Жел 18, 2016 20:06 Asia/Almaty

Нахыл сүресі, 434-ші бөлім, 43-47 аяттар

«Нахыл» сүресінің 43-44 аяттары:

" و ما ارسلنا من قبلک الا رجالا ً نوحی اليهم فاسئلوا اهل الذکر ان کنتم لا تعلمون " ، " بالبینات و الزبر و انزلنا الیک الذکر لتبیّن للناس ما نزّل الیهم و لعلهم یتفکرون "

(Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрын да өздеріне уахи етіп, еркектерді ғана өзіне елші етіп жібердік. Егер білмесеңдер, кітап иелерінен сұраңдар. (43) Мұғжизалармен, кітаптармен (пайғамбарлар жібердік.) Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп, Құранды түсірдік. Әрине олар түсінер. (44)

Тарихи рауаяттарда кейбір мүшріктердің Алланың пайғамбарлыққа адамды таңдағаны үшін шәк пен күмән келтіріп, олардың Алла тарапынан осындай жауапкершілікке періштелер сынды жаратылыс иелері тағайындалар деп күткендігі айтылған. Осы аяттар былай дейді: «Алланың адамды пайғамбарлыққа таңдауы алғашқы рет емес. Әйтседе сендер осы мәселеге таңырқап, оны қабылдаудан бас тартасыңдар. Басқа діндердің ізбасарлары мен кітап иелерінен олардың пайғамбарлары да өздері сынды адам болды ма, соны сұраңдар. Бұл тарихта болған іс. Нұх, Ибраһим, Мұса және Иса сынды үлкен пайғамбарлар да Алланың сөздерін адамдарға жеткізуде илаһи міндетті атқарып, әрқайсысы өздерінің сөздерін дәлелдеу үшін мұғжизалар әкелген адамдар болған.  Бұрынғы пайғамбарлар сияқты ислам пайғамбарының қолында һәм Алланың сөздері жазылған аспандық кітап, һәм өзінің пайғамбарлығын дәлелдейтін мұғжизалары бдолды. Сол мұғжизалардың ең маңыздысы – Құран Кәрім – адамдарға жетекшілік ету үшін түсірілген, пайғамбар оны адамдарға анық тәсілмен түсіндіріп, тәпсірлеуге міндетті әрі адамдар да сол туралы ойланып, содан пайдаланулары керек кітап. Осы аят сондай-ақ бір жалпы принципке сілтеме жасайды. Ол ғалымдар мен данышпандарға және діндарларға жүгінуге сілтеме жасайды. Рауаяттар негізі бойынша оның ең маңызды үлгілері пайғамбар әулеті болып табылады. Пайғамбар әулетінің ғылымы илаһи шексіз ғылымнан бастау алатын пайғамбарлық ғылымның көзі болып табылады.  Осы аяттардан үйренетініміз:1. Адамдарға дәлел аяқталып, олар «пайғамбарлар әкелген нәрселерді жүзеге асыра алмадық» деп айтпас үшін илаһи пайғамбарлар жын немесе періштелерден емес, адамзат ұрпағынан болды.2. Дінге қатысты істерді діннен азды-көпті хабары бар адамнан емес, сарапшы маманнан сұрап, іздеу керек.3. Адамдар хақ пен жалғанды ажыратуда шатаспас үшін илаһи үлкен пайғамбарлардың һәм кітаптары, һәм мұғжизалары болған. 4. Пайғамбардың міндеті – Құранды баяндау, тәпсірлеу, ал халықтың міндеті – оны қабылдау және сол жайында ойлану.

«Нахыл» сүресінің 45-46-47 аяттары:

 " افامن الذین مکروا السیئات ان یخسف الله بهم الارض او یاتیهم العذاب من حیث لا یشعرون " ، " او یاخذهم فی تقلبهم فماهم بمعجزین " ، " او یاخذهم علی تخوف فانّ ربّکم لرؤفٌ رحیم "

Сондай мекерліктің жаманын істегендер Алланың өздерін жерге жұттыруынан немесе ойламаған жерден өздеріне азап келуінен қауіпсіз бе? (45) Немесе олар кезіп жүргенде өздерін апат алуынан бейбіт болды ма? Онда олар қашып құтыла алмайды.(46) Яки олар өздері қорыққан апаттың алуынан алаңсыз болды ма? Шынында Раббыларың аса жұмсақ, ерекше мейірімді. (47)

Құранның қисындылығы және қарсыластар мен мүшріктерді өткен тарих туралы ойланып, пайғамбардың хақ сөзімен жауласып, қарсыласқан адамдардан ғибрат алуға шақырған аяттардан соң осы аяттар былай дейді: «Хақпен қарсыласудың жазасы қияметке ғана тиесілі емес, керісінше осы дүниеде де Алланың залымдарды өзінің қаһарына душар ететіндігі жиі кездеседі: түнде демалып жатқан кезде немесе күндіз жұмыс істеп жатқан кезде илаһи азап түсіріледі. Олар тұтқиылдан илаһи қаһарға ұшырайды. Сол уақытта олардың қашып құтылатын жолдары да болмайды. Алайда Алла кәпірлерді жазалауда асықпауы Оның мейірімділігіне байланысты емес, керісінше Алла олар қырсықтықтан бас тартып, хақты қабылдауға мойын бұру үшін мұрсат пен мүмкіндік береді.  Осы аятта азаптың үш түрі айтылған: жердегі, аспандық және рухани азап. Осы аяттардан мынадай ой түйеміз:1.    Илаһи азап пен жаза адамдарға дәлел аяқталған соң орын алады. Дәлел аяқталмай жатып азап орын алмайды. 2.    Һәм кәпірлер, һәм мүміндер илаһи ғылым мен құдіреттің алдында айла мен қулықтың әсерсіз екендігін, илаһи қаһарға ешбір адам мен ешбір фактордың кедергі бола алмайтынын білулері тиіс.3.    Осы дүниедегі Алланың қаһарының уақыты мен мекені және түрі болжаусыз, Себебі одан қашып құтылуға мүмкіндік жоқ. 4.    Алланың қаһары мен жазасы кек пен қысастықтан емес, адамзат ұрпағын тәрбиелеу үшін жіберіледі.