Жел 18, 2016 21:32 Asia/Almaty

Нахыл сүресі, 428-ші бөлім, 17-21 аяттар

"Нахыл» сүресінің 17-18 аяттары:

" افمن يخلق کمن لايخلق افلا تذکرون " ، " و ان تعدّوا نعمة الله لا تحصوها انّ الله لغفور رحيم "

Жаратушы жарата алмайтын біреумен тең бе? Енді де түсінбейсіңдер ме? (17). Алланың нығыметін санасаңдар санына жете алмайсыңдар. Рас, Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді. (18) 

"Нахыл" сүресінің басынан осы жерге дейін Алланың жердегі, аспандағы нығметтері мен өсімдіктер және хайуанаттардың түрлері санамаланды. Осы аяттар былай дейді: «Алланың нығметтері осы жәйттармен шектелмейді. Керісінше, көптігі соншалықты ешкімнің оларды санауға шамасы жетпейді». Олай болса, адамдардың кейбіреуінің хабарсыздықпен пұттарға табынып, Алладан қапыл қалатындықтары несі?  Жансыз немесе жанды, өздері де жаратылған, ештеңені жарата алмайтын мақұлықтар Жаратушы Алла сынды көрініп, табынуға лайық па? Пайғамбарлардың міндеттерінің бірі халыққа ескерту жасап, олардың ұждандары мен табиғаттарын ояту болып табылатындықтан, осы аяттар сауал түрінде мүшріктердің өздері ойланып, осынау анық сауалдарға жауап табулары үшін осы тақырыпты қозғап отыр. Айтылған аяттардан үйренетініміз:1.    Басқаларды Алланы тану және Аллаға табынуға шақыруда олардың ақылдары мен табиғаттары ояну үшін және өздері Алладан басқаны іздемеу керек деген нәтижеге жеткенше олардың ұждандарын төрелікке шақыру  керек.   2.    Алланы тану міндетті түрде философиялық шытырман дәлелдер жолы арқылы дәлелденуі қажет болатындай емес, тек көңіл аудару мен ескертуді қажет ететін табиғи іс.

«Нахыл» сүресінің 19 аяты:

" والله يعلم ما تسرّون و ما تعلنون " 

Алла (Т.) жасырын және көрінеу не істегендеріңді біледі. (19)

Нығметтер мен соларды Жаратушыны танудың қажеттілігін баяндаған аяттардан соң осы аят былай дейді: «Ол Жаратушы ғана емес, сонымен қатар барлық нәрсені білетін, мақұлықтарының барлық істерінен хабардар, барлығын білетін Дана». Алла мақұлықтарды жаратып, оларды сол күйінше қоя береді деген сөз емес. Керісінше сәт сайын олардың хал-жағдайларынан хабардар. Одан ешнәрсе жасырын емес. Әсіресе істерін ерік пен ықтияр негізі бойынша орындайтын адамдарға қатысты. Алла олардың басқалардың назарынан жасырын  түрткісі мен мақсаттарынан хабардар, сондықтан оларға сол негізде қатынас жасайды. Осы аяттардан мынадай тұжырым жасаймыз:1 .Егер Алланың біздің барлық істерімізден хабардар екендігін білсек, қорқыныш танытып, жамандықтардан аулақ боламыз.2. Алланың жанында әшкере мен жасырынның айырмашылығы жоқ. Оның жанында барлық нәрсе бірдей. 

«Нахыл» сүресінің 20-21 аяттары:

" والذين يدعون من دون الله لايخلقون شيئا ًو هم يخلقون " ، " اموات غير احياء ‌و مايشعرون ايان يبعثون " 

Сондай Алладан басқа жалбарғандары еш нәрсені жарата алмайды. Олар жаратылғандар. (20) Олар өлі, тірі емес. Сондай-ақ қашан тірілетіндерін білмейді. (21).

Осы аяттар тағы  да алдыңғы аятта айтылған негізгі жәйтті қуаттап, былай дейді: «Мүшріктер неліктен жансыз, жігерсіз, не жаратушылық, не өмір сыйлау күшіне ие емес пұттар мен мқұлықтарға табынады?».Өзі қажетті өмірге ие емес мақұлық басқа мақұлықтарға өмір сыйлай алады ма? Олар тіпті өздерінің өздерінің істерінің салдарынан да хабарсыз. Осындай жансыз мақұлықтар қалайша біздің, адамдардың тағдырында роль атқарып, ықпал етпек? Бәлкім, кейбіреулер бұл аяттарды пайғамбар заманындағы мүшіріктерге қатысты, бүгін өзекті емес деп ойлар. Бірақ шындық мынада: тіпті бүгінгі дамыған әлемде де жүздеген миллион адам Үндістанда, Қытайда және әлемнің тағы да басқа жерлерінде пұтқа табынып, Алла мен қиямет күніне сенбейді. Осы аяттардан үйренетіміз:1.    Ғылым мен құдірет және тіршілікке ие нәрсе табынуға лайық, бірақ пұттар осы үш ерекшеліктен кенде.  2.    Қияметте,  тіпті пұтқа  табынушыларға қарсы куәлік ету үшін пұттарды да тірілтеді.