Жел 19, 2016 18:48 Asia/Almaty

Хыжыр сүресі, 417-ші бөлім, 32-38 аяттар

«Хыжыр» сүресінің 32-33 аяттары:.

 " قال يا ابليس مالک الا تکون مع السّاجدين " ، " قال لم اکن لاسجدَ لبشر خلقته من صلصال من حمأٍ مسنون " 

«Әй, Ібіліс! Сен неге сәжде қылушылармен бірге болмадың» деді (32) (Ібіліс): «Сен бейнеленген қара балшықтың кеуіп, сыңғырлағанынан жаратқан адамға сәжде етуіме болмайды» деді. (33) 

Өткен бағдарламада Адамды жарату және періштелердің оған сәжде етуге бұйырылғандары туралы баяндалған оқиғада Ібілістің Адамға сәжде етуден бас тартқанын айттық. Осы аяттар былай дейді: «Ібіліс бұйрықты орындамауының себебін өзінің топырақтан жаратылған адамнан артық екендігінде деп атап, кемсітіп былай деді: «Мен төмен топырақтан  жаратылған тіршілік иесінің алдында бас иейін бе?» Шайтан оған Адамның маған сәжде ет демегенін, адамға сәждеге жығыл деп Алланың бұйырғанын ұмытты. Егер адам әмір еткенде шайтан оның айтқанына көнбеуге, «Мен сенен бұрын болғанмын. Сенен ілгерімін» деп айтуға бәлкім хақысы болар ма еді. Бірақ Алла бұйрық берген кезде тіпті, егер адам бір тастан жаратылғанда да ол Алланың әміріне құлақ асып, қабылдауы керек болатын. Осы аяттардан мынадай ой түйеміз:1. Тәкәппарлық рухының қауіптілігі сондай, егер адам періштелердің арасында және періштелердің кеңістігінде болса да, тіпті Аллаға қарсы қырсықтыққа душар болады. 2. Нәсілдік артықшылық – бір шайтани ой. Алланың жанында Алла оны басқалардан артық еткен адамнан басқа барлық мақұлық бірдей. 

«Хыжыр» сүресінің 34-35 аяттары:‌

" قال فاخرج منها فانّک رجيم " ، " و انّ عليک اللعنة الي يوم الدّين "

Алла: Ондай болса олардың (періштелердің) мекенінен шық. Сен шынында қуылдың» (34). “Шынында саған қиямет күніне дейін лағынет бар…” (35) 

Ібіліс өзінің бағынбаушылығын мойындаған соң, бойсұнбаушылығы үшін көңіл тұшытарлық дәлел келтіре алмаған соң Алла оны қол жеткізген деңгейінен түсіріп: «Қиямет күніне дейін менің рақымымнан мақұрым қаласың» деді. Рауаяттарда айтылғандай, жындар әулетінен болып табылатын Ібіліс көп ғибадат етуіне байланысты періштелердің қатарынан орын алған еді. Сол себепті Алла Адамға сәжде жасауға бұйрық берген кезде ол да періштелердің сапында болды. Сондықтан бұйрық оған да қатысты болды. Бірақ ол Аллаға бағынбаушылық танытқан соң өзінің орнынан қуылып, илаһи лағынетке душар болды. Осы аяттардан мынадай қорытынды шығарамыз:1.Тәкәппарлық пен ұлылыққа ұмтылу ұлылық әкелмейді. Керісінше кемсітушіліктің себебіне айналады. Тәкәппарлыққа салынған шайтан Алланың кемсітушілігіне ұшырады. 2. Өмір бойы тазалықты сақтап келіп, өлтіретін бір қасық у ішкен сынды, кейде бір бағынбаушылықтың өзі ғұмыр бойғы жасаған ғибадаттың жойылуының себебіне айналады.

 «Хыжыр» сүресінің 36-37-38 аяттары: 

" ‌قال ربّ فانظرنی الي يوم يبعثون " ، " قال فانّک من المنظرين " ، " الي يوم الوقت المعلوم "

(Ібіліс): “Ендеше Раббым! Маған қайта тірілетін күнге дейін кеңшілік бер” деді (36). (Алла Ібіліске): “Расында саған кеңшілік берілді” деді. (37) “Белгілі бір мерзімге дейін” (38).

Шайтан қиямет күніне дейін қарғыс пен лағынетке ұшырағанын түсінген кезде Алладан сол күнге дейін өзіне мұрсат беріліп, тірі қалуын сұрады. Алланың сүннеті мұрсат беру болғандықтан, Алла әлбетте қаншалықты беруді дұрыс деп санаса, соншалықты шайтанға мұрсат берді. Бірақ қиямет күніне дейін емес, Алланың алдында белгілі уақытқа дейін. Шайтан өзінің Аллаға мойынсұнбаушылығы үшін кешірім сұрап, күнәсы үшін тәубеге келудің орнына Алладан мұрсат сұрап, Аллаға бағынбаушылығын мойындауымен мынадай өтініш жасады: «Уа, Құдай! Маған мұрсат бер!» деп мұрсат сұрауының себебін де айтпайды. Алла да оның сол өтінішін орындап, оған мұрсат берді. Осы аяттардан мынадай тұжырымдар жасаймыз:1.    Алла Тағала өзінің ең үлкен дұшпаны шайтанның тілегін орындап, мұрсат бергенде біз, адамдар Алланың рақым есігінен ешқашан үмітімізді үзбеуіміз керек. 2.    Шайтанның мақсаты – адамды адастыру. Олай болса абай болайық. Тақуалық және діндарлықпен өзімізді шайтанның азғыруынан сақтайық.