Нахыл сүресі, 433-ші бөлім, 38-42 аяттар
Нахыл сүресі, 433-ші бөлім, 38-42 аяттар
«Нахыл» сүресінің 38-39 аяттары
« واقسموا بالله جهد ایمانهم لايبعث الله من یموت بلی وعدا" علیه حقا" ولکنّ اکثرالناس لایعلمون » ، « ليبيّن لهم الذی یختلفون فیه و لیعلم الذین کفروا انّهم کانوا کاذبین »
Және де олар: “Алла өлген біреуді тірілтпейді” деп, Алланың атымен қатты ант ішті. Олай емес. (Өлікті тірілту) Алланың шын уәдесі. Бірақ адамдардың көбі білмейді (38). Алла оларға қайшылыққа түскен нәрселерін анықтау, қарсы болғандардың өтірікші екенін білдіру үшін (өліктерді тірілтеді) (39).
Алдыңғы бағдарламада күпір мен шеркке салынып, адасу жолындағы басшылардың қырсықтықтары мен ерегестеріне байланысты хақты қабылдауға дайын болмағандарын, олардың өздері үшін жетекшіліктің негізін қалдырмағандарын, Алланың оларды Өзінің жетекшілігінен мақұрым ететіндігін айттық. Осы аяттар былай дейді: «Олар өлімді өмірдің соңы деп санап, былай дейді: «Алла Тағала өлгендерді жазалау үшін тірілтпейді. Әрбір адамның іс дәптері осы өмірде жабылады». Олардың осы сөздері үшін тіпті Алламен ант ететіндіктері қызық. Себебі адамның Алла туралы дұрыс мағлұматы болмаған кезде Оны өздерінің ойларында пұттар арқылы табынылатын, пұттар Оған жақындау негізін дайындайтын мақұлық етіп елестетеді. Мұндай «құдайдың» тіпті осы дүниеде да адамның өмірінде роль атқармайтындығы, тек адам мен әлемнің жаратушысы болып, істерді Өзінен басқа біреудің қолына тапсырып, адамның өлімнен кейінгі кезеңі үшін де бағдарламасы және онымен ісі жоқ екендігі түсінікті. Алайда Алла былай дейді: «Қияметте жұмақ пен тозақтың келетін уәдесін берген пайғамбарлар ма, жоқ әлде ақиқатты теріске шығарғандар өтірікші болды ма, анықталады. Сол жерде ақиқат белгілі болады. Бірақ кейін оралу жолы болмаған соң одан не пайда? Осы аяттардан үйренетініміз:1. Қияметтің орнауы мен өлгендердің тірілетіндігі Аллаға деген иман мен сенімнен бөлек емес, илаһи кесімді уәделер.2. Адамдардың бір тобы қырсықтық пен ерегесуге байланысты қияметті теріске шығарады. Бірақ қияметті теріске шығаратын адамдардың көбісінің себебі надандықтары мен Алла жайлы дұрыс мәліметтерінің жоқ болуына байланысты.
«Нахыл» сүресінің 40 аяты:
" انّما قولنا لشئ ٍ اذا اردناه ان نقول له کن فیکون "
Бір нәрсенің болуын қалағанда, сөзіміз тек қана оған: “Бол” деу; сонда бола қалады (40).
Осы аят Алланың мақұлықтарды жаратудағы қалауының ролін баяндайтын Құранның қысқа әрі нұсқа аяттарының бірі. Адам өзінің ойында бір нәрсені елестеткен кезде қалауының көмегі ғана оның ойында сол нәрсені қалыптастыра алады. Одан басқа ештеңенің қажеті жоқ. Алла да не нәрсені жарату үшін қаласа болғаны жаратылады, Аятта айтылған: «Алла «Бол!» дегенде болады деген сөз біз үшін түсінікті болып, біздің ойымызға жақындату үшін, әйтпегенде Алла бұл сөздерді айтуды қажет етпейді. Осы аяттан мынадай ой түйеміз:1. Қияметке күдіктенудің мағынасы жоқ. 2. Қалау арқылы ғана жоқ мақұлықтарды жаратқан Алла басқа затқа айналған мақұлықтарды алғашқы жағдайға қайтара алмайды ма?
«Нахыл» сүресінің 41-42 аяттары:
" والذین هاجروا فی الله من بعد ما ظلموا لنبوئنهم فی الدنیا حسنة ولاجر الاخرة اکبر لو کانوا یعلمون " ، " الذین صبروا و علی ربّهم یتوكلون "
Сондай зұлымдыққа ұшырағаннан кейін Алла жолында босқандарды дүниеде жайлы қонысқа орналастырамыз. Егер олар білетін болса ақиреттегі сыйлығы тағы үлкен (41). Олар, сондай сабыр етіп, Раббыларыңа тәуекел еткендер. (42)
Ислам дінінің бұйрықтарының бірі дін мен өзінің және отбасының сенімін сақтап қалу үшін туған қаласы мен өлкесінен және тұрып жатқан жерінен хиджрат жасау туралы. Мүмін адам залым қоғамға сіңісіп кетпеуі керек. Немесе өзін зұлымдық пен қорлық және кемсітушілікке ұшыратуға рұқсат бермеуі керек. Ол зұлымдықпен күресіп, оның алдында қарсылық танытып немесе өзінің сенімін сақтап қалу үшін сол аймақтан жер ауып кетуі керек. Ислам пайғамбары мен мұсылмандар Меккеден Мединеге хиджрат еткендері сынды. Олар көптеген қиындықтар мен тауқыметтерді қабылдап, табандылық танытып, Аллаға тәуекел етті. Соңында да мүшріктерді жеңді. Алла Тағала осы аяттарда былай дейді: «Аллаға бола хиджрат жасайтын адам, һәм осы дүниеде жақсы жағдайға ие болады, һәм ақыретте де сабырлығы мен табандылығы және Аллаға тәуекел еткендігі үшін үлкен сый алады. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Егер залымға қарсы төтеп бере алмасақ, оның үстемдігін қабылдап, «шарасызбын» деп айтуға хақымыз жоқ. Шара жолы – хиджрат. 2. Зұлымдардың алдында бөтен, бөгде күштерге емес, Алланың құдіретіне тәуекел етуіміз керек.