Жел 18, 2016 19:37 Asia/Almaty

Нахыл сүресі, 437-ші бөлім, 58-61 аяттар

«Нахыл» сүресінің 58-59 аяттары:

" و اذا بشّر احدهم بالانثي ظلّ وجهه مسودّا و هو کظيم " ، " یتواري من القوم من سوء ما بشّر به ایمسکه علي هون ام يدسّه في التراب الا ساء مايحکمون "

Егер олардың біреуі қызбен шүйіншіленсе, оны ашу қысып, беті қап-қара бола бастайды (58). Өзіне берілген жаман хабардың салдарынан елден жасырынады. Оны қорлыққа шыдап ұстау немесе топыраққа көміп тастау керек пе? Ал олар нендей жаман үкім береді (59).

Алдыңғы бағдарламада мүшріктердің періштелерді Алланың қыздарына балағандарын айттық. Осы аят былай дейді: «Олар өздері қыздарды ұят пен қорлықтың себебі деп санай тұра, Алла мен періштелердің арасына бұрыс байланыс орнатпақ болды. Егер олардан біреу «сіздің зайыбыңыз қыз бала туды» деп сүйінші сұраса, қайғыдан қапа болып, жұрттан іргесін аулақ салатын. Әлгі адам осы қорлықты қалай қабылдайтындығы немесе дүниеге келген қыз баланы тірідей көрге тастау туралы ойланатын. Тарихта арабтар арасында қыз баланы ұят деп санауларының себебі мынада: шөл даланы мекен еткен тайпалар көбінесе соғыс пен қақтығыста болған. Соғыс алаңында қыз баланың соғысып, күресуге шамасы жоқ. Сонымен қатар тайпа жеңіліске ұшырған жағдайда қыздар дұшпанның құлдығына түсіп, кәнизәк ретінде дұшпанның қорлығына душар болатын. Алайда сол жәһілдік кезеңде Құран мен ислам қыздарға өте үлкен мән берді. Пайғамбар қыздарға мейірімділік көрсету тұрғысында көп тапсырды. Алланың ардақты елшісі өзінің қызы Фатеме Заһраға ерекше көңіл бөлген. Осы аяттардан үйренетініміз:1.    Егер бүгінде адамзат қоғамдарының кейбіреуі ұл баланы қыз баладан артық деп санаса, сол қоғамдарда надандық ой-пікірлер әлі де сақталған деп айтуға болады. 2.    Кейбір адамдардың бойында ырымшылдық пен бұрыс ойлардың ролінің күштілігі соншама, олар кейбір кездері ең айқын адами принциптерге көз жұмбайлық танытуға әзір болады. Жәһілдік кезеңде әкелер ырымшыл ойлардың әсерімен өздерінің қыздарын тірідей көрге көмген. 3.    Аспандық діндер, әсіресе ислам діні қыздар мен әйелдерге қатысты ырымшыл наным-сенімдерді қатты айыптады.

 «Нахыл» сүресінің 60 аяты:

" للذين لا يؤمنون بالاخرة مثل السّوء ولله المثل الاعلی و هو العزيز الحکيم "

Сондай ахиретке сенбеген үшін мысалдың жаманы болады. Мысалдың жоғарысы, Аллаға тән. Ол үстем, хикмет иесі. (60)

Алдыңғы аяттарда мүшріктердің ырымшыл сенімдері баяндалған соң, осы аят былай деді: «Ой мен іс-әрекеттегі барлық бәленің бастауы ақыретке деген сенімнен алыс болуда. Ешбір иманды адам өзіне Алланың мақұлығын ұят және төмен деп санауға  рұқсат бермейді, Алланың сыйы болып табылатын өмірді одан тартып алуға батылы бармайды. Барлық ізгі және жоғары сипаттар Аллаға тән. Мүміндер барлық ғамалдарында илаһи сипаттарға жақындауды мақсат етіп, осынау көркем де ізгі қасиеттерді өздерінің бойларында тәрбилеуге тырысады. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Шерк пен күпіршілік – барлық жамандықтың бастауы. Иман мен ықылас – барлық жақсылық пен пәктіктің бастауы. 2. Абырой, құдірет пен барлық кәмілдік Аллаға тән. Адам кәмілдікке жету үшін Алланың сипаттарынан үлгі алуы керек.

 «Нахыл» сүресінің 61 аяты: 

" و لو يؤاخذ الله الناس بظلمهم ما ترک عليها من دابة ولکن يؤخّرهم الي اجل مسمّي فاذا جاء اجلهم لايستاخرون ساعة و لايستقدمون "

Алла адам баласын олардың кесірлеріне байланысты қолға алатын болса, жер жүзінде ешбір жәндік қалмас еді. Бірақ оларды белгілі бір мерзімге дейін кешіктіреді. Ал, қашан олардың олардың мерзімі келсе, Олар оны, бір сәтке кейіндете алмайды да ілгерілете алмайды. (61)

Осы аят илаһи сүннеттегі жалпы екі қағидаға сілтеме жасап, былай дейді: «Күнәһар адамдарға мұрсат беру Алланың сүннеті. Себебі, егер Алла әр күнәсі үшін күнаһарларды жазалайтын болса, жер бетінде ешбір адам қалмай, адамзаттың тіршілігі тоқтаған болар еді. Сол себепті Алла оларға мұрсат береді. Бұл мұрсат бір топ үшін осы дүниеде, келесі бір топ үшін қияметке дейін. Алланың келесі сүннеті Оның мұрсатының белгілі уақыты мен ажалдың мерзімінің анық болуында. Азаптың түсірілу уақыты немесе адамдардың ажалдары жеткен кезде бұл мәселе не кейін шегерілмейді, не тездетілмейді. Сол кезде ешнәрсе Алланың қалауына кедергі бола алмайды.  Осы аят күнәнің бүлдіргі роліне сілтеме жасап, былай дейді: «Адамдардың күнәсі олардың өлімдерінің себебі ғана болып қоймайды, сондай-ақ тірі мақұлықтарға да қауіп төндіреді. Бұл адам тарапынан барлық жаратылыс үшін қатердің бар екендігінің белгісі».  Осы аяттан мынадай ой түйеміз:1. Күнәнің кез келген түрі: өзіне немесе басқаларға зұлымдық жасау илаһи сүннет негізі бойынша өлімнің себебі. Бірақ адам тәубеге келіп, өткеннің орнын толтырса жағдай басқаша. 2. Алланың зұлымдар мен күнәһарларға беретін мұрсаты Алланың қапылдығының немесе олардың дұрыстығының дәлелі емес. Себебі Алланың жазасы тағайындалған уақытта түсіріледі.