Нахыл сүресі, 436-шы бөлім, 53-57 аяттар
Нахыл сүресі, 436-шы бөлім, 53-57 аяттар
«Нахыл» сүресінің 53-54 аяттары:
" و ما بکم من نعمة ٍ فمن الله ثم اذا مسّکم الضر فاليه تجئرون " ، " ثم اذا کشف الضر عنکم اذا فريق منکم بربّهم يشرکون "
Сендердегі әр нығмет Алладан. Сонан кейін сендерге зиян жетсе, сонда оған жалбарынасыңдар. (53) Сонан соң Ол қиыншылықты айықтырған сәтте, бір бөлімдерің Раббыларына ортақ қосады. (54)
Құран Кәрімнің басқа аяттарында да қайталанған осы аяттардың мазмұны екі мәселені қуаттайды: біріншісі, сендердің нығметтерің мен иеліктеріңдегінің барлығы, дене мен жеке бас нығметтері болсын; су, топырақ, шөп, жануарлар мен жер және аспан сынды сыртқы, табиғи нығметтер болсын, барлығы Алла тарапынан. Ондай болса неліктен басқаларды Алланың қатарына қойып, соларға бағынасыңдар? Алланың орнына Алладан басқаға бойсұну Аллаға серік қосу деген сөз. Осы аяттар қуаттаған екінші мәселе ол адам әркез, табиғи түрде немесе ауру мен тауқіметтің салдарынан қайғы-қасіретке душар болған кезде Алланы іздеп, Одан өздерінің мәселелерін шешуді сұрайды. Бірақ мәселелері шешілген кезде Алланы ұмытып, басқаларды өздерінің қиындықтарын шешудің факторы болды деп шығады. Мұның өзі Аллаға серік қосудың бір түрі. Осы аяттан үйренетініміз:1. Илаһи нығметтердің арқасындағы бақуаттылық пен тыныштық шеркке ұластыратын Алладан қапыл қалуымызға себеп болудан абай болайық.1. Аллаға иман келтіру мен Алланың дәргаһына жалбарыну белгілі бір кезеңде, қиындықтар мен мәселелер туындаған кезде ғана емес, тұрақты әрі үздіксіз болу керек.
«Нахыл» сүресінің 55 аяты:
" ليکفروا بما آتيناهم فتمتعوا فسوف تعلمون "
Олар берген нығметтерімізге шүкіршілік етпейді. Әзірше пайдалана тұрыңдар, жедел білесіңдер! (55).
Осы аят алдыңғы аяттардың жалғасында былай дейді: «Нығметтерге кенелген кезде немесе түйткілдерің шешілген кезде Аллаға серік қосудың нәтижесі адамның шүкірсіздігі мен Алла оған сыйға тартқан нәрселер тұрғысында күпіршілік етуінде. Осындай жағдайда шүкірсіз адамның осы дүние мен ақыретте илаһи қаһарға душар болатындығы түсінікті. Мұндай адамның нығметтерге ие болуына қарамастан сол нығметтерді пайдалануы оның бақытына себеп болмайды. Аталмыш нығметтер оның азабы мен жазасының факторы болуы мүмкін. Осы аяттан үйренетініміз:1. Илаһи нығметтерге шүкіршілік білдірмеу илаһи қаһарға соқтыратын шерк пен күпіршіліктің бір түрі. 2. Адамдар күпіршілік танытқанымен Алла оларға қатысты өзінің нығметтерін үзіп тастамай, адамның табысқа жетуіне рұқсат береді. Бірақ бұл шын мәнінде Алла тарту еткен мұрсат пен мүмкіндік.
«Нахыл» сүресінің 56-57 аяттары:
" و يجعلون لما لايعلمون نصيبا ً ممّا رزقناهم تالله لتسئلنّ عمّا کنتم تفترون " ، " و يجعلون لله البنات سبحانه و لهم ما يشتهون "
(Мүшіріктер) өздеріне берген нәсібемізден не екенін білмейтін пұттарға сыбаға арнайды. Аллаға серт! Бұл жасама қылықтарыңнан әлбетте сұраққа тартыласыңдар. (56) Тағы олар Аллаға қыздарды ұйғарды. (Періштелерді Алланың қыздары дейді.) Алла одан пәк. Өздері үшін қалағанын (ұлды) арнайды. (57
)Осы аяттар мүшріктердің ырымшыл, жөнсіз наным-сенімдері мен әрекеттеріне сілтеме жасап, былай дейді: «Олар илаһи нығметтердің үлесін пұттар мен пұтханаларға бөліп, осы салада қаржы жұмсайды. Олар қандай құқық бойынша осылай істейтіндіктері мен шерк пен пұтқа табынушылық жолында илаһи нығметтерден пайдаланатындықтары туралы өздерінің істеріне жауап берулері керек». Аяттар жалғасында былай дейді: «Мүшріктер періштелерді Алланың қыздарына балайды». Олардың осы ойларында үш негізгі ауытқушылық бар: 1. Біріншіден, Алланың перзенті жоқ бола тұра мүшріктер Оған перзент таңды. Екіншіден, періштелерді қыздарға балады. Шынтуайтында олар қыз, ұл немесе әйел және еркек деп бөлінбейді. Үшіншіден, мүшріктер қызды ұяттың себебі деп санап, оларды тірідей көрге көмген. Осы оймен өздері ұяттың себебі деп санаған нәрсені Алламен байланыстырған. Осылардың барлығы мүшріктердің жауап беруі керек өтіріктері мен жала жабушылықтары болып табылады. Бірақ олардың өздерінің осы қылықтарына жауап бере алмайтындықтары анық. Осы аяттардан мынадай қорытынды шығарамыз:1. Сырттай сол нығметтердің иесі сияқты болып көрінгенімізбен, Алла риза емес жерде илаһи нығметтерді шығындауға хақымыз жоқ. 2. Олардың өздері де болашақтарынан хабарсыз заттар мен адамдарға сеніп оларға арқа сүйеу Аллаға жала жабудың бір түрі.3. Алланың материалды және дүниелік мейірімдері барлық адамдарды, тіпті адасушыларды да қамтиды. Алла Тағала нығметтерін осы дүниеде ешкімнен аямайды.