Жел 18, 2016 21:27 Asia/Almaty

Нахыл сүресі, 430-шы бөлім, 26-29 аяттар

«Нахыл» сүресінің 26 аяты:

" قد مکرالذین من قبلهم فاتی الله بنیانهم من القواعد فخرّ علیهم السقف من فوقهم و اتیهم العذاب من حیث لایشعرون "

Расында бұлардан бұрынғылар да айлакерлік істеген. Сондықтан Алла олардың құрылыстарының іргетастарынан келіп, төбесі жоғарыдан үстеріне құлады. Сондай-ақ оларға аңғармаған жерден апат келді (26).

Өткен бағдарламада кәпір, адасушы жетекшілердің Құран Кәрімнің аяттарымен қатынас жасау тәсілдері айтылды. Олар илаһи ағартушылықты кемсіту, қорлау, төмендету әдістерімен  қоғамдық пікірді бұрмалауды көздейді. Осы аят былай дейді: «Бұрынғылардың тәсілдері де осы болды: олар илаһи аяттарға қулық пен қастандық жасауды мақсат етті.  Бірақ Алланың оларды осы дүниеде де, ақыретте де қатты азапқа душар ететіндігін біліңдер. Алланың азаптары күнәһарлардың қашатын жолдары болмайтындай алдын-ала ескертусіз емес әрі адам сол жерден бас сауғалап, кетіп қалатындай белгілі бір мекен мен белгілі бір жерде орын алмайды. Құранның айтуынша, азап адамның ойына да кіріп шықпайтын жерден келеді. Осы аяттардан мынадай тұжырым жасаймыз:1.    Діннің негізіне қатер төнген кезде Алланың өзі іске кірісіп, қастандықтардың жауабын береді. 2.    Илаһи аяттармен күресу үшін айлаға басып, қулыққа жүгінетіндер Алланың азабына душар болады, олардың қашатын жолдары қалмайды.  

«Нахыл» сүресінің 27 аяты:

" ثم یوم القیمة یخزیهم و یقول این شرکائی الذین کنتم تشاقون فیهم قال الذین اوتوا العلم انّ الخزی الیوم والسّوء علي الکافرین "

 Сонсоң қиямет күні Алла оларды қорлайды да: “Сендердің сол жайында таласқан ортақтарым қайда?”, - дейді (27).

Кәпірлердің мүміндер мен олардың ой-пікірлерін, құндылықтарын қорлап, кемсітлулерінің нәтижесі соның өзі Алланың қатты азабы болып табылатын кәпірлердің қияметтегі қорлыққа ұшырайтындықтары болып табылады.  Осы дүниеде ғылым мен түсінік деген уәждерімен мүміндерді надан деп санағандар қияметте иманды адамдардың сөздерінің ақиқат болғандығын түсініп, өздерінің надандықтарын мойындайды. Мұнының өзі ең ауыр жаза. Негізінен Құран мәдениетінде ғылым мен надандық білу және білмеу дегеннен кең, ауқымды мағыналарға ие. Ғалым деген пікірі мен ғамалы көптеген ғылымдардан хабардар болмаса да хақ пен хақиқат негізінде болатын адам. Надан деген барлық білімдерді білгенімен ойы мен әрекеті бұрыс адам. Осы аятта да «ғылым иелері» деп күпірлік пен шеркке қарсы тұрып, таухидке иман келтірген адамдар таныстырылған. Аяттардан мынадай ой түйеміз:1.    Егер Алла сол адамға немесе затқа сый етпегендерді қастерлеп, ұлықтайтын болсақ, қияметте жауап беруіміз керек болады. 2.    Нағыз ғылым адам бойында иман мен амалға себеп болуы керек. Мұндай ғылым Алланың сыйы. 

«Нахыл» сүресінің 28-29 аяттары:

" الذین تتوفیهم الملائکة ظالمی انفسهم فالقوا السلم ما کنا نعمل من سوء بلی انّ الله علیم بما کنتم تعملون " ، " فادخلوا ابواب جهنّم خالدین فیها فلبئس مثوی المتکبرین "

Сондай өздеріне зұлымдық еткендердің періштелер жандарын аларда: “Ешбір жамандық істемеп едік” деп мойынсал болады. Олай емес. Рас Алла сендердің істегендеріңді жақсы біледі (28). Сондықтан ішінде мүлдем қалатын жаћаннамның есіктерінен кіріңдер. Өзін жоғары санағандардың орны нендей жаман (29).

Осы аяттар кәпірлердің бұ дүниедегі өлімі мен олардың тозаққа ену сәттерін баяндап былай дейді: «Илаһи періштелер кәпірлердің жандарын алатын сәтте, кәпірлер жан тәсілім ететін кезде иман келтіріп, мойынсұнып, тіпті өздерінің сұм өткендерін теріске шығарады. Бірақ сол кезде иман келтірудің ешқандай құнының жоқ екендігі түсінікті. Себебі ол иман ықтияр негізі бойынша емес, мәжбүрліктен айтылады. Сондай-ақ олардың теріске шығаруларымен ештеңе өзгермейді. Себебі Алла адамдардың барлығының өткендерінен хабардар. Ол үшін ештеңе жасырын емес. Исламдық пікірдегі тағы бір жәйт, ол өлім «рухтың денеден бөлінуі» деген мағынаны білдіретіндігі. Осы тұрғыдан өлім «адамның өлімі» мен «тіршілігінің жойылуы» деген мағынаға синоним болмайды. Осы аяттардан үйренетініміз:1.    Ислам мәдениетінде өлім «жойылу» деген сөз емес. Керісінше өмірдің басқа кезеңінің басталуын білдіреді. 2.    Рухқа зұлымдық жасау зұлымдықтың ең айқын дәлелдерінің бірі. Оның әсері басқаларға зұлымдық жасаудан кем емес. 3.    Күпіршіліктің негізгі тамыры хақ пен хақиқат алдындағы күпірлік  пен тәкәппарлықта.