаратылыс жолындағы жетекшілігіне себеп болады. 2. Бал арасы сияқты кішкентай жәндіктің бойынан у бөліп шығаруымен қатар ұя салу, бал жасаудағы мүмкіндігі илаһи құдірет пен жаратылыс ғажайыптары белгілерінің бірі.