Нахыл сүресі, 438-ші бөлім, 62-65 аяттар
Нахыл сүресі, 438-ші бөлім, 62-65 аяттар
«Нахыл» сүресінің 62 аяты:
" و يجعلون لله ما یکرهون و تصف السنتهم الکذب انّ لهم الحسني لاجرم انّ لهم النّار و انّهم مفرطون "
Олар өздері жек көрген (қыздар)ды Аллаға ұйғарып, тілдерімен, “Жақсы нәрселер өздеріне тән” деп өтірік айтады. Шәк жоқ! Оларға тозақ бар. Рас олар, сүйреліп барушылар. (62)
Алдыңғы бағдарламада мүшріктердің бұрмаланған және ырымшыл ойлары мен сенімдері негізі бойынша қыздарды ұят пен масқарашылдықтың себебі деп санап, сөйте тұра періштелерді Алланың қыздарына балап, оларды Алламен байланыстырғандарын айттық. Осы аят былай дейді: «Өздерін жақсы әрі басқалардан артық деп санап, Аллаға қатысты осындай үлкен өтірік айтуға тілдері қалай барады?» Осы аяттан сынадай ой түйеміз:1. Өзіміз ұнатпаған нәрсені басқаларға телмейік. Біздің Жаратушымыз әрі Иеміз Аллаға айтқан соң не жорық?!2. Өзімізді басқалардан артық деп санамайық. Өзіміздің ойымыз бен қиялымызда «соңында бізге игілік бұйырады» деп босқа ойламайық.
«Нахыл» сүресінің 63 аяты:
" تالله لقد ارسلنا الي امم من قبلک فزيّن لهم الشّيطان اعمالهم فهو وليّهم اليوم و لهم عذابٌ اليم "
Аллаға серт! (Мұхаммед Ғ.С.) Расында сенен бұрын да үмметтерге елшілер жіберген едік. Сонда да шайтан оларға өз қылықтарын көркем етіп көрсетті. Сондықтан бүгінде ол олардың досы. Оларға күйзелтуші азап бар. (63)
Мүшріктердің ислам пайғамбарымен қатынастары өте жаман әрі ұнамсыз болды. Пайғамбардың оларды исламға шақырған талпыныстары мүшріктердің көңіл аудармауларымен бетпе-бет келді. Бұл іс пайғамбардың ренішіне себеп болды. Осы ая пайғамбарды жұбатып былай дейді: «Тарих барысында да осылай болды. Пайғамбарлардың барлығы мұндай қатынастармен кездескен. Сол себепті олардың құлықсыздықарына бола алаңдама». Дей тұрғанмен осы аят адамға төніп тұрған маңызды қатерге тоқталып, былай дейді: «Шайтан адам қабылдап, істеп, сол жаман істерден оңайлықпен бас тартпайтындай жаман істерді көркем етіп көрсетеді». Осы аяттан үйренетініміз:1. Әртүрлі қауымдарға пайғамбарлар жіберу тарих бойында болған илаһи бір сүннет. 2. Шайтанның адамға әсер ету жолы сұрықсыздарды әсемдеп, жамандарды ақтауы.
«Нахыл» сүресінің 64 аяты:
" و ما انزلنا عليک الکتاب الا لتبين لهم الذي اختلفوا فيه و هديً و رحمة ً لقوم ٍ يؤمنون "
Саған Құранды олардың қайшылыққа түскен нәрселерін анықтауың және иман келтірген ел үшін тура жол әрі игілік түрінде ғана түсірдік. (64)
Осы аят Құран кәрімді жетекшілік кітабы деп таныстырады. Адамды бақыт пен құтқару үшін түсірілген және адамды илаһи рақымға жеткізіетін кітап. Жетекшіліктің қажеттілігі хақ жолын жалған жолдан ажыратып, осы жолдардың әрқайсының ерекшеліктері мен осы жолдарды өтетін адамның соңын түсіндіру екендігі түсінікті. Егер адамдар хақ пен жалғанды Алланың кітабы негізінде таныса, жетекшіліктің бұлағына жетіп, иманды адамға айналады. Осы аяттан мынадай ой түйеміз:1. Ой мен көзқарас айырмашылықтарындағы хақ пен жалғандықтың өлшемі Құран кәрім. Пайғамбардың міндеті осы істі Алланың кітабы негізінде түсіндіру. 2. Илаһи рақымға бөленудің шарты Оның жетекшілігін қабылдау. Илаһи жетекшілікті қабылдамайтын адам қалайша Оның рақымын күтеді?
«Нахыл» сүресінің 65 аяты:
" والله انزل من السّماء ماءً فاحیا به الارض بعد موتها انّ في ذلک لاية ً لقوم ٍ يسمعون "
Алла аспаннан жаңбыр жаудырып, өлген жерді кейін онымен жандандырды. Негізінде бұнда тыңдаған қауым үшін әрине үлгі бар. (65)
Адамдардың аспандық кітаптар арқылы жетекшілігіне сілтеме жасаған алдыңғы аяттан соң осы аят былай дейді: «Алла Тағала өлі жерді де жаңбыр жаудырып тірілтеді. Ия, жаңбырды жаудырғаны сынды Құранның түсірілуі өмір мен адамдардың құтқарылуының себебі. Илаһи белгілерді естіп, солар жайлы ойланатын адамдар өмір бойы солардың жолдауларын пайдаланады. Көктемнің келуі Алланың белгілерінің бірі. Себебі ағаштар мен шөптер қайтадан жанданып, өлі жер тіріледі. Қияметте де өлген адамдар илаһи қалау арқылы қайтадан тіріледі. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Адамдар мен барлық тіршіліктің өмірінің мәйегі су илаһи ең үлкен нығметтердің бірі. Жаңбырдың жаууы басқа да табиғи және материалды құбылыстар сынды Алланың қалауымен жүзеге асады. 2.Құран Кәрімді оқып, есту адамның жүрегі мен жанының жандануы мен мағрифат пен танымға жетуінің мәйегі.