Жел 19, 2016 18:51 Asia/Almaty

Хыжыр сүресі, 415-ші бөлім, 21-25 аяттар

«Хыжыр» сүресінің 21 аяты:Өйткені, біздің қасымызда әр нәрсенің қорлары бар. Бірақ белгілі мөлшерде ғана түсіреміз. (21)Жаратылыс пен барлық тіршіліктің жаратушысы болып табылатын Алла Тағала әр мақұлық үшін белгілі мөлшер мен көлем белгіледі. Бұл – илаһи хикмет негізі бойынша. Себебі, Ол – Жаратушы. Мақұлықтардың қажеттіліктерін Ол қамтамасыз етеді. Барлық қабілеттер мен әлеуеттердің бастауы, қайнар көзі Содан. Бірақ әрбір нығмет пен илаһи сыйдың берілуі анық және белгілі мөлшер негізі бойынша. Бұл іс Құранның әртүрлі аяттарында «тағдир» сөзі арқылы (әрбір жаратылыс үшін көлемнің анықталуы, белгіленуі) баяндалған. Бұл адамдардың илаһи мүмкіндіктері мен нығметтеріне қол жеткізудегі роліне көзжұмбайлық таныту деген мағынада емес, керісінше адамдар талпыныс жасаған жағдайда нығметтің осы мөлшеріне қол жеткізеді дегенді көрсетеді. Шынтуайтында, талпыныс пен еңбексіз илаһи сый-тарту мен Оның қазына-қорын алу үшін негіз жоқ. Осы аяттан үйренетініміз:1. Барлық тіршілік иелерінің жаратылысы, олардың қабілет-дарындары, ерекшеліктері Алланың қолында. Ол хикмет пен мәслихат бойынша әрбір тіршілік иесіне оның қажеттілігіне сәйкес береді. 2. Құдайдан басқаны іздемейік. Барлық нәрсенің бастау-бұлағы Алланың жанында.

«Хыжыр» сүресінің 22 аяты:

" و ارسلنا الرّياح لواقح فانزلنا من السّماء ماء فاسقيناکموه و ما انتم له بخازنين "

Пайдалы желдерді жібердік те аспаннан жаңбыр жаудырып, сендерді сонымен сусындаттық. Әйтпесе, сендер оны жинап ала алмайсыңдар (22).

Осы аят алдыңғы аятта баяндалған илаһи қорлардың дәлелдерінің  біріне сілтеме жасап, былай дейді: «Өмірді жалғастыру үшін сендердің маңызды қажеттіліктерің онымен өздеріңді өздерің қамтамасыз етуге шамаларың келмеген, әлі де әлдерің жетпейтін ауыз су. Алайда Алла желдің күшін пайдалану арқылы бұлттарды жердің әртүрлі бөліктеріне жіберіп, бұлттардың бір-біріне соғылысуынан сендерді суғарып, шөлдеріңді қандырсын деп, сендер үшін жаңбыр жаудырды». Осы аяттан мынадай тұжырымға келеміз:1. Бұлт, жел және жаңбыр – адамның өмірі солармен тығыз байланысты маңызды илаһи нығметтер. 2. Жаратылыс өз алдына жіберіле салған әрі табиғи себептер мен факторлар жаратылыстың басқаратындай емес, илаһи даналық бойынша басқарылады.

 «Хыжыр» сүресінің 23-24-25 аяттары: 

" و انّا لنحن نحيي و نميت و نحن الوارثون " ، " و لقد علمنا المستقدمين منکم و لقد علمنا المستاخرين " ، " و انّ ربّک هو يحشرهم انّه حکيم عليم "

Күдіксіз біз тірілтеміз де өлтіреміз. Сондай-ақ барлығының мұрагері бізбіз. (28-С. 88-А.) (23) Расында сендерден бұрын келгендерді де білеміз. Сондай-ақ кейінгі келетіндер де бізге мәлім. (24) (Мұхаммед Ғ.С.) сөз жоқ, Раббың оларды (қияметте) жинайды. Өйткені, Ол – хикмет иесі, толық білуші (25).

Осы аяттар адамның өмірі мен өлімін тілге тиек етіп, былай дейді: «Сендердің өмірлерің мен өлімдерің, не өздеріңнің, не басқаның қолында емес, Алланың қолында. Ол –мәңгілік. Ол – барлық жаратылыстың мұрагері. Олардың өлімінен кейін де, қияметте де өлгендердің барлығы Оның әмірімен тіріліп, Ол ғылым мен хикмет негізі бойынша оларға қатынас жасайды. Бұл істе сендер мен бұрынғылар және болашақтағылардың арасында айырмашылық жоқ. Себебі Алланың жанында өткен шақ, қазір және болашақ дегеннің айырмашылығы жоқ. Ол үшін барлық нәрсе белгілі және анық. Алла өткенді ұмытатындай не ұмытшақтыққа душар болмайды, не болашақтан бейхабар болатындай Оның жанында іс түсініксіз емес. ????Осы аяттардан үйренетініміз:1. Алланың ғылымында уақыттың өтуінің әсері болмайды. Оның ғылымы өткенге, қазірге және болашақ үшін бірдей.2. Егер Құдай барлық адамдардың мұрагері болса, қияметте де іске жарайтын өзімізден мұрагерлікке жақсы іс қалдырайық. 3. Алланың хикметінің қажеттілігі өлгендердің осы әлемнен кейін қиямет-қайымда қайта тірілетіндігінде. Егер адамның ісі өлумен аяқталатын болса, істің есеп-қисабы болмаса, жаратылыстың мағынасы болмаған болар еді.