Хыжыр сүресі, 414-ші бөлім, 12-20 аяттар
Хыжыр сүресі, 414-ші бөлім, 12-20 аяттар
«Хыжыр» сүресінің 12-13 аяттары:
" کذلک نسلکه فی قلوب المجرمین " ، " لا یؤمنون به و قد خلت سنّة الاولین "
Осылайша (мазақтаған нәрсесін) күнәкарлардың жүректеріне кіргіземіз (12). Сонда да олар оған сенбейді. Расында бұрынғылар да сөйтіп өткен болатын (13)
Өткен бағдарламада еске салушы ретінде таныстырылған Құранның түсірілуі сөз болды. Осы аяттар былай дейді: «Олардың көбісі хақты естіп, түсіне тұра иман келтірмеген бұрынғы қауымдар сынды Құран соларға қаратып айтылған кейбіреулердің де жүректеріне Құранның ақиқаты жол тауып, түсінгендерімен олар оны қабылдауға дайын емес». Осылайша осы аятта екі сүннет баяндалған: біріншісі, қияметте «Біз Алланың сөзін естімедік, білмедік» деп айтпас үшін кәпірлерге дәлелді аяқтайтын Алланың сүннеті; келесісі тарих бойында солай болған кәпірлердің хақтың алдында қырсығып, қыңырлық таныту дәстүрі. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Алла оларға дәлел аяқталып, кешірім қалмау үшін барлық адамдарға жетекшіліктің құралын әзірледі.2. Адамды хақты қабылдаудан ұстайтын нәрсе ол жүректі хақты қабылдаудан мақұрым ететін қылмыс пен күнәға батушылық.
«Хыжыр» сүресінің 14-15 аяттары:
« ولو فتحنا علیهم بابا" من السّماء فظلّوا فیه یعرجون » ، « لقالوا انّما سکرت ابصارنا بل نحن قوم مسحورون »
Егер оларға көктен бір есік ашсақ, дереу жоғары шығып бара жатса: (14) “Расында көздеріміз байланды. Бәлкім біздер жадыланған елміз” деседі. (15).
Қарсыластар пайғамбардан періште түсіруді сұрады. Осы аят былай дейді: «Тіпті, егер олардың алдарынан аспан есіктерін ашсақ та, олар періштелердің мекені жоғарғы әлемге жол тапса да, бәрібір иман келтірмей, сылтау айтып, «біздің көздеріміз сиқырланып, жадыланып қалды. Біздің көріп тұрғанымыз ақиқат емес, елес қана дейді». Осы аяттардан үйренетініміз:1. Оны қабылдау үшін хақты білу және түсіну жеткілікті емес. Көп жағдайда қырсықтық хақты қабылдау мен иман келтіруге кедергі болады. 2. Хақты қабылдағысы келмейтін адам содан жалтару үшін ең үлкен мұғжизаларды да сиқыр және жады деп атайды.
«Хыжыр» сүресінің 16-17-18 аяттары:
" ولقد جعلنا فی السّماء بروجا و زيناها للناظرين " ، " و حفظناها من کل شیطان رجیم " ، " الا من استرق السّمع فاتبعه شهاب مبین "
Расында біз көкте жұлдыздар жаратып, қараушылар үшін аспанды безедік. (16) Сондай-ақ ол көкті бүкіл қарғыс тиген шайтаннан қорғадық (17). Дегенмен кім ұрлықшылап тыңдаса, оны жарық ұшқын қуады (18).
Алдыңғы аятта былай делінді: «Егер кәпірлер мен қарсыластарды періштелерді көрсін, олардың сөздерін естісін деп жоғарғы әлемге апарсақ та, олар бәрібір иман келтірмейді». Осы аяттар былай дейді: «Бірақ періштелердің әлеміне ену оңай емес. Себебі соған ықпал етіп, ғайыптың хабарларын естуді көздейтін, Алланың қаһарына ұшырап, жұмақтан қуылған шайтандар оны от-жалынмен қоршайды». Табиғи және сырттай қарағанда Алла аспанды әдемі етіп жаратты. Әсіресе түнде жер тұрғындарының көз алдарында көркем әрі тартымды көрініс пайда болады. Мұның барлығы Алланың қалауы болды. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Аспан денелері және олардың әртүрлі орбиталарда айналу тәсілі таухид пен Аллаға табынушылықтың әсерлерінің бірі.2. Қай жерде шайтан сипатты тың-тыңдаса, қоғамның зияткерлік орталықтары тыңшылардан қауіпсіз болу үшін онымен қатаң және кесімді қатынас жасау керек.
«Хыжыр» сүресінің 19-20 аяттары:
" والارض مددناها و القينا فیها رواسی و انبتنا فیها من کلّ شِِئِ موزون " ، " و جعلنا لکم فیها معایش و من لستم له برازقین "
Тағы жерді жайдық та оған асқар таулар орналастырдық. Сондай-ақ ол жердегі әр нәрсені мәлім мөлшерде өсірдік. (19) Және жерге сендер үшін де, сендер ризық бере алмайтындар үшін де күн көріс жасадық. (20)
Жаратылыстағы Алланың құдіреті мен ұлылығын баяндаған аяттардың жалғасында осы аяттар жердің нығметі мен оның адамға берген көптеген нығметтері мен берекелері туралы айтып былай дейді: «Мөлшер бойынша ақылмен жаратылған Жердің барлық құбылыстары: тау мен дала, теңіз кездейсоқ, бағдарламасыз іс емес. Адамдардың тұрмыстық және өмірлік барлық қажеттіліктерін шеше алатындай мақсатта жаратылған. Бірақ жер бетінде адамдар, сендерден басқа көптеген тіршілік иелері өмір сүреді. Алла Тағала олардың да ырзығын жер бетінен даярлап, олардың да қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. 1. Жер бетінде өсімдік-шөптердің өсуі ең үлкен илаһи нығметтердің бірі. Әйтпегенде құрғақ, өнімсіз жердің не пайдасы болған болар еді?2.Алла адамдармен барлық мақұлықтарының ырзығын дайындап қойған. Егер өмірде қиындықтар туса, оның себебі біздің өзіміздің әлсіз жоспарлауымызда.