Нахыл сүресі, 426-шы бөлім, 7-11 аяттар
Нахыл сүресі, 426-шы бөлім, 7-11 аяттар
"Нахыл» сүресінің 7-8 аяттары:
" و تحمل اثقالکم الي بلد ٍ لم تکونوا بالغيه الا بشقّ الانفس انّ ربّکم لرؤفٌ رحيمٌ " ، " والخيل والبغال والحمير لترکبوها و زينة ً و يخلق ما لا تعلمون
Малдар жандарың қиналып, ерең қалаға жеткізетін жүктеріңді көтереді. Рас Раббыларың өте жұмсақ, ерекше мейірімді. (7) Жылқыларды, қашарларды және есектерді мінулерің әрі зейнет үшін жаратты (8).
Алдыңғы бағдарламада Алла аспандар мен жерді және адамды жаратқан соң жануарларды жаратқандығы мен олардың адамның өміріндегі әртүрлі пайдаларына сілтеме жасалды. Осы аяттар адам үшін жануарлардың басқа пайдаларына тоқталады.Адамның өткен тарихында жүк және жолаушы тасымалы жануарлар арқылы жүзеге асты. Бүгін де әтүрлі авткөлік, ұшақ, пойыз сынды тасымал құралдарының болғандығына қарамастан, көптеген ауылдық жерлерде жануараларды жүк тасымалдау үшін қолданады. Таулы аймақтарда жануарларды, әсіресе қашырларды пайдаланудан басқа амал жоқ. Бір қызығы, дамыған әлемде атқа міну, атпен серуендеу салтанат пен бақуаттылықтың белгісі болып саналады. Сонымен қатар әлі де ауа-райының қатаң жағдайларында немесе таулы қиын аймақтардан өту үшін ат, қашыр сынды жануарлардың іске жарамдылығы адамның қолымен жасалған автокөліктерден артығырақ. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Жануарлар мықты болғандарына қарамастан, илаһи мейірім және рақым арқылы адамның үйретуіне көніп, айдағанына жүріп, оның мінуіне мойынсұнады. 2. Жаратуда Алланың қолы бос. Оның ғылымы мен хикметі нені қажет етсе, соны жаратады.
«Нахыл» сүресінің 9 аяты:
" و علي الله قصد السّبيل و منها جائرٌ ولوشاء لهدیکم اجمعين
Тура жолды түсіндіру Аллаға тән. Ол жолдың қисығы да бар. Егер Алла қаласа, барлығыңды тура жолға салар еді (9)
Алланың адам үшін жаратқан нығметтерін баяндаған соң осы аят илаһи ең үлкен нығмет болып табылатын жетекшілік нығметіне сілтеме жасап былай дейді: «Адамның алдында екі жол бар: біріншісі адамды тура жолмен мақсатқа жеткізетін Алланың адамға ұсынған бірқалыптылық пен орташалық жолы. Екіншісі, оны ақида мен амалда шектен шығушылыққа душар етіп, мақсатқа жетудің алдын алатын бұрмалаушылық жолдары. адам Осы екі жолдың арасынан адам бірін өзі таңдауы керек. Алла оны тура жолды таңдауға мәжбүр еткен жоқ. Себебі, мәжбүрлеудің пайдасы жоқ. Алланың сүннеті адамдарға таңдауы азаттығын беруі болып табылады. Осы аяттан мынадай тұжырым жасаймыз:1. Алланың өзіне лазым санаған істеріне жетекшілік пен жол нұсқау жатады. Бірақ қабылдау адамдардың өздеріне жүктеледі. 2. Таңдаудың еркі мен хақы – Алланың қалауы. Олай болса, біз де біреуді исламды қабылдауға мәжбүрлей алмаймыз.
«Нахыл» сүресінің 10-11 аяттары:
: " هو الذي انزل من السّماء ماءً لکم منه شرابٌ و منه شجرٌ فيه تسيمون " ،" ينبت لکم به الزّرع و الزّيتون و النّخيل و الاعناب و من کلّ الثمرات انّ في ذلک لاية ً لقوم يتفکرون
Ол сондай Алла, сендерге көктен жаңбыр жаудырып, одан сусын және сол арқылы малдарыңды жаятын орман шығарды. (10) Алла, сендерге су арқылы егін, зәйтүн, құрма ағаштарын, жүзім және бүкіл өсімдіктерді өсіреді. Тап осында түсінетін ел үшін әрине белгілер бар. (11)
Осы аяттар Алланың ең үлкен әрі ең маңызды нығметі – жаңбырдың суына тоқталып, былай дейді: «Өздерің мен сендердің малдарыңның тіршілігінің мәйегі, әрі сендер үшін әртүрлі шөптер мен ағаштардың өсуі мен әртүрлі жеміс-жидектердің пісіп-жетілуіне себеп болатын жаңбырды жіберетін осы Алла. Егер осы іс туралы ойлансаңдар, су нығметінде илаһи құдірет пен рақымның қандай үлкен белгісі бар екендігін көресіңдер». Бірақ осы аяттарда әртүрлі жемістердің арасынан Алла Тағала құрма мен жүзімді және зәйтүнді атайды. Тамақтану саласының мамандарының пікірінше, аталмыш жемістердей адамның организмі үшін пайдалы жеміс кемде-кем. Осы аяттардан үйренетіміз:1. Жаңбырдың суы һәм су, һәм азық-түліктің көзі. Өйткені адамның азық-түлігі не өсімдіктер арқылы немесе жануарлар арқылы қамтамасыз етіледі. Бұлардың екеуі де жаңбырдың жаууына тәуелді. Құрғақшылық пен қуаңшылық жұтқа себеп болады. 2. Адам өнімнің, диқанның емес, Алланың ісі екендігін білуі үшін жаратылыс әлемі туралы да ойлану қажет. Барлық нәрсе адам үшін, ал адам Алла үшін болуы керек.