Нахыл сүресі, 431-ші аят, 30-34 аяттар
Нахыл сүресі, 431-ші аят, 30-34 аяттар
«Нахыл» сүресінің 30-31 аяттары:
" و قیل للذین اتقوا ماذا انزل ربّکم قالوا خیرا ً للذین احسنوا فی هذه الدنیا حسنة و لدار الاخرة خیرٌ ولنعم دارالمتقین " ، " جنات عدن یدخلونها تجری من تحتها الانهار لهم فیها ما یشاؤن کذلک یجزی الله المتقین "
Сондай Алладан қорыққандарға: “Раббыларың не түсірді?”, - делінсе, олар: “Игілік” дейді. Сондай-ақ жақсылық істегендерге бұл дүниеде жақсылық бар. Әрине ақирет жұрты тағы жақсы. Әлбетте тақуалардың қонысы нендей жақсы (30). Олар астарынан өзендер ағатын Ғадын бақшасына кіреді. Сондай-ақ олар онда нені қаласа бар. Осылайша тақуаларды Алла сыйлайды (31).
Бұл аят тақуаларға арналып түсірілген. Сорақылықтар мен кесапаттардан бойларын аулақ салған, егер тіпті күнәға душар болса да тез арада оны тәубеге келу арқылы жуып-шайып, тазаратын адамдарға арналған. Құран былай дейді: «Осы топтың көзқарасы тұрғысынан Алла тарапынан түсірілген нәрсе адам мен қоғамның игілігі мен бақытының ұйытқысы, шын мәнінде ең жақсысы, ең жоғарысы. Олардың көзқарастары тұрғысынан жақсы іс осы дүниеде болсын, ақыретте болсын сыйсыз қалмайды. Осы қысқа аяттарда дін мен мектеп туралы ең қысқа әрі жан-жақты сөз айтылды. Ол – «хайиер» «игілік» деген сөз. Мал-мүлікті, байлық пен дүниені, билікті игілік деп санайтындарға қарсы тақуалар илаһи ағартушылық пен Алланың бұйрықтарын игілік пен бақыттың ұйытқысы санап, оны бәрінен де жоғары деп есептейді. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Алла ізгі істерге шақырады. Ізгі іс істеушілер екі дүниеде де ізгілікке жетеді. Себебі ізгілік істеушілерге сый беру – Алланың сүннеті. 2. Дүниедегі харам ләззаттардан бас тартатын адам мәңгілік және теңдессіз табыстарға жетеді.
«Нахыл» сүресінің 32 аяты:
" الذین تتوفيهم الملائکة طیبین یقولون سلام علیکم ادخلوا الجنة بما کنتم تعملون "
Ол сондай тақуалар, жақсы жағдайда періштелер жандарын алып: “Сендерге есендік болсын, ғамалдарыңа орай жаннатқа кіріңдер” дейді. (32)
Осы сүренің 28-ші аятында «залымдар» ретінде баяндалған мүшріктерге қарсы осы аят мүміндерді «пәк», «бейкүнә» деп атап, былай дейді: «Өте қиын болып табылатын өлім, жан беру сәтінде періштелер рухты денеден бөледі. Сол сәтте мүміндер рахат әрі тыныштық сезіміне енеді. Себебі олар илаһи періштелердің сәлемі мен құттықтауларына бөленеді. Мүміндер сол сәттен-ақ өздерінің илаһи нығметтердің жұмағына кіретін сүйінші хабар алады. Барлық иман келтірушінің пәк еместігі, бірақ алдыңғы аяттарда қуатталған тақуа діндар адамдардың осындай қасиеттерге ие екендіктері белгілі. Олар кез-келген сорақылық пен ластықтан таза. Тіпті олардың жүректерінде өкпе мен кек те жоқ.Осы аяттардан мынадай қорытынды жасаймыз:1.Өлім – адамның істерінің соңы емес. Керісінше, адамның дүниелік өмірінің аяқталуы, басқа жағдайдағы жаңа өмірдің бастамасы.2. Басқаларды кездестірген кезде сәлемдесу – аспандық және илаһи әдеп. Ислам пайғамбары да оны көп қуаттаған. «Салем» - илаһи сәлем мен рақымға толы қысқа ғана сөз.
«Нахыл» сүресінің 33-34 аяттары:
" هل ینظرون الا ان تاتیهم الملائکة او یاتی امر ربّک کذلک فعل الذین من قبلهم و ما ظلمهم الله ولکن کانوا انفسهم یظلمون " ، " فاصابهم سیئات ماعملوا و حاق بهم ما کانوا به یستهزؤن "
Қарсы болғандар өздеріне (жан алғыш) періштелердің келуін немесе Раббыңның бұйрығының келуін ғана күте ме? Бұлардан бұрынғылар да осылайша істеген болатын. Сондай-ақ Алла оларға зұлымдық қылмады. Бірақ олар өздеріне зұлымдық қылған еді. (33) Сондықтан істеген кесірлері өздеріне тиіп, сондай-ақ сайқымазақ қылған нәрселері өз бастарына жетті (34).
Хақты естіп, оны қабылдауға әзір емес, қисын негізі бойынша сөйлемеген қырсық адамдар пайғамбарлардан осы дүниеде азап түсіруді сұрап, былай дейтін: «Біз иман келтірмейміз. Егер қолңнан келсе, бізді пәруәрдігеріңнің азабына душар ет». Бірақ Алланың дәстүрі адамдардың барлығы мәжбүрлі түрде иман келтіру үшін кәпірлерді осы дүниеде жазалайтындай емес. Мәжбүрлі түрде келтірген иманның құны жоқ. Алла Тағала осы аяттарда былай дейді: «Тарих бойында барлық күнәһарлар осыны күткен». Бірақ соңында бұ дүниеде жасаған зұлымдықтары мен әділетсіздіктері және жаман істерінің салдарлары оларды осы дүние мен ақыретте жағаларынан алады. Оны олардың өздері де байқамайды. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Илаһи жазалар Пәруәрдігердің зұлымдығының белгісі емес, керісінше кәпірлер мен мүшріктердің өздеріне жасаған зұлымдықтарының нәтижесі. 2. Алланың осы дүниеде жазалайтын істеріне басқаларды кемсітіп, келеке етіп, әсіресе діни қасиеттіліктерге құрметсіздік көрсету жатады.