Нахыл сүресі, 427-ші бөлім, 12-16 аяттар
Нахыл сүресі, 427-ші бөлім, 12-16 аяттар
«Нахыл» сүресінің 12-13 аяттары:
" و سخّر لکم اللیل و النّهار والشّمس والقمر و النجوم مسخّرات بامره انّ فی ذلک لایات لقوم یعقلون " ، " و ما ذرأ لکم فی الارض مختلفا ً الوانه انّ فی ذلک لایة ً لقوم ٍ یذکرون "
Ал сендер үшін түнді, күндізді әрі айды, күнді істетті. Жұлдыздар да Оның әміріне бағынысты. Тап осында ойланған қауым үшін әлбетте белгілер бар (12). Сендер үшін жер жүзінде түрлі-түсті не жаратқан болса, шын үгіт алатын қауым үшін әлбетте үлгі бар (13)
.Өткен бағдарламада Алла жер бетіндегі адамның қолжетімді кейбір нығметтерін атады. Осы аяттар күн мен айдың болуы және олардың күннің шығып, түннің келуіндегі роліне тоқталып, былай дейді: «Жер мен жерлік жаратылыстар ғана емес, сонымен қатар тіпті ай мен күн де адамға қызмет етіп, соған пайда келтіру мақсатында жаратылған. Құдды сол аспан денелері адамның иелігінде сияқты. Бірақ барлық жаратылыс пен жұлдыздар әлемі Оның иелігінде және Оның даналығындағы Алланың мейірімі. Ол адам ыңғайлы әдіспен соларды пайдалана алатындай етті. Егер данышпандар мен ақыл иелері сол іске назар аударса, Оның құдіреті мен хикметіндегі илаһи рақым мен мейірімді түсінеді. 13-ші аятта соған сілтеме жасалған қызық мәселе Алланың құдіретін көрсететін құбылыстар мен жаратылыстардағы түстердің алуандығы. Ол сондай-ақ илаһи жаратылыстың нәзіктігі мен сәнділігін және жаратылыстағы сұлулыққа көңіл аударылғанды көрсетеді. Осы аяттардан үйренетініміз: 1. Аспандағы болсын, жердегі болсын жаратылыс адам үшін жаратылған. Бірақ оның барлығы Алланың еркі мен бақылауында. 2. Ең әдемі көріністерді тудыратын табиғаттағы түстердің әртүрлілігі мен айырмашылығы кездейсоқ іс емес, Алланың адамға көрсеткен мейірімі.
«Нахыл» сүресінің 14 аяты:
" و هو الذی سخّر البحر لتاکلوا منه لحما ًطریا ً و تستخرجوا منه حلیة ً تلبسونها و تری الفلک مواخر فیه و لتبتغوا من فضله و لعلکم تشکرون "
Және де Ол сондай Алла, жас ет жеулерің үшін және киініп, тағынатын сәндік-бұйымдар шығаруларың үшін теңізді бағындырды. Алладан ризық іздеулерің үшін кеменің суды жарып бара жатқанын көресің. Әрине шүкірлік етесіңдер (14).
Осы аят теңіз нығметі мен оның адамның өмірінің әртүрлі аспектілеріндегі ролі мен әсеріне тоқталады. Жер бетінде оларды өсіру қаржы мен еңбекті қажет ететін хайуанаттардай емес, теңіздер ешқандай қаржы, шығынсыз адамға балықтардың түр-түрін тегін ұсынады. Сондай-ақ теңіздердің терең түбінен адам ең қымбат және ең әдемі әшекей бұйымдарды шығарып, пайдаланады. Жердің деңгейінен көбін алаып жатқан теңіздердің деңгейі зат және жолаушы тасымалы үшін ең ауқымды және ең арзан жол болып табылады. Осылардың барлығы илаһи даналық пен құдіретпен жаратылған. Олардың қалыптасуында адамның ешқандай ролі жоқ. Сол себепті Алла адамнан сл үлкен нығметті дұрыс пайдаланып, шүкір айтушы болып, алғыс білдіруді сұрайды. Осы аяттан үйренетініміз:1.Алла адамның суы мен азығын ғана емес, сонымен қатар тіпті оның әшекей бұйымдарын да теңіз арқылы қамтамасыз етті. 2. Теңіздің ерекшеліктеріне адамның қайықтың не кеменің көмегімен зат және жолаушы тасымалдай алатындығы жатады. Бұл илаһи мейірімнің белгілері.
«Нахыл» сүресінің 15-16 аяттары:
و القی فی الارض رواسی ان تمید بکم و انهارا ً و سبلا ً لعلکم تهتدون " ، " و علامات ٍ و بالنجم هم یهتدون "
Сендерді теңселтпеу үшін жер жүзінде асқар тауларды орналастырды. Жөн тауып жүрулерің үшін өзендер, жолдар жаратты. (15) Олар жол тауып жүретін белгілер және жұлдыздар (жаратты.) (16)
Алдыңғы аяттардың жалғасы мен Алланың нығметтерін баяндаған соң, осы аяттар алдымен жер бетіндегі таулардың роліне, кейін аспандағы жұлдыздарға тоқталады. Құранның тағы бір аятында былай деп жазылған: «Таулар – жердің тепе-теңдігі мен тыныштығының мәйегі. Мына үлкен тастар жердің ішкі қысымдардың әсерінен теңселуінің алдын алып, жерді адамның өмір сүруі үшін тыныш мекенге айналдырды» делінген. Мұнымен қоса, таулар қыстың күні қар қоры сақталатын, көктем мен жазда су ағатын үлкен аңғар. Үлкен өзендер тау етектерінен теңіздерге жол тауып, адам мен өсімдіктердің және жануарлардың жолдарын суғарады. Құрлықтағы сапарларда, әсіресе ертеде жылдам жеткізетін көліктер мен асфальт, қиыршық тастар төселген жолдар болмаған. Жолаушылар үшін ең жақсы белгі таулар болды. Адамдар солар арқылы өздерінің жолдарын тауып, баратын жерлеріне жетіп отырған. Түнде де жұлдыздар жол табу үшін ең жақсы белгі болды. Тіпті бүгін де жердің ешбір белгісі көрінбейтін теңіздер мен шөл далаларда аспан жұлдыздары жолды ажыратып, жөн табу үшін ең жақсы белгі болып табылады. Осы аяттардан мынадай ой түйеміз:1. Жер бетіндегі үлкен таулардың болуы кездейсоқтық емес, илаһи даналықтың нәтижесі.2. Адамдарға дүниелік жол нұсқау үшін табиғатта белгілер орнатқан Алла олардың рухани жетекшілігін қамтамасыз етпеді дегенді қабылдауға бола ма?!