Жел 18, 2016 21:11 Asia/Almaty

Нахыл сүресі, 432-ші бөлім, 35-37 аяттар

"Нахыл» сүресінің 35 аяты:

" و قال الذين اشرکوا لوشاء الله ماعبدنا من دونه من شئ ٍ نحن و لا اباؤنا و لاحرّمنا من دونه من شئ ٍ کذلک فعل الذين من قبلهم فهل علي الرسل الا البلاغ المبين "

Аллаға шерік қосқандар: “Егер Алла қаласа еді, біз де аталарымыз да Алладан өзге ешбір нәрсеге табынбас едік. Әрі Оның бұйрығынсыз еш нәрсені арам етпес едік” деді. Осылайша бұлардан бұрынғылар да істеген. Сонда елшілерге ашық жалғастыру ғана міндет (35).

Тарих бойында мүшріктердің сенімдерін ақтауларының бірі фатализм мәселесі болды. Олар былай десті: «Біздің пұттарға табынуымызды Алла қалады. Әйтпегенде біз Аллаға табынар едік». Осынау орынсыз ақталу Құранның басқа аяттарында да мүшріктердің аузынан айтылған. Алла адамға ақыл мен түйсік беріп, оның хақ пен жалғанды танып, ажыратуы үшін пайғамбарларын жіберді. Екінші жағынан оған дұрыс жолды таңдауға ерік берді. Адам ықтиярға ие болуы арқылы хақ жаққа бара алады немесе тура жолдан тая алады. Сол себепті Алланың адамды иман келтіруге мәжбүрлемегені сынды, адам да мүшрік болуға мәжбүр емес. Иман мен шеркті таңдау – ерікті іс. Сонымен қатар Алланың халықты тура жолға нұсқау құралын әзірлегені Ол адамның тура жолдан тайып, мүшрік болғанын қаламады деген мағынаны білдіреді. Осы аяттардан мынадай тұжырым жасаймыз:1. Бұрыс ойлар мен әрекеттерді ақтау сол ой мен әрекеттерден де қауіптірек. Себебі ол тәубе мен қайтып оралудың негізін жояды.2. Пайғамбарлардың ісі – адамдарды иманға келтіруге мәжбүрлеу емес, хабарлау және шақыру.

 «Нахыл» сүресінің 36 аяты:

" و لقد بعثنا في کل امة ٍ رسولا ان اعبدوا الله و اجتنبوا الطاغوت فمنهم من هدي الله و منهم من حقت عليه الضّلالة فسيروا في الارض فانظروا کيف کان عاقبة المکذبين "

Расында әр үмметке “Аллаға құлшылық қылыңдар, бұзықтардан аулақ болыңдар” дейтін елші жібердік. Олардың кейбіреулерін Алла оңғарып, кейбіреулеріне адасу тиісті болды. Ал енді жер жүзінде кезіңдер де жасынға шығарушылардың не болғанын көріңдер (36)

.Мүшріктердің өздері мен ата-бабаларының Аллаға шерк қатулары туралы ақталуларынан кейін осы аят былай дейді: «Алла еш аянып қалған жоқ. Ол үмбеттер пен қауымдардың арасына пайғамбарлар жіберді. Олар халыққа жетекшілік құралын дайындап, оларға дұрыс жолды нұсқады.  Дұрыс жол – Аллаға мойынсұну мен құлшылық және бүлікшіл, залым басшыларға бағынбау. Өз еріктерімен пайғамбарлардың жолын таңдаған адамдардың илаһи жетекшілікке ие болатындықтары табиғи жағдай. Бірақ хақты теріске шығарып, оны қабылдамайтын адамдар адасушылық пен бұрмалаушылыққа ұшырайды. Бұлардың екеуі де Аллаға емес, адамның өзіне байланысты. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Пұттармен және залым басшылармен күрес пайғамбарлардың басты бағдарламалары болды. 2. Дін саясаттан бөлек емес. Діндарлық пұттардың үстемдігін қабылдаумен сәйкеспейді. 3. Алланың қоғам мен тарих туралы дәстүрлері тұрақты әрі заңды. Сол себепті өткен тарихты зерттеп, ойлану арқылы болашақ үшін дұрыс жолды таңдауға болады.

Нахыл» сүресінің 37 аяты:

" ان تحرص علي هديهم فانّ الله لايهدي من يضلّ و ما لهم من ناصرين "

(Мұхаммед Ғ.С.) егер олардың оңғарылуына құштар болсаң да рас Алла адастырған біреуді оңғармайды. Әрі олар үшін жәрдемші жоқ (37).

Осы аят пайғамбар мен мүміндерді жұбату түрінде былай дейді: «Барлық адам иман келтіреді екен деп күтпеңдер. Қырсық адасушыларға босқа жандарың ашымасын. Өйткені олар хақты түсінбегендіктен кәпір болған жоқ, олар қырсықтық пен ерегесушілік танытып, хақты қабылдамайды. Бұл аяттың хақ пен ақиқатпен жауласқан кәпірлер мен мүшріктер туралы екендігі қалыпты жағдай. Алла да олардың жүректеріне мөр басып, оларды жетекшіліктен мақұрым етті.Бірақ бүгінгі мүшріктердің көбісі мұндай емес. Олардың күпірліктері мен шерктері надандықтың әсері мен мағрифаттың жоқтығынан. Бұл іс біздің, мұсылмандардың, яғни тура жолға нұсқалғандардың міндетін ауырлатады. Себебі біз хақты олардың құлақтарына жеткізуге талпыныс жасауымыз керек. Егер солай етсек, олардың көбісінің иман келтіріп, илаһи жетекшілікті қабылдайтындықтарын тәжірибе көрсетті. Осы аяттан мынадай ой түйеміз:1. Адамның кейде адасушылық пен бұрмаланушылыққа бататындығы соншалықты өзі үшін құтқарылатын жол қалдырмайды. Сондықтан олар не осы дүниеде тура жолға нұсқалуға жарамайды, не ақыретте жеңіске жетпейді.    2. Жетекшілікке үміт жоқ адамдар тұрғысында жанашырлық танытудың қажеті жоқ. Бірақ оларға жетекшілік ету үшін негіз бар кәпірлер үшін талаптану керек.