Нахыл сүресі, 425-ші бөлім, 1-6 аяттар
Нахыл сүресі, 425-ші бөлім, 1-6 аяттар
«Хыжыр» сүресінің аяқталуымен бүгінгі бағдарламада Меккеде түскен, жүз жиырма сегіз аяттан тұратын «Нахыл» сүресін бастаймыз.
«Нахыл» сүресінің бірінші және екінші аяты:
" بسم الله الرحمن الرحيم " ، " اتي امر الله فلا تستعجلوه سبحانه و تعالي عمّا يشرکون " ، " ينزل الملائکة بالرّوح من امره علي من يشاء من عباده ان انذروا انّه لا اله الا انا فاتقون
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Алланың әмірі келді. Сондықтан оның тез келуін тілемеңдер. Алла олардың қосқан шеріктерінен пәк те жоғары (1). Алла періштелерді өз әмірлерінен бір рухпенен (уахименен) құлдарынан қалағанына:“Рас Менен басқа ешбір Тәңір жоқ. Әрі менен қорқыңдар” деп ескертіңдер делінген түрде түсіріледі.(2)
Осы аяттар ислам пайғамбарын келеке етіп: «Бізге, пұтшылдарға уәде еткен қаһар мен азап қай кезде келеді?» деп сұраған Меккенің мүшріктеріне арналған. Құран оларды асығыстық пен аптығушылықтан тыйып, былай дейді: «Сендерге қатысты илаһи қаһардың әмірі жолда. Сендер Алланың азабына душар боласыңдар. Орынсыз асығыстық танытпаңдар». Аяттардың жалғасы былай дейді: «Періштелер адам өмірі мен қоғамның мәйегі болып табылатын илаһи уәһиді уәһиге лайық Алланың пенделерінің әрқайсына түсіреді. Сендер қалаған адамға уәхи түсірілетіндей, бұл істе ешқандай роль атқара алмайсыңдар». Пайғамбарлардың міндеті өздері жаққа шақыру емес. Пайғамбарлар адамдарды мүшріктер өздері жасап алған пұттар мен делдалдардан құтқару үшін бір Алла жаққа шақырады. Көңіл аударарлық жәйт, ол «рух» сөзінің Құранда көп жағдайда қолданылғандығы, соның бірі илаһи уәхиде. Себебі уәһи адамның рухани өміріне себеп болады. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Алланың істеріне асығыстық танытып, аптықпайық. Оның істері даналық негізінде. Ол уәде етілген істерді дер уақытында орындайды.2. Бір Аллаға деген иманның қажеттілігі Оның бұйрықтарына қарсылық танытудан бас тартуда. Діни мәдениетте оны «тақуа» деп атайды.
«Нахыл» сүресінің 3-4 аяттары:
" خلق السّموات والارض بالحقّ تعالي عمّا يشرکون " ، " خلق الانسان من نطفة فاذا هو خصيم ٌمبين
Ол көктерді және жерді шындықпен жаратты. Олардың қосқан шеріктерінен жоғары. (3) Адам баласын бір тамшы судан жаратты: Бірақ олар әшкере түрде Алламен дұшпандыққа көтеріледі (4).
Мүшріктерге арналған алдыңғы аяттардың жалғасында осы аяттар былай дейді: «Уәһидің түсірілуі ғана Алла тарапынан емес, сонымен қатар аспандар мен жердің және адамдар, сендердің жаратылуларың да Алланың құдіретімен іске асты. Сол жарату істерінде ешқандай роль атқармаған басқаларды Оған серік етіп, Алламен жауласып, Оның өздеріңді қияметте қайтадан тірілтетін құдіретін теріске шығарасыңдар?Сендердің түкке тұрғысыз ұрықтан осылай дамып, кәмілдікке жетулерің кімнің құдіретімен жүзеге асты? Сендер қияметке соншалықты күмән келтіретіндей, өздеріңд жаратқан Оның сендерді қайта тірілтуге шамасы жетпейді деп ойлайсыңдар ма?» Осы аяттардан мынадай тұжырым жасаймыз:1. Аллаға серік қосу мағынасыз. Себебі ешбір адам немесе ешбір тіршілік иесі өзінің немесе басқа мақұлықтың жаратылысында ролі болғандығы туралы уәж айтқан жоқ. 2. Адамның тәкәппарлығы мен өркөкіректігінің шегі оның өзінің Жаратушысы мен Иесіне қарсы жауласушылық пен дұшпандыққа көтерілуіне дейін.
«Нахыл» сүресінің 5-6 аяттары::
" والانعام خلقها لکم فيها دفء و منافع و منها تاکلون " ، " ولکم فيها جمال حين تريحون و حين تسرحون
Малдарда сендерді жылытатын және басқа пайдалы заттар бар. Әрі олардан жейсіңдер. (5) Сендер үшін малдарды қоралаған уақытта және өргізген кезде, бір зауық бар. (6)
Осы аяттар жануарлардың адамның өміріндегі пайдасы мен роліне қысқаша тоқталады: жануарлардың жүні мен терісі –киім, аяқ киім, сүті – азық, олардың үстіне жүк тиеп, адам мінеді, күші жер жырту және басқа да жұмыстарға кәдеге жарайды. Жануарлардың осынша берекелері мен еңбектеріне қарамастан бізге адамдар үшін шығыны аз. Жануарлардың таңертең жайылымға кетіп, ымырт үйіріле өрістен қайтуы адам үшін қызық әрі пайдалы. Құран өндірістің мақсатты ұжымдасқан әрекетін малшылар үшін салтанат пен сұлулықтың және қызықтың ұйытқысы деп атаған. Себебі ислам дінінде ауылшаруашылығынан кейін мал шаруашылығымен айналысу көп тапсырылған. Осы аяттардан үйрентініміз:1. Жануарлар да жаратылыстың басқа мүшелері сияқты адам үшін жаратылған. Адам осы илаһи адал нығметтерді дұрыс әдіспен пайдалануы керек. 2. Қоғамның сұлулығы мен абыройы тек өзі мен өзінің қарынын тойдыруды ойлау үшін ғана емес, сонымен қатар басқаларға қызмет ету үшін талпыныс пен өндіріске де байланысты.