Жел 19, 2016 18:36 Asia/Almaty

Хыжыр сүресі, 423-ші бөлім, 85-89 аяттар

«Хыжыр» сүресінің 85-86 аяттары:

" و ما خلقنا السّموات والارض و ما بينهما الا بالحقّ و انّ السّاعة لاتية فاصفح الصفح الجميل "، " انّ ربّک هو الخلاق العليم "

Көктер мен жерді әрі екеуінің арасындағы нәрселерді бір шындық бойынша жараттық. Сөзсіз қиямет келеді. Сондықтан көркем, жұмсақ сыңай байқат (85). Шынында Раббың, Ол толық жаратушы, аса білуші. (86)

Өткен бағдарламалар мен «Хыжыр» сүресінің алдыңғы аяттарынан осы жерге дейін Лут және Самуд қауымдары сынды бұрынғы қауымдардың тағдырлары баяндалды. Осы аяттан бастап, Құран ислам пайғамбары мен мұсылмандарды бұрынғы қауымдардан ғибрат алып, қырсықтық пен қыңырлықтарына байланысты аспандық тағылымдарды қабылдаудан бас тартпай, лайықты әдіс-тәсілдерді пайдалануға шақырады. Жоғарыдағы аяттар жаратылыс пен қияметтің ақиқат екендігіне және жаратылыстың мықты да хабардар Алланың қолымен жасалғандығына тоқталып, мүміндерден қарсыластармен кешірім және төзімділікпен қатынас жасауды сұрайды. Осы аяттардан мынадай тұжырым жасаймыз:1.    Жаратылыстың мақсат бар. Ол ақырет әлемі пен қияметке ұласады. 2.    Исламдық ахлақ пен басқаларды кешірудің негізі басталу мен қияметке деген сенімде. Егер қиямет ақиқат болса, барлығының есебі алынады. Мүміндерді кешірсең, Алла да сені кешіреді;  кәпірлерді де кешір, Алла олардың істерін өзі қадағалайды.

 «Хыжыр» сүресінің 87 аяты: 

" و لقد آتيناک سبعا من المثاني والقرآن العظيم "

(Мұхаммед Ғ.С.) әлбетте біз саған қайталанып оқылатын жеті аятты (Фатиха сүресін) және ұлы Құранды бердік (87).

Аспандар мен жердің жаратылысы мен жаратылыс кітабының ұлылығын баяндаған соң осы аят шариғат кітабының ұлылығына, яғни Құран Кәрімге тоқталады. «Сабаа мин алмасаани» деген сөз жеті аяттан тұратын, екі рет түсірілген, намазда екі рет оқылатын «Фатиха» сүресі. Сондай-ақ оның аяттары екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлім Алланың сипаттары туралы, ал екінші бөлім пенделердің Аллаға мұқтаж екендіктері туралы. «Фатиха» сүресінен кейін «Қоран азим» сөзінің айтылуы «Фатиханың» Құранның бір бөлігі болғанына қарамастан, сол сүренің маңыздылығы мен ұлылығына байланысты. Себебі кейде жалпының бір бөлігін маңыздылығына орай тәуелсіз жеке түрде атайды. Осы аяттан мынадай ой түйеміз:1.     Заң тағайындау – Жаратушының құқығы. Аспандар мен жердің және адамның Жаратушысы Алла адамға аспан мен жердегі нығметтерді пайдалану тәсілдері үшін заң тағайындау құқығына ие. 2.     Жеті қат аспандарды жаратқан сол Алла адамға жол нұсқап, оның Жаратушысына мүнәжәт етіп, жалбарынуы үшін жеті аяттан тұратын «Фатиха» сүресін  түсірді.

 «Хыжыр» сүресінің 88-89 аяттары"

لاتمدّنّ عينيک الي ما متعنا به ازواجا منهم ولاتحزن عليهم واخفض جناحك للمؤمنين " ، " و قل انّي انا النذير المبين "

Кәпірлердің кейбіреулеріне біз пайдаландырған нәрселерге көз сүзбе. Оларға қамықпа. Мұсылмандарға қанатыңды жай. (88) “Шын мәнінде мен сендерге ашық ескертушімін” де. (89)

Ислам пайғамбарына қаратып айтылған осы аят хазіретті кәпірлердің материалды нығметтері мен дүниелік табыстарына қарап, қамықпауға шақырады. Бірақ бұл тыйым пайғамбар сондай жағдайға душар болды деген сөз емес. Керісінше бұл Алланың өзінің пайғамбарлары серіктері мен мүміндеріне ғибрат сабағын беруі үшін илаһи тәрбие тәсілінің көрсеткіші. Мұнымен қоса мүміндер олар ғана емес, сонымен қатар Алланың таңдаулылары болып табылатын пайғамбарлардың да Пәруәрдігер анықтаған шеңберден асуға хақтарының жоқ екендігін білулері тиіс. Ислам пайғамбарының ешқашан кәпірлердің дүниелік көріністеріне қызықпағандығы анық. Бұл тыйым Алланың пайғамбарына оның ізбасарлары өздерінің қылықтарына абай болсын деп айтқан ескертуі.  Ислам пайғамбары кәпірлер мен олардың дүниелерінен бас тартқанының көлеміндей Алла оған мүміндерге, әсіресе байлық пен дүние тұрғысынан мақұрым қалғандарға ерекше көңіл бөлуге әмір етеді. Сол адамдардың кедейліктері оларға немқұрайлық пен көңіл бөлмеуге себеп болмауы керек. Осы аяттардан үйренетіміз:1.    Құран сияқты үлкен рухани нығметтерден қапыл қалып, кәпірлердің материалды нығметтеріне көз сүзу мүміндерге қатер тудыратын қауіптердің қатарына жатады. 2.    Халықпен қатынас жасаудағы жұмсақтық пен мейірімділік ізбасарлар да соларды өздерінің өмірлерінің үлгілеріне айналдырулары тиіс илаһи жетекшілердің ерекшеліктері болып табылады.