Хыжыр сүресі, 420-шы бөлім, 54-64 аяттар
Хыжыр сүресі, 420-шы бөлім, 54-64 аяттар
«Хыжыр» сүресінің 54-55-56 аяттары:
" قال ابشّرتموني علي ان مسني الکبر فبم تبشّرون " ، " قالو بشّرناک بالحقّ فلا تکن من القانطين " ، " قال و من يقنط من رحمة ربّه الا الضالون "
Ыбырайым (Ғ.С.): “Маған кәрілік жеткенде қуантасыңдар ма? Мені неліктен сүйіншілейсіңдер?”, - деді. (54) (Періштелер): “Біз сені бір шындықпен сүйіншіледік. Енді күдер үзушілерден болма!” деді. (55) (Ыбырайым Ғ.С.): “Раббының рахметінен адасушылардан басқа кім күдер үзеді?”, - деді. (56)
Алдыңғы бағдарламада бірнеше періштенің адам кейпіне еніп, хазірет Ибраһимге келгенін айттық. Хазірет Ибрахим оларды танымағандықтан қорқып кетті. Бірақ олар өздерін таныстырып, Алла тарапынан сүйінші әкелгендіктерін, ол Ибраһимнің ұл перзентінің дүниеге келетіндігі туралы сүйінші хабар екендігін айтты. Осы аяттар былай дейді: «Хазірет Ибраһим олардың сүйіншілеріне берген жауапта қартайған шағында перзент сүйетіндігі туралы естіген сүйінші хабарды ғажайып іс деп атады. Бірақ олар бұл сүйіншінің хақ әрі нақты орындалатын іс екендігін және қанша жаста болғандығына қарамастан илаһи сүйіншіден күдер үзуге болмайтындығын айтты. Осы аяттардан мынадай ой түйеміз:1. Алланың мүмкіндігін шектеулі деп санамайық. Алла үшін мүмкін емес ешқандай іс жоқ. Адамның таңғажайып істерге таңданыс білдіретіндігі тағиби жағдай. Тіпті егер пайғамбар болса да бұл таухид пен бірқұдайшылыққа деген сенімге қайшы емес. 2. Пайғамбарлар «үмітсіздікке салынба» деген сынды илаһи ескертулермен тәрбиеленген. Бұл іс олардың пәктіктеріне қайшы келмейді. ,3«
Хыжыр» сүресінің 57-58 аяттары
" قال فما خطبکم ايّها المرسلون " ، " قالوا انّا ارسلنا الي قوم مجرمين "
(Періштелерге): “Әй, елшілер! Жұмыстарың не?”, - деді. (57) (Елшілер): “Расында біз бір қылмысты елге жіберілдік” деді (58).
Хазірет Ибраһим мен періштелердің сұхбаттарының жалғасынан олардың келулерінің негізгі мақсаты хазірет Ибраһимнен сүйінші сұрау емес, Лут қауымының көзін жоюға жауапты екендіктері белгілі болады. Хазірет Луттың хазірет Ибраһимнің қол астына қарайтын, Лут қауымына жетекшілік еткен уағыз айтушы пайғамбарлардың бірі болғандығын айтқан жөн. Сол себепті періштелер хазірет илаһи әмірден хабардар болу үшін және пайғамбарлардың мәртебесі сақталуы үшін алдымен хазірет Ибраһимге келіп жай-жапсарды баяндады. Осы аяттардан мынадай тұжырым жасаймыз:1. Періштелер жаратылыс жүйесінің орындаушылары әрі илаһи әмірлерді орындауға жауапты болып табылады. Олар мүміндер үшін дұға тілеп, кешірім сұрайды, ал күнәһарлар үшін илаһи қаһарды түсіреді. 2. Егер адамдардың арасында күнә жасау етек жайса, илаһи қаһардың түсірілетіндігі кесімді іс. Күнәһарлар осы дүниеде жазаларын алады.
«Хыжыр» сүресінің 59-60 аяттары:
" الا آل لوط انّا لمنجّوهم اجمعين " ، " الا امرأته قدّرنا انّها لمن الغابرين "“
Лұт (Ғ.С.)-ның сыбайластарын түгел құтқарамыз” (59) “Бірақ, оның жұбайы құтқарылмайды. Өйткені, оны типыл болатындардан болуын ұйғардық” (60).
Егер Алла Тағала бір қаланы жоятын болса, жақсы мен жаманның арасында айырмашылық болмай, сол қаладағы бүкіл адамның өлетіндігі түсінікті. Сондықтан періштелер хазірет Ибраһимге былай деді: «Күнәһар емес хазірет Луттың отбасына бұл азап қатысты емес. Біз оларға қаладан кету туралы еретерек хабар береміз. Бірақ хазірет Луттың жұбайы хазіреттің ішкі жауы болды. Ол ықпалды адам ретінде хазірет Луттың хабарлары мен бағдарламаларын кәпірлерге жеткізіп отырды. Сол себепті түсірілетін азапта ол кәпірлермен бірге болады. Отбасының басқа мүшелерінің қаладан шығып кетуінен ол хабарсыз қалып, сол қалада қалып, көзі жойылуы керек».Осы аяттардан мынадай ой түйеміз:1. Пайғамбарлардың нағыз ізбасарлары дүниедегі жазалардан да сақтандырылған. Алла Тағала олардың құтқарылу негізін әзірлеп қояды. 2. Пайғамбарлардың мектебінде принцип байланыста емес, ереже мен өлшемде. Мектептік байланыстар адами байланыстардан жоғары. Сондықтан Луттың жұбайы илаһи қаһарға душар болды.
«Хыжыр» сүресінің 61-62-63-64 аяттары:
" فلمّا جاء آل لوط المرسلون " ، " قال انّکم قوم منکرون " ، " قالوا بل جئناک بما کانوا فيه يمترون " ، " واتيناک بالحقّ و انّا لصادقون "
Елшілер Лұттың отбасына келгенде: (61) “Сөзсіз сендер бөгде кісілерсіңдер” деді. (Лұт Ғ.С. оларға) (62) (Елшілер): “Жоқ біз олардың күманданған азабын алып келдік” деді. (63) “Біз саған нақты шындықты келтірдік. Әрине шын айтамыз” (64)
Алланың пайғамбарлары шындығында Лут қауымының көзін жоюға жауапты болды деп айтқанымыздай, олардың хазірет Ибраһимге келуі мәртебесі жоғарырақ пайғамбарға көрсеткен құрметтері еді. Алайда Лут қауымын өлтіру хабарынан бұрын хазіретті перзентті болатындығымен сүйіншілеген болатын. Осылайша хазірет Ибраһимнен кейін періштелер хазірет Лутқа келген кезде хазірет Лут та хазірет Ибраһим сияқты оларды танымады. Періштелер сұлу жүзді жас жігіттердің бейнесінде келгендіктен хазірет Лут оларға өзінің күнәһар қауымы зорлық көрсете ме деп қорқып кетеді. Алайда олар өздерін таныстырғаннан кейін былай деді: «Осы күнәһар қауым теріске шығарған азапты оларға әкелдік. Бұл Алланың хақ уәдесі». Осы аяттардан мынадай қорытынды жасаймыз:1.Алланың ескертулерін қалжыңға баламайық. Олардың орындалатындығына күмән мен шәк келтірмейік. Өзіміз де соған душар болуымыз мүмкін.2. Алланың жазалары хақ пен әділет негізі бойынша және күнәһарларға лайық түрде беріледі.