Хыжыр сүресі, 424-ші бөлім, 90-99 аяттар
Хыжыр сүресі, 424-ші бөлім, 90-99 аяттар
«Хыжыр» сүресінің 90-91-92-93 аяттары:
« کما انزلنا علي المقتسمین » ، « الذين جعلوا القرآن عضین » ، « فوربّک لنسئلنهم اجمعين » ، « عمّا کانوا يعملون »
Сөйтіп, бөлушілерге де Кітап түсірген едік (90). Олар Құранды бөлшектегендер (Інжіл, Тәуратқа сәйкеспейді және өлең, сиқыр, бақсылық, ертегі т.б. деп тоғыз саққа жүгірткендер) (91). (Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңа серт, әлбетте оларды түгел сұраққа тартамыз (92). Олардың қылған қылықтарынан (93).
Алдыңғы аяттарда Алла ислам пайғамбарына қаратып: «Біз саған Құранды сыйладық» деді. Осы аяттар былай дейді: «Біз өзіміздің аяттарымызды шындығында адамдарға түсірдік, бірақ бір топ оны бөліп, бөлшектеді: мүшріктер оның бір бөлімін сиқыр деп, бір бөлімін әпсана, келесі бір бөлімін өлең деп атап, келеке етті. Кітап иелері өздерінің талғамдары мен көзқарастарына сай аяттарды қабылдап, басқа аяттарды теріске шығарды. Мұсылмандардың бір тобы да оның бір бөлігін орындап, келіспейтін бір бөлігін іс жүзінде теріске шығарды. Осы топтар мен адамдардың барлығының Құран Кәрім аяттарымен қисынсыз әрі бұрыс қатынастарына байланысты қияметте сұраққа тартылып, өздерінің істерінің жазасын алатындықтары белгілі. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Нағыз мүмін деген илаһи аяттар және оның ахкамдары мен бұйрықтарының бір бөлігін ғана емес, барлығын толық орындайтын адам.2. Құран аяттарының бір бөлігіне көңіл аударып, басқа бөліктеріне көзжұмбайлық танытуды Құран айыптайды. Аяттардың барлығына, фикқ аяттарына, ахлақтық аяттарға, экономикалық және саяси аяттарға да көңіл аударылып, қарастырылуы керек.
«Хыжыр» сүресінің 94-95-96 аяттары:
« فاصدع بما تؤمر و اعرض عن المشرکين » ، « انّا کفیناک المستهزئین » ، « الذين یجعلون مع الله الها ً اخر فسوف يعلمون »
Саған берілген бұйрықты ашық ұқтыр да шерік қатушылардан бет бұр (94). Рас сені мазақтаушыларға қарсы Біз жетіп асамыз (95). Алламен бірге басқа тәңір қылып алғандар, әлі-ақ біледі. (96)
Тарихи рауаяттардан ислам пайғамбарының адамдарды исламға үш жыл көлемінде жасырын түрде шақырғаны белгілі. Оған осы аяттар түсіріліп, Алла оған: «Бұдан былай өзіңнің шақыруыңды ашық түрде орындап, мүшріктер мен мен қарсыластардың тәлкек етушіліктеріне көңіл аударма. Алла сені олардың содырлықтарынан қорғайды» деген бұйрық берді. Сол илаһи әмірден кейін пайғамбар қала халқының ортасында ашық уағыздауға кірісіп, оларды тура жолға шақырып, былай деді: «Шыншыл болу үшін бір Алладан басқа Алла жоқ деп айтыңдар» Құрайыштың ақсақалдары пайғамбардың көкесі Әбутәліпке келіп: «Мұхаммед біздің жастарымызды алдап жүр. Егер оған керегі ақша мен жар болса, береміз» десті. Бірақ пайғамбар: «Мен Алла тарапынан жауаптымын. Өзімнің міндетімнен ешуақытта бас тартпаймын» деді. Әбутәліп те өзінің пайғамбарды қолдайтынын мәлімдеп, мүшріктердің пайғамбарға зиян келтірулеріне кедергі болды. Осы аяттардан мынадай тұжырым жасаймыз:1. Дінді уағыздау және халықты Хақ жолына шақыру жолында қарсыластардың қорлаушылықтары мен кемсітушіліктері және мазақтарынан қорықпау керек. Керісінше міндетті орындау қажет. Алла да қолдау көрсету туралы уәде берді. 2. Өздерінің жалған сенімдерінде табандап тұратындар бір күні өздерінің қателіктерін түсінеді. Бірақ орнын толтыру мүмкіндігі болмаған соң оның не пайдасы бар.
«Хыжыр» сүресінің 97-98-99 аяттары:
« و لقد نعلم انک یضیق صدرک بما یقولون » ، « فسبّح بحمد ربّک وکن من السّاجدين » ، « واعبد ربّک حتي ياتيک اليقين »
Расында олардың айтқандарына көңіліңнің тарайғанын білеміз (97). Енді Раббыңды пәктеп, дәріптеп, сәжде етушілерден бол (98). Раббыңа саған өлім келгенге дейін құлшылық қыл (99).
Мүшріктердің жаратылыс істерін басқаруда пұттарды Алланың серіктерінің бір түрі деп санаған жөнсіз сөздеріне қарсы осы аяттар пайғамбарға тыныштықтың жолын көрсетеді. Аллаға жалбарынып, Оны мадақтап, Алланы әр серік пен ұқсастан пәк деп санап, Оның нығметтеріне алғыс айтып, сәждеге жығылушылардың қатарында болайық. Сәждеге жығылу – намаздың шыңы. Ажал жеткенше үзбей Аллаға құлшылық етудің сенімге қол жеткізуге себеп болатындығы күмәнсіз. Себебі ажалдың жетуімен барлық перделер ашылып, адам шындықтарды сенімді түрде көретін болады. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Алла пайғамбарына ақылдың айқындалуын сыйлағанымен, мүшріктердің Алла туралы жөнсіз сөздерінің пайғамбарға қатты әрі жағымсыз әсер еткені сондай, оның ойы тұмшаланып, кеудесі қысылып, тынысы тарылды. 2. Сыртқы рухани қысымдармен қарсыласу жолы –Аллаға жалбарыну, Оны мадақтау, намаз оқу және сәждеге жығылу.