Жел 19, 2016 18:50 Asia/Almaty

Хыжыр сүресі, 416-шы бөлім, 26-31 аяттар

«Хыжыр» сүресінің 26-27 аяттары:

" ولقد خلقنا الانسان من صلصال من حمأ مسنون " ، " والجانّ خلقناه من قبل من نارالسّموم "

Расында адамды бейнеленген қара балшықтың сыңғырлап құрғағанынан жараттық. (26) Жындарды да (адамнан бұрын) түтінсіз оттан жаратқан едік. (27)

Өткен бағдарламаларда аспан мен жердің және жаңбырдың жаратылуы сынды кейбір нығметтерді баяндағаннан кейін осы аяттар адам мен жынның жаратылуына тоқталып, қысқаша түрде былай дейді: «Адамның негізі – су мен топырақ. Жынның негізі – от». Құранда адамның жаратылуы туралы айтылған көптеген аяттардан мынадай тұжырым жасауға болады: адам басқа хайуандардан тәуелсіз жаратылған. Адам – хайуанның дамыған түрі емес. Алғашқы адам, яғни хазірет Адамды Құдай тікелей топырақтан жаратып, оған дем үрлеп, оның бойына жан салды. Адам ұрпағының жалғасуы да топырақтан алынатын қорекке тәуелді. Құранның кейбір аяттарында да бұл мәселеге көңіл аударылған. «Каһф» сүресінің 37 аятында адам бастапқыда топырақтан, кейін ұрық арқылы жаратылған деп жазылған. Бірақ адамнан басқа, «жын» деген көзге көрінбейтін мақұлықтар да жаратылған. Бұлар адамнан бұрын жаратылған, әрі олардың саны адамдарға қарағанда көбірек. Құранның көптеген аяттарында соларға сілтеме жасалып, тіпті Құранның бір сүресі солардың атымен «Жын» сүресі деп аталған. Құран мәдениетінде «жын» Алла оған қаратып сөз айтатын, ол Алланың сөзін түсінетін, Алланың алдында міндет пен жауапкершілікке ие  тіршілік иесі болып саналады. Жындар да адамдар сынды әйел, еркек болып бөлініп, ұрпақ әкеледі. Олардың бір тобы – мүмін, келесі бір тобы – кәпір. Хазірет Адам мен Хауаны алдаған Ібіліс – жын. Бірақ Аллаға ғибадат еткені үшін ол періштелердің қатарынан орын алған болатын. Алла Тағала оған «Адамға сәжде ет» дегенде ол Оның әміріне бағынбай, кәпірге айналды. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Адамның құны мен асылдығы оның тәнінде емес, рухында. Себебі оның денесі қара түсті жаман топырақтан жаратылған. 2. Мүмін адам сезілетін, көзге көрінетіндермен қатар жын мен періштелердің де бар екендігі сынды көзге көрінбейтін ғайып істерге де иман келтіреді. 

«Хыжыр» сүресінің 28-29 аяттары: 

" و اذ قال ربّک للملائکة انّی خالق بشرا من صلصال من حمأ مسنون " ، " فاذا سوّیته و نفخت فیه من روحی فقعوا له ساجدین "

Мұхаммед (Ғ.С.) сол уақытта Раббың періштелерге: “Бейнеленген қара балшықтың кеуіп, сыңғырлағанынан Адам жаратамын” деді. (28) Оның жаратылысын тамамдап, оған рухымнан үрлеген (жан салған) сәтте, оған сәжде қылыңдар! (Бас иіңдер!) (29)

Осы аяттар Алланың Адамды жарататын оқиғасын періштелермен ортаға салғандығына тоқталады. Бұл мәселе Құранның кейбір сүрелерінде жазылған. Осы аяттардан періштелердің де адамнан бұрын жаратылғандарын түсінуге болады. Аяттарға сәйкес адамға сәжде жасау әмірі адамның топырақтан жаратылғаны үшін емес, адамға Алланың рухы үрленгендігіне және адамға Алланың ерекше көңіл бөлуіне абайланысты болды. Алланың рухының адамға үрленудегі мақсаты – тірі болу және тыныс алу дегенді білдірмейтіндігі анық. Өйткені бұл іс хайуандарға да тән. Мәселе – Алланың адамға тарту еткен мүмкіндіктері мен қабілет-дарындарында. Адам ғылым мен  өнердің кемелдігіне қол жеткізе алады. Періштелердің адамға сәжде етулері жай құрмет көрсету рәсімі болған жоқ, олардың адам баласының, адам ұрпағының алдында көрсеткен бойсұнушылықтары болды. Себебі періштелер адамға қызмет етеді.  Осы аяттардан үйренетініміз:1. Адам екіқырлы тіршілік иесі: һәм материалды, һәм рухани. Сондықтан ол һәм инстинктті қажеттіліктерді, һәм рухани жағдайды қажет етеді. 3. Адам – илаһи кейбір кемелдіктер мен сипаттардың көрінісі. Ондай мүмкіндіктерді оның болмысына Алла Тағала қалаған.

«Хыжыр» сүресінің 30-31 аяттары:

" فسجد الملائکة کلهم اجمعون " ، " الا ابلیس ابی ان یکون مع السّاجدین "

Сонда періштелер тұтас сәжде қылды (30). Бірақ, Ібіліс сәжде қылушылармен бірге болудан бас тартты (31).

Адамның жаратылуына байланысты оған сәжде ету туралы илаһи әмірдің жалғасында барлық періштелер ешқандай теріске шығарушылықсыз, ешқандай наразылықсыз адамның алдында сәждеге жығылды. Себебі, періштелер негізінен таза ақыл иелері. Аллаға бағынбау дегеннің олар үшін мағынасы жоқ.  Басқа аяттарда да олар ешбір жағдайда бағынбаушылық танытпайды деген жәйт баса айтылған. Бірақ осы ретте Құранның басқа аяттарына сәйкес жын болған Ібіліс қарсыласа алатындықтан, бағынбаушылық танытып, сәждеге жығылғысы келмеді. Себебі ол өзін адамнан артық санады. Ол өзін Адаммен салыстырудың орнына Алланың бұйрығын орындап, Алланың әміріне мойынсұнып, тіпті, егер адам жыннан төменірек болса да, бірақ олай болған емес Адамға сәжде жасауы тиіс болған. Осы аяттардан мынадай тұжырым жасаймыз:1. Намазхандардың қатарына қосылып, солармен бірге сәждеге жығылуға барғысы келмейтін адамдар шайтани рухқа ие. 2. Мүмін адам, егер оны түсінбесе немесе зейініне бұрыс келсе онымен қарсыласатындай илаһи істердің дәлелі мен пәлсапасының соңына түспейді.