Жел 19, 2016 18:39 Asia/Almaty

Хыжыр сүресі, 422-бөлім, 74-84 аяттар

«Хыжыр» сүресінің 74-75-76-77 аяттары:

" فجعلنا عاليها سافلها و امطرنا عليهم حجارة من سجّيل " ، ‌" انّ في ذلک لايات للمتوسّمين " ، " و انّها لبسبيل مقيم " ، " انّ في ذلک لاية للمؤمنين "

Оны асты-үсті қып, үстеріне қатқан қиыршықтан тас жаудырдық. (74) Күдіксіз осында қырағылар үшін әлбетте өнегелер бар. (75) Өйткені, ол жер жол үстінде еді. (76) Күдіксіз, осында мүміндер үшін ғибрат бар (77).

Өткен бағдарламада Лут қауымы Алланың қаһарына ұшырап, таң атар кезде алапат аспандық гүрілдің олардың қалаларының үстінен төніп, адамдарды естерінен тандырып, көздерін құртты деп айтқан болатынбыз. Осы аяттар былай дейді: «Гүрілмен қатар қатты зілзала олардың қалаларын асты-үстіне шығарып, ұйқыдағы тұрғындардың үйлерін қиратты. Сол кезде қаланың үстінен, егер біреу қирандылардың астынан қашып шығып, құтқарылатын жай іздеген болса, солардың бастарына түсіп, көздері құрту үшін тұрғындардың басына аспанна тас жауды. Аяттардың жалғасы былай деді: «Сол қауымның қираған үйінділері әлі де сақталған. Сол  маңнан керуендер өтеді. Тек зерек адамдардың ғана мұндай ескерткіштер мен белгілерді көру арқылы шындықтарға көздері жетіп, сондай үйінділерден ғибрат алады. Себебі аталмыш ескерткіштер Алланың құдіретінің әрі Оның осы дүниедегі уәделерінің жүзеге асуының белгілері. Олар адамдардың имандарының нығаюына себеп болады. Осы аяттардан мынадай тұжырым жасаймыз:1. Алланың қолы ашық. Аспаннан рақым жаңбырын жаудыратын сол Алла тас жаудырып, бұзылған қауымның да көзін жоя алады.  2. Бұрынғы қауымдардан қалған ескерткіштер мен белгілер келешек ұрпақ үшін ғибрат болуы керек.

 «Хыжыр» сүресінің 78-79 аяттары:

 " و ان كان اصحاب الايكة لظالمين " ، " فانتقمنا منهم و انّهما لبامام مبين "

Шұғайып (Ғ.С.-ның елі) «әйкеліктер» де залым болған еді (78). Оларды да жазаландырдық. (Самұд, Әйке) екеуі де даңғыл жол үстінде (79).

Лут қауымынан кейін осы аяттар хазірет Шұғайып қауымының жері туралы айтады. Олар жағымды ауа-райы бар, тал-терекке толы аймақта өмір сүрген. Оларды «әйкеліктер» деп атайтын. «Әйке» орман-тоғай деген мағынаны білдіреді. Бұл Мадиян аймағынан басқа. Хазірет Шұғайып екі аймақтың да пайғамбары болған. Осы аяттарда сол қауымның жасаған күнәсының түріне сілтеме жасалмағанымен, зұлымдық деген жалпы күнәні қамитын ұғым болып табылады. Қалай болғанда да, күнә алдымен адамның өзіне, екінші кезекте Алланың пайғамбарлар мектебіне жасалған зұлымдық болып табылады. Алдыңғы аятта Лут қауымы қалаларының үйінділері әлі де бар деп айтылды. Осы аяттар да былай дейді: «Сол қауымнан қалған белгілер сендердің көз алдарыңда. Солардан ғибрат алуларың керек». Осы аяттардан мынадай тұжырым жасаймыз:1. Зұлымдықтың салдары – өлім мен құрдым. Бір адамның зұлымдығы дүниелік азаптың түсірілуіне себеп болмауы мүмкін, бірақ зұлымдық кең етек жайғанда және бір қоғамның адамдары тұтас азғындыққа салынғанда апат пен өлім оларды жағаларынан алады. 2. Ғибрат алу үшін жақсы болсын, жаман болсын бұрынғы жұрттың тарихи ескерткіштерін сақтау қажет.

«Хыжыр сүресінің 80-81-82-83-84 аяттары: 

" و لقد کذب اصحاب الحجر المرسلين " ، " و آتيناهم آياتنا فکانوا عنها معرضين " ، " و کانوا ينحتون من الجبال بيوتا امنين " ، " فاخذتهم الصيحة مصبحين " ، " فما اغني عنهم ما کانوا يکسبون "

Әлбетте (Саліћ елі) хыжырлықтар да пайғамбарларды жасынға шығарған еді. (80) Оларға мұғжизаларымызды келтірдік. Алайда, олар одан бет бұрған еді. (81) Олар, таулардан берік үйлер үңгіп алатын еді. (82) Сонда оларды да таңменен ащы дауыс қолға алды. (83) Олардың істеген еңбектерінің (мықты үйлерінің) өздеріне бір пайдасы болмады. (84)

Лут пен Шұғайып қауымынан кейін осы аяттар Самуд қауымына тоқталады. Олар үйлерін таулардың төсінде салғандықтан, оларды «Хыжырлықтар» деп атайтын. Осы аяттар былай дейді: «Пайғамбарларды теріске шығарып, Алланың белгілері мен мұғжизаларына қарсылық таныту олардың тәсілдері мен әдеттеріне айналды. Олар ешбір пайғамбардың шақыруына көңл аударып, мән бермеді. Хазірет Салех сол қауымның үлкен пайғамбары болды. Ол қауымына қанша үгіт-насихат айтқанымен оларға ешбір әсер етпеді. Олар хазіреттің сөзіне құлақ аспады». «Хыжыр» тұрғындары (Самудтің қауымы) да Лут пен Шұғайыптың қауымдары сияқты Алланың осы дүниедегі азабына ұшырады. Олардың да алапат гүрілмен көздері жойылды. Ойнаған нажағайдың әсерінен пайда болған гүріл олардың көздерінің жойылуына себеп болды. Осылайша олардың таудың төсінен қауіпсіз деп салған үйлері илаһи азаптың алдында іске жарағысыз болып қалды. Осы аяттардан мынадай тұжырым жасаймыз:1. Қырсықтық пен қыңырлық пайғамбарларға қарсылық таныту мен күпірліктің тамыры. Әйтпегенде пайғамбарлардың сөздері түсінікті әрі қабылдауға лайық. 2. Алланың жігерінің алдында ештеңе де қарсыласу күшіне ие емес. Осы дүниедегі билік, байлық пен мүмкіндіктерге масаттанбайық. Бұлардың барлығы илаһи қаһардан құтылу үшін ешқандай әсер ете алмайды.