Хыжыр сүресі, 419-шы бөлім, 45-53 аяттар
Хыжыр сүресі, 419-шы бөлім, 45-53 аяттар
«Хыжыр» сүресінің 45-46-47-48 аяттары:
" انّ المتقین فی جنّات و عیون " ، " ادخلوها بسلام امنين " ، " و نزعنا ما فی صدورهم من غلّ اخوانا علی سرر متقابلین " ، " لایمسّهم فیها نصب و ما هم منها بمخرجين "
Сөзсіз тақуалар бақшаларда және бастауларда болады. (45) Жаннатқа амандықпен кіріңдер! (46). Олардың жүректеріндегі кекті шығардық. Туыс болып, тақтардың үстінде бір-біріне қарсы отырады (47). Жаннатта олар шаршамайды да одан шығарылмайды (48).
Тозақтағы күнәһарлардың орнына сілтеме жасалған өткен бағдарламаның жалғасында осы аяттар жұмақтағы пәк, тақуа және діндар адамдардың орнына тоқталып, былай дейді: «Осы дүниеде күнәдан бойларын аулақ салған адамдар мен тақуа жандарға Алла Тағала һәм көп пейіштік нығмет, һәм денсаулық, һәм тыныштық пен рухани жайлылық және рахат сыйлайды. Осы аяттардағы көңіл аударарлық қызық жәйт, ол мүмін адамдардың жүректерінен басқаларға қатысты барлық кек пен жаман көзқарастың шығуы болып табылады. Онсыз олардың жұмаққа кірулеріне негіз әзірленбейді. Себебі, жұмақ ұрыс-керіс пен жамандықтың орны емес. Ол жерде кейде дүниелік бақуаттылық болғанымен, рухани тыныштық жоқ дүниеге қарсы, жұмақ тұрғындарының барлығы тыныштық пен қауіпсіздікте өмір сүреді. Бірақ қияметте жұмақ тұрғындары үшін барлық нығмет беріледі, соның ішінде бақуаттылық, сондай-ақ денсаулық пен қауіпсіздік, риясыз қарым-қатынас. Жан қинайтын ештеңе болмайды. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Осы шектеулі дүниеде күәдан аулақ болу мәңгілік нығметке жеткізеді. Ондай болса ақыретті дүниеге сатпайық. 2. Жұмақтың нығметтері көп қырлы, жан-жақты, толыққанды. Ол жерде жұмақ тұрғыны материалды және рухани тұрғыдан, жеке бас және әлеуметтік тұрғыдан, қауіпсіздік бойынша орасан нығметтерге кенеледі. Бірақ бәрінен маңыздысы, Алланың ризашылығына бөлену мен илаһи сәлем мен қошамет болып табылады. 3. Адамдарының арасында кек пен өкпе-реніш бар қоғам мен отбасы жұмақтық емес. Жұмақтықтардың арасында өкпе-реніш деген болмайды.
«Хыжыр» сүресінің 49-50 аяттары:
نبّئ عبادی انّی انا الغفور الرّحیم "، " و انّ عذابی هو العذاب الالیم "
Мұхаммед Ғ.С.) құлдарыма хабар бер. Күдіксіз Мен аса жарылқаушы, ерекше мейірімдімін. (49) Шын мәнінде азабым да күйзелтуші. (50)
Тақуа және діндар адамдардың соңы қандай болатындығын баяндаған соң осы аяттар күнәһарларға қаратып былай дейді: «Егер тәубеге келіп, өткендеріңнен бас тартсаңдар, Алланың өте мейірімді әрі жомарт екенін біліңдер. Ол сендердің күнәларыңды кешіреді. Бірақ, егер өздеріңнің күнәларыңнан бас тартпай, қайталап, әрі қарай жалғастыратын болсаңдар, илаһи қатты қаһар мен жазаға ұшырайтындықтарыңды біліңдер. Қашатын ешқандай жолдарың болмайды». Осы аяттардан мынадай тұжырым жасаймыз: 1. Пайғамбар илаһи махаббат пен рақымнан адамдарды хабардар етіп, оларға кешірім үмітін сыйлауға жауапты.2. Алланың мейірімі мен рақымы Оның қаһары мен ызасынан артық. Бірақ тозақтыққа айналатындай Оның рақымына масаттанбайық.
«Хыжыр» сүресінің 51-52-53 аяттары:
" و نبئهم عن ضیف ابراهیم " ، " اذ دخلوا علیه فقالوا سلاما" قال انّا منکم وجلون " ، " قالوا لاتؤجل انّا نبشّرك بغلام علیم "
Оларға Ыбырайым (Ғ.С.)-ның қонақтарының да жайын айт. (51) Сол уақытта періштелер Ыбырайым (Ғ.С.) ның жанына кіріп: “Сәлем” дегенде, Ыбырайым (Ғ.С.): “Біз сендерден қорқамыз” деді. (52) (Періштелер): “Қорықпа! Біз сені білімді бір ұлменен шүйіншілейміз” деді. (53).
Осы аяттар хазірет Ибраһимге періштелер адам кейпінде көрінген хикаяға тоқталады. Сол себепті хазірет Ибраһим оларды танымай, қорқып кетеді. Бірақ олар өздерін Алланың елшілері деп таныстырып, болашақта даналардың бірі болатын, Ибраһимнің есімін тарих бойында сақтайтын оны дүниеге келетін перзенті туралы сүйіншілеуге жауапты екендіктерін айтады. Алланың хазірет Ибраһимнің екі ұлы туралы да оған сүйінші беруі қызық жәйт. Бірінші рет Һаджерден Исмайыл есімді ұлының дүниеге келетіндігі туралы сүйінші сұрады. Осы жолы Сара дүниеге әкелетін Ысқақ есімді ұлына қатысты сүйіншіледі. Ысмайыл туралы: «Ғоламе халим» десе, Ысқақ туралы «Ғоламе алим» деді. Бұл сүйіншілеудің себептері мынада болатын: хазірет Ибраһим кәрілік жасқа жеткен болатын. Сол себепті оның табиғи түрде перзент сүюі мүмкін емес еді. Бірақ Алла Тағала түзу әрі мүмін пенделеріне ерекше мейірім сыйлап, пенделерінің дұғасын орындап, оларға осындай перзенттер сыйлайды. Осы аяттардан мынадай қорытынды жасаймыз:1. Алланың қалауымен кейде періштелер адам кейпіне еніп көрінеді. Көбінесе танылмайды. Сол себепті хазірет Ибраһим пайғамбар бола тұра оларды танымады. 2. Сәлемдесу – аспандық әдептің бір түрі. Періштелер де кездесудің басында сәлем берді. 3. Пайғамбарлардың өмір тарихы пәк, тақуа адамдар үшін илаһи ең жақсы мейірімнің үлгісі