Жел 18, 2016 19:51 Asia/Almaty

Нахыл сүресі, 435-ші бөлім, 48-52 аяттар

«Нахыл» сүресінің 48 аяты:

" اولم یروا الی ماخلق الله من شئ ٍ يتفيّؤا ظلاله عن الیمين والشمائل سجّدا ً لله و هم داخرون "

(Сәжде аяты) олар Алланың жаратқан нәрселерінің оң және сол жақтардан ауытқып, Аллаға бас қойған түрде, олардың бой ұсынғанын көрмей ме? (48)

Осы аят «Алланың барлық мақұлықтары мен Оның жаратылыстары ғана емес, сонымен қатар олардың көлеңкелері де Алланың алдында сәжде жасап, Оған мойынсұнады» дегенді айту үшін жерге түсіп, бойұсынған кейіптегі заттардың көлеңкесін сәжде жасаған қалыпқа теңейді. Барлық мақұлықтардың илаһи заңдар мен ережелерге мойынсұнатындықтары әрі олардың Алла  табиғи болмыстарына орнатқан нәрседен сәл де болса ауытқуларына болмайтындығы түсінікті. Басқаша айтқанда олар Жаратушыға мүлтіксіз бағынады. Жолдарына қойған нәрседен титтей де болса да ауытқымайды. Заттардың өзі Алланың қалауына осылайша бағынғанда олардың болмыстарына бағынатын заттардың көлеңкесі де Алла орнатқан табиғи заңдарға солай бағынады.  Осы аяттан мынадай ой түйеміз.1.     Жаратылыс пен табиғаттың жүйесі – мейлі зат, мейлі олардың қасиеттері мен қажеттіліктері болсын, барлығы илаһи әмір мен Алланың қалауына бағынады.2.    Жаратылыстың барлығы Аллаға сәжде жасап, Аллаға жалбарынғанда адам неліктен осы жүйеден ерекшеленіп, Аллаға сәжде жасаудан бас тартуы керек?

 «Нахыл» сүресінің 49-50 аяттары:

" ولله یسجد ما فی السّموات و ما فی الارض من دابة والملائکة و هم لایستکبرون " ، " یخافون ربّهم من فوقهم و یفعلون ما یؤمرون "

Көктерде және жерде болған әр жандық әрі періштелер, тәкапарланбай Аллаға сәжде қылады. (49) Өздерінен үстем болған Раббыларынан қорқады. Әрі берілген бұйрықтарды орындайды. (50)

Жаратылыс иелерінің сәжде ететіндіктері туралы алдыңғы аяттың жалғасында осы аят былай дейді: «Жердегі жаратылыс иелері мен бойларында жандары бар тіршілік иелері ғана емес, сонымен қатар періштелер сынды аспандық жаратылыстар да Аллаға үнемі бағынған, бойсұнушы және сәжде етуші күйде болады. Олар Алланың алдында ешқандай тәкәппарлық пен бағынбаушылық танытпайды. Себебі Алланы өздерінің қасында және бақылаушы деп санап, ешқандай бұзушылыққа рұқсат етпейді. Жаратылыс иелері мен мақұлықтардың сәжде жасаудағы мақсаты не екендігі туралы екі түрлі көзқарас бар: бірінші көзқарас ол жаратылыс иелерінің сәжде жасауы жаратылыс заңдары алдындағы жаратылыстық мойынсұнушылық.  Бірақ келесі көзқарас бойынша сәждеге жығылудағы мақсат түсінік пен түйсікке байланысты. Бұл іс біздердің, адамдардың түсініктері мен түйсіктерінен тысқары. Құранның басқа аяттарын талқылаудан екінші көзқарастың Құранның көзқарасы екендігі түсінікті болады. Себебі Құран басқа бір жерде былай дейді: «Жаратылыстың жалбарынуы мен сәжде жасайтындығы сендердің қолдарынан келмейді». Алайда алғашқы мағынадағы сәждені біз де түсініп, ұғамыз. Олай болса бұл жерде түйсік арқылы жасалатын сәжденің түрі, жүре пайда болған емес, табиғи түйсік туралы айтылған. Осы аяттардан мынадай ой түйеміз: 1. Осы планетада ғана емес, сондай-ақ басқа планеталарда тіршілік иелері бар. Себебі «Шура» сүресінің 29 аятында осы мәселеге сілтеме жасалған. 2. Біз Алладан күнәларымызға байланысты қорқамыз. Бірақ періштелердің Алладан қорқуы Алланың дәрежесі мен ұлылығынан туындайды. Періштелер Алладан  пайғамбарлар мен илаһи елшілердің қорыққандары сынды қорқады. 3. Періштелер әрбір істі  дұрыс және толық түрде орындайтын илаһи құрылғының пәк әрі бейкүнә қызметшілері 

«Нахыл» сүресінің 51 аяты:

" و قال الله لاتتخذوا الهين اثنين انّما هو اله واحد فایّاي فارهبون "

Алла (Т.): “Екі құдай жасап алмаңдар. Шын мәнінде, Ол, бір-ақ Құдай. Ендеше. Менен ғана қорқыңдар” деді. (51).

Жаратылыстың Алланың алдында мойынсұнушылығын баяндаған соң осы аят былай дейді: «Сендердің Жаратушыларың біреу екендігіне қарамастан әрі Одан басқа ешкімнің табынуға лайық еместігіне қарамастан, сендер адамдар неліктен Аллаға серік қосып, басқа жаратылыс иелері мен кейбір адамдарды  Алланың қасына қоясыңдар?  Егер адам Алладан басқаны көрмей, Одан басқаға табынбаса оның басқалардан қорықпайтындығы, тек Құдайдан қорқатындығы түсінікті. Бұл қорқыныш оқушының мұғалімнен қорқуы оның ғылыми және мінез-құлықтық дамуына себеп болатындығы сияқты адамның міндеттерін орындауда, дамуында және кәмілдікке жетуде мұқият болуына себеп болады. Осы аяттан үйренетініміз:1.    Жаратылыс істерінің даналығындағы қарама-қарсы екі бастауға – игілік пен жамандыққа деген сенім жалған сенімдер болып табылады. Біздің көзқарасымыз бойынша жамандық болып көрінгенімен барлық нәрсе Алла тарапынан. 2. Алладан басқадан қорқу шерктің бір түрі. Мүмін Алладан басқа ешкімнен қорықпайды. 

«Нахыл» сүресінің 52 аяты:

" و له ما فی السّموات والارض و له الدّین واصبا افغیرالله تتقون "

Көктерде және жерде болған нәрселер Оның иелігінде. Ұдайы құлшылық Аллаға тән. Алладан басқадан қорқасыңдар ма? (52).

Алдыңғы аяттың жалғасында осы аят былай дейді: Һәм жаратылыс пен табиғат жүйесі, һәм шариғат жүйесі барлығы Аллаға тиесілі. Одан басқа ешкім ештеңені жаратқан жоқ, Одан басқа ешкім заң шығарып, міндет жүктемейді. Осы аяттардан үйренетініміз:1.    Тек бір Алланың алдында ғана табынып, құлшылық етуге рұқсат етіледі. Алланың бұйрығымен болмаса, басқа ешкімге мойынсұнуға болмайды.2.    Жаратылыс заңын тағайындауға соның жаратушысы болып табылатынның ғана хақысы бар.