Жел 19, 2016 18:41 Asia/Almaty

Хыжыр сүресі, 421-ші бөлім, 65-73 аяттар

«Хыжыр» сүресінің 65-66 аяттары:

« فاسر باهلک بقطع ٍ من الليل و اتبع ادبارهم و لا يلتفت منکم احدٌ وامضوا حيث تؤمرون » ، « و قضينا اليه ذلک الامر انّ دابر هؤلاء مقطوع مصبحين » “

Дереу кештің бір бөлімінде түн қатып, үй-ішіңді алып жөнел. Өзің олардың артында жүр. Сендерден ешкім артына қарамасын. Бұйырылған жерге жете беріңдер” (65). (Лұт Ғ.С. ға): “Күдіксіз олардың соңы таңменен жоғалады” деген бұйрықты білдірдік (66).

Алдыңғы бағдарламада Алланың періштелері хазірет Ибраһиммен жолыққаннан кейін хазірет Лутқа барып, оның қауымының көзін жою туралы хабарды оған айтты деген болатынбыз. Осы аяттарда періштелер хазірет Лут пен оның отбасы мүміндерінің қаладан шығатын уақыттары мен тәсілдерін хабарлап, оларға Алланың азабын міндетті түрде түсіретін және сол бұзылған қауымды толығымен жою уәдесін береді.  Күнәһарлар илаһи азапты келеке етіп, пайғамбарлардың ескертулеріне қатысты: «Егер рас айтып тұрсаңдар, бізге Алланың азабын тезірек түсіріңдер» дейді. Олар шын мәнісінде осы дүниеде Алланың қаһарына ұшырауға лайық. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Алланың азабында құрғақ пен ылғал бірге күймейді. Тек қана күнәһарлар азапқа душар болады. Мүміндер Алланың ризашылығымен құтқарылады.2. Күнә жеке адамнан асып, бүкіл қоғамда белең алған кезде Алланың азабының түсірілуін күту керек. 

«Хыжыр» сүресінің 67-68-69 аяттары:

« و جاء اهل المدينة يستبشرون » ، « قال انّ هؤلاء ضيفي فلا تفضحون » « و اتقوا الله و لا تخزون »

Қаланың халқы (арсыздық істеу үшін) қуанысып жетті (67). (Лұт Ғ.С.): “Рас бұлар, менің қонағым. Мені қорламаңдар” деді. (68) “Алладан қорқыңдар. Мені ренжітпеңдер…” (69).

Хазірет Луттың үйіне періштелер енген кезде қарсыластармен серіктестік жасайтын хазіреттің әйелі оларға хазіретке сондай қонақтардың келгенін хабарлай қояды. Олар өздерінің әдепсіз тілектеріне жету үшін хазіреттің үйінің айналасына жиналады. Хазірет Лут оларға барып: «Бұл адамдар менің қонақтарым. Мен олардың алдарында ұятқа қалатындай ештеңе айтпаңдар, ештеңе істемеңдер» дейді. Осы аяттардан үйренетеніміз:1. Күнаһар қоғам бір-бірін күнә жасауға ынталандырып, итермелейді. Күнә жасау туралы бір-біріне қуана хабарлайды. 2. Қонақ ерекше құрметке ие. Үй иесі қонақтың құрметі мен құқығының сақталуына жауапты. 

«Хыжыр» сүресінің 70-71 аяттары:

« قالوا او لم ننهک عن العالمين » ، « قال هؤلاء بناتي ان کنتم فاعلين »(Олар): “

Біз сені елді қорғаудан тыймап па едік?”, - деді (70). (Лұт Ғ.С.): “Егер айтқанымды істейтін болсаңдар, мыналар қыздарым” деді (71). 

Хазірет Луттың оларды қонақтарына зорлық жасаудан тыйған сөздеріне қарсы олар талап ету түрінде: «Бұл адамдарды қонақ етіп қабылдауға сенің рұқсатың жоқ. Сондықтан оларды үйіңнен шығарып, бізге бер» деді. Олардың арсыз ойларынан хабардар болған хазірет Лут: «Менің қонақтарыма неге жаман оймен қарайсыңдар? Одан да менің қыздарыммен үйленіп, күнәға батудан бойтартыңдар. Жыныстық талап-тілекті қанағаттандыратын табиғи жол – үйленудің орнына, неліктен біржыныстық қатынасқа бой ұрып, осындай жаман іске ұрынып, сол тілектеріңе жету үшін үнемі неліктен табандылық танытасыңдар?» деді. Бірақ олардың жауаптарының болмағаны тек өздерінің арсыз тілектерін қуаттап тұрып алғандары белгілі жәйт. Осы аяттардан үйренетініміз.1. Егер қоғам бұзылса, кейде күнәһарлар мен қылмыскерлер талап етушілерге айналып, пәк түзу жандардан жауап талап етіп, олардың өздеріне көмектесіп, серіктестік жасауын күтеді.  2. Адамдарды күнә жасаудан тыю үшін халыққа халал және түзу жолды таныстырып барып, күнәдан тыю керек. Себебі илаһи мектепте жыныстық тілек басып-жаншылмайды. Керісінше адам оны дұрыс жолмен қанағаттандыру үшін оған тура жол нұсқалады. 

«Хыжыр» сүресінің 72-73 аяттары:

« لعمرک انهم لفي سکرتهم يعمهون » ، « فاخذتهم الصيحة مشرقين »

(Мұхаммед Ғ.С.) Өміріңе серт! Олар, расында мастықтарында дел-сал еді. (72) Сонда оларды күн шыға ащы дауыс алды. (73)

Хазірет Луттың оларға дұрыс ұсыныс жасағанына қарамастан, күнәһарлар қылмыс жасауға ұмтылды. Күнәнің ләззаты оларды масаттандырып, естерінен айрылған еді. Олар хақты көрмей, хақты танудан қалған еді. Осындай жағдайда Алла Лут қауымына азап түсірді. Аспандық гүріл қатты зілзалаға себеп болып, келешек ұрпақ үшін және тыйым салынғандарға рұқсат берілген деп, рұқсат етілгендерді тыйым салынған деп көретіндерге ғибрат болсын деп олардың көздерін жойды.  Осы аяттардан мынадай тұжырым жасаймыз.1. Күнә адамды мастыққа душар етіп, адам бұрыс жолға түскенін көрмей, жүре беретіндей оның ақылын тұмшалайды.    2. Илаһи жазалар қияметке ғана қатысты емес. Күнәһар қауым осы дүниеде де жазаға ұшырайды.