Жел 19, 2016 18:47 Asia/Almaty

Хыжыр сүресі, 418-ші бөлім, 39-44 аяттар

"Хыжыр» сүресінің 39-40 аяттары:

" قال ربّ بما اغویتنی لازيننّّ لهم في الارض و لاغوینّهم اجمعين " ، " الا عبادک منهم المخلصين "

(Ол): “Раббым, мені қаңғыртқандығың үшін әлбетте адам баласына жер жүзіндегі (жаман) нәрселерді жақсы көрсетіп, олардың барлығын адастырамын” деді. (39) “Бірақ олардың ішіндегі нағыз құлдарыңды адастыра алмаймын” (деді) (40).

Алдыңғы бағдарламада Ібілістің періштелердің қатарында болғандығына қарамастан, Алланың «Адамға сәжде ет» деген бұйрығына бағынбаушылық танытқандығына байланысты ол Алланың дәргаһынан қуылып, Алланың лағынетіне душар болды деп айтқан болатынбыз. Осы аят былай дейді: «Ібілістің адамға сәжде етпеуі оның жұмақтан қуылуына себеп болғандықтан ол адамдарды адастыратын құралдарды әзірлейтіндігін айтып, ант ішті. Бірақ Пәруәрдігердің мейіріміне бөленген пәк, адал және түзу адамдарды сол қатерден босатып, оларға өзінің үстемдік пен ықпал ету күшіне ие еместігін мойындайды. Осы аят шайтанның адамдардың ой-пікірлері мен іс-әрекеттеріне ену жолы жаман әрі сорақы істерді әдемі етіп көрсетуі деп атаған. Себебі, егер адам жаман нәрсені жаман етіп көргенде табиғи түрде ондай іске бармайды. Бірақ жаман нәрселерді жақсы деп көріп, тыйым салынғандарды рұқсат деп түсінген кезде ондай істерді жасауғ оңай қадам басады. Басқаша айтқанда, шайтан адамды күнә жасауға мәжбүрлемейді. Бірақ күнәні бізге әдемі етіп көрсетеді. Сол кезде адам күнә жаққа тартыла түседі. Шайтан да өзінің адасушылығын себепсіз Алламен байланыстырып былай дегені сынды: «Уа, Алла! Сен мені адастырдың». Өйткені Алла біреуді адастырмайды. Бірақ егер  біреу бұрыс жолды таңдаса, Алла оған кедергі жасамайды. Оның алдынан жолды жаппайды. Себебі бұл Алланың адам мен жынға ықтияр мен ерік беруіне негізделген сүннетіне қарсы. Ібіліс өз еркімен бағынбаушылық танытты. Сол кезде Алла оны өз жөніне жіберді. Алла Тағала күнәһар адамдарға да осылай етеді. Күнә жасай салысымен оларды жазаламайды немесе көздерін жоймайды. Осы аяттардан үйренетініміз:1.    Күнәһар адамдар кейде өздерінің істерін ақтап, Алланы кінәлі деп санап, өздерінің күнәларын Алламен байланыстырады. 2.    Шайтанның тура жолдан тайдыру және адастыру құралы – сорақылықтарды көркем етіп көрсетуі. Оған алданып қалудан сақ болайық.

 «Хыжыр» сүресінің 41-42 аяттары:

" قال هذا صراط عليّ مستقيم " ، " انّ عبادي ليس لک عليهم سلطان الا من اتبعک من الغاوين . "

(Алла): “Маған келетін тура жол осы” деді. (41) “Менің шынайы құлдарыма ықпалың жүрмейді. Бірақ, саған кім ерсе, адасқандардан болады” (42).

«Мен адамдардың барлығын адастырамын. Тек біраз адам ғана менің алдауыма түспейді» деген шайтанға қарсы Алла Тағала осы аятта мүмін адамдардың көңілдерін жайландырып: «Сендер «шайтанның үстемдігіне түстік, шайтанның азғыруынан қашып құтылатын жол жоқ» деп ойламаңдар. Керісінше шайтанның мүміндерге ықпал ететін ешқандай жолы жоқ. Адасушылық пен бұрмалаушылықты қалайтындар ғана шайттанның билігіне түседі» дейді. Алланың өзі тура жолдың қорғаушысы әрі кепілі. Шайтан хақты тұмшалап, адамдар хақ қайсы, жалған қайсы екендігін білмей күдіктенетіндей емес, Алла оны кез-келген бұрмалаушылықтан қорғайды. Осы аяттардан үйренетініміз:1.    Күнәһарлар өз еріктерімен Алланың соңынан ереді. Шайтан оларды күнә жасауға мәжбүрлемейді. Шайтанның ісі мәжбүрлеу емес, азғыру.2.    Егер ғибадат пен тақуалықпен Алланың құлдарының қатарынан орын алсақ, соншалықты шайтанның қолжетімділігінен алыстап, бұрмалаушылық пен күнәдан сақтандырыламыз.  

«Хыжыр» сүресінің 43-44 аяттары:

" و انّ جهنّم لموعدهم اجمعين " ، " ‌لها سبعة ابواب لکلّ باب منهم جزءٌ مقسوم "

“Сөз жоқ, олардың бәрінің уәделі жері жаћаннам” (43) Тозақтың жеті қақпасы бар. Әр қақпаға олардан бір бөлігі айрылады (44).

Құран Кәрімнің ерекшеліктерінің бірі адамдар қауіп-қатерлерден қорқып, сол істерге бармауы үшін ескерту жасауы болып табылады. Ескерту жасау пайғамбарлардың міндеттерінің бірі әрі олардың жанашырлықтары мен жақсылық тілейтіндіктерінің белгісі болған. Алла осы аятта «Шайтанға ерудің соңы – тозақ. Абай болыңдар, күнәнің әдемі және көркем көріністері сендерді азғырмасын. Бір сәттік ләззат үшін өмірлеріңді илаһи қаһардың отына душар етепеңдер» деп ескертеді. Жеті есіктен тұратын тозақ, яғни адамның өлім құрдымына ұшырауына себеп болатын факторлар өте әркелкі. Барлық адасушылар бір жол арқылы тозақтыққа айналады деген сөз емес: жасты бір жолмен, қартты басқа жолмен, ер адамдарды бір жол арқылы, әйел адамдарды басқа жолмен адастырады; қара халық бір жолдар арқылы, данышпандар басқа жолдардан адасуға түседі;  байлар бір жол арқылы, пақырлар басқа жолдан. Қалай болғанда да шайтанның адамды адастырудағы жолдары әртүрлі. Әр адамға әсер ету жолы да әртүрлі.  Осы аяттардан мынадай тұжырым жасаймыз:1.    Тозақ жұмақ сияқты дәрежелер, мәртебелер мен қабаттарға ие. Әр адам өзінің күнәсіне сай жазаланады.2.    Бұл дүниені таңдауда қателесуге ұрынатындай, істердің соңы деп санамайық. Әр таңдауда қияметті назарға алайық.