Жел 18, 2016 21:30 Asia/Almaty

Нахыл сүресі, 429-шы бөлім, 22-25 аяттар

«Нахыл» сүресінің 22-23 аяттары:

" الهکم اله واحد فالذين لايؤمنون بالاخرة قلوبهم منکرة و هم مستکبرون " ، " لا جرم انّ الله يعلم ما يسرّون و ما يعلنون انه لايحب المستکبرين "

Тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Сондай ақиретке нанбаушылардың жүректері қарсы. Сондай олар менменсушілер (22). Дау жоқ! Алла олардың жасырғандары мен көрнеу істегендерін біледі. Расында Алла өзін жоғары санағандарды жақсы көрмейді (23).

Алдыңғы бағдарламада Құранның аяттары Алладан басқа жаратылған мақұлықтардың қауқарсыздығын баяндады. Осы аяттар былай дейді: «Ойдан жасап алған жалған пұттарың емес, жалғыз Алла ғана табынуға лайық». Аяттардың жалғасы ақырет пен қияметті теріске шығарудың негізгі себебін хақпен қырсығуда және тәкәппарлық рухы мен ұлылыққа ұмтылуда деп атайды. Иманды адамдардың жол табулары мен жетекшілікке нұсқалуларына себеп болған нәрсе олардың хақ талап етушілдіктері, хаққа ұмтылушылықтары мен хақты қабылдау рухтарында. Өзін басқалардан жоғары санайтын адамдар басқалардан хақты қабылдаудың орнына, олардың сөздері мен амалдарының хақ және дұрыс екендігін біле тұра дайым теріске шығаруды көздейді. Бірақ сол адамдар олардың барлық ойлары мен әрекеттерінің Алланың құзырында екендігін, Оның назарынан ештеңенің жасырын қалмайтындығын білмейтін сияқты. Осы аяттардан мынадай тұжырым жасаймыз:1. Күпірліктің негізгі бастауы жәһілдік емес, тәкәппарлық пен өркөкіректікте; ақиқатқа деген жәһілдікте емес, ақиқатты теріске шығаруда.2. Ақыретке сену адамды бойсұнушы және қарапайым етеді. Қияметті теріске шығару тәкәппарлық пен үстемшілдіктен туындайды. 

 «Нахыл» сүресінің 24 аяты:

" و اذا قيل لهم ماذا انزل ربّکم قالوا اساطير الاولين " 

Қашан оларға: “Раббыларың не түсірді?”,-дейді. Олар: «Бұрынғылардың әпсаналарын» дейді. (24)

Құранның басталу мен ақырет және адамдардың шариғаттық міндеттері туралы діни ахкамдар екендігін білеміз. Сонымен қатар Құран адамның жеке басы мен отбасындағы және қоғамдық іс-әрекеттеріндегі исламдық ахлақтарын қамтиды. Әлбетте Құран аяттарының бір бөлімі бұрынғы өткен қауымдардың тарихы туралы. Құранмен қырсықтық пен ерегесулеріне байланысты қатынас жасайтындар оның барлық ағартушылығы мен ахлақтық іліміне көзжұмбайлық танытып, тек қана Құрандағы тарихқа көңіл аударып, оның өзін әр қауым мен ұлыс өздері үшін жасап алған, ешқандай негізі жоқ көптеген әпсаналар сынды «әпсана» деп санайды. Құранда бұрынғы қауымдар туралы айтылған оқиғалар басқа да тарихи жазбаларда жазылған және оны көптеген тарихи деректер растаған істер. Құранның тарихи бөлімдерінің ең көлемдісі бани Исраил қауымы мен Мұса және Перғауынның оқиғасына арналған. Илаһи діндердің ізбасарлары арасында, соның ішінде исламда ешқандай негізі мен тамыры жоқ ырымшыл кейбір наным-сенімдер мен ойлардың бар екендігі күмәнсіз. Құран негізінен ырымшылдыққа қарсы. Сол себепті осы аспандық үлкен кітаптан ешқандай ырымшылдық көзге түспейді. Хадистер мен рауаяттарға қатысты кейбір ырымшылдықтар хабардар дұшпандар мен хабарсыз достар соларды ойдан шығарып, сөз еткен жасанды ырымшылдықтар болып табылады. Осы аяттан үйренетініміз:1. Ақиқаттар мен діни және илаһи ағартушылықты кемсітіп, төмендету тәкәппарлықтың сұм болмысы мен өзін жоғары санаудың белгілері.2. Қарсыластар құрани хикаяларды «әпсана», «ертегі» деп атайды. Пайғамбар заманындағы арабтардың көпшілігі Құран бұрынғылар туралы айтқан оқиғалардан мүлдем хабарсыз болған. Сол себепті Құрандағы хикаяларды «әпсана» деп атауға болмайды. 

«Нахыл» сүресінің 25 аяты:

" ليحملوا اوزارهم کاملة يوم القيمة و من اوزار الذين يضلونهم بغير علم ٍ الا ساء ما يزرون "

Өстіп олар қиямет күні өз күнәларының кейбіреуін көтереді. Байқаңдар! Үстіне алған нәрселері нендей жаман (25).

Аспандық кітаптардың растығын тәкәппар адамдардың өздері ғана мойындамайды, өздері ғана ақиқатты қабылдамайды, сонымен қатар олар басқаларды да бұрыс жолға салуды көздейді. Олар қара халықтың жәһілдіктері мен хабарсыздықтарын пайдаланып адастырады. Мұндай адамдардың қиямет күні һәм өздерінің әрекеттерінің жазасын алатындығы, һәм олардың адасушылығына себеп болған адамдардың да күнәларын арқалайтындықтары түсінікті жағдай. Рауаяттарда жақсы жолға негіз салған әр адамға оның үлесінен ештеңе кемітілмей, сол жолды іздеушілердің сыйы беріледі деп айтылады. Сол сияқты бұрыс жол салған адамдар да  барлық адасушылардың жазасына ортақ болады. Осы аяттан үйренетініміз:1.    Басқаны күнә жасауға итермелеп немесе оның күнә жасауына негіз дайындайтын адам соның күнәсіне ортақтасады. 2.    Көптеген адасушылықтың тамыры жәһілдікте. Дұшпан өзін жарнамалауда адамдардың надандықтарын көбірек пайдаланады.