Хыжыр сүресі, 413-бөлім, 7-11 аяттар
Хыжыр сүресі, 413-бөлім, 7-11 аяттар
«Хыжыр» сүресінің 7-8 аяттары:
« لو ما تاتینا بالملائکة ان کنت من الصّادقین » ، « ما ننزّل الملائکة الا بالحقّ و ما کانوا اذا" منظرین »
“Егер сен шыншылдардан болсаң періштелерді неге әкелмейсің?” (7). Періштелерді бір шындық түрінде ғана түсіреміз де сол уақытта оларға мұрсат берілмейді (8).
Алдыңғы бағдарламада олардың анық қисыны және қарапайым тағылымдарымен қарсыласу күштері жоқ пайғамбарлардың қарсыластары оларды кемсітіп, қорлап, оларды «есі ауысқан», ал өздерін «ақылды» деп санаған сөздер айтты дедік. Осы аят қарсыластардың қисынсыз сөздеріне тоқталып, былай дейді: «Олар хақты қабылдау шарты ретінде илаһи сөзді тікелей солардың өздерінен есту үшін періштелерді көргісі келетін тілек білдіреді. Егер адам пайғамбардың шақыруын қабылдамаса, ол періштенің сөзін де қабылдамайды. Оның үстіне Алла үшін иман келтіргісі келетін әркімнің өтінішіне жауап берудің, мәселен періште жіберудің еш мағынасы жоқ. Маңызды мәселе ол пайғамбарлардың қисыны, хақ сөздері мен көрсеткен ғажайыптары, егер қанағаттандырарлық болса қабылдау қажет. Егер, тіпті пайғамбардың сөздерінің жанында он періште көрінсе де хақты қабылдамайтын адам бәрібір қабылдамайды. Себебі бүгінде үнділік монахтар да таңқаларлық, төтенше нәрселер жасайды. Бірақ соған бола олардың сөздеріне сеніп, солардың соңдарынан еруге болмайды. Өйткені олардың істері қабылдауға және ақылға қонымды қисынға ие емес. Аяттардың жалғасы былай дейді: «Егер Алла қарсыластардың талап-тілектеріне жауап беріп, періште жіберсе олардың дінді қабылдаудан басқа амалдары қалмаған болар еді. Егер қарсылық білдіріп жатса илаһи азап жедел түсірілген болар еді. Ал бұл қарсыластарға мұрсат беру туралы Алланың сүннетіне сәйкес келмейді». Осы аяттардан мынадай тұжырым жасаймыз:1. Кәпірлер мен қарсыластардың әрбір талап-тілегіне мән бермеңдер. Олардың бір өтініші орындалса, олар келесі өтінішті көлденең тартатын болады. 2. Періштелердің түсірілуі адамдардың өтінішітері мен талап-тілектері негізінде емес, Алланың ақиқаты мен мәслихаты негізінде.
«Хыжыр» сүресінің 9 аяты:
" انا نحن نزّلنا الذکر و انّا له لحافظون "
Расында Құранды Біз қорғаушымыз (9).
Алла қарсыластардың айыптаулары мен қарсылықтарының алдында мүміндерді жұбатып, былай дейді: «Құранның шынайылығына ешбір күдік-күмәндарың болмасын. Бұл Құран Алла тарапынан пайғамбардың жүрегіне түсірілді. Оны сақтау және қорғау Алланың өзінің жауапкершілігінде. Сол себепті, не уәһи түсірілген кезде, не уәһи халыққа хабарланған кезде, не уәһи жазушылар Құранды жазба түрге түсірген кезде ешқандай өздерінің жанынан қосу, араласушылық немесе бұрмалаушылық орын алған жоқ. Құдай тарихтың соңына дейін Құранда ешқандай қысқарту, кеміту немесе артық қосушылықтың орын алуына рұқсат бермейді. Сол себепті мұсылмандардың көбісі Құранның барлығын сақтап, үнемі оны намазда және басқа уақыттарда қырағат етуде сақ болған. Уәһилердің жазушылары да көп болды. Олар жазатайым уәһилердің жазылуында қандай да болмасын қателік кетіп қалмасын деп, өздерінің жазбаларын үнемі бір-бірімен салыстырып, қадағалап отырды. Осы аяттан үйренетініміз:1. Құран – адамды адамның барлық бақытсыздықтарының себебі болып табылатын қапылдықтан шығаратын Алланың ескертуі. 2. Құранның аспандық басқа кітаптардың артықшылығы – оның кез-келген бұрмалаушылықтан қорғалуы.
«Хыжыр» сүресінің 10-11 аяттары:
" ولقد ارسلنا من قبلک فی شیع الاوّلین " ، " و ما یاتیهم من رسول الا کانوا به یستهزؤن "
Расында (Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрын алғашқы топтарға да елші жібердік. (10) Оларға келген пайғамбарды олар мүлде тәлкек қылар еді (11).
Алланың сүннеттерінің бірі пайғамбарлардың ресалатын жалғастыруы болып табылады. Алла әртүрлі қауымдардың арасына көптеген пайғамбарлар жіберді. Бірақ олардың көбісі уағыздаушы пайғамбарлар болды. Олар негізгі және кітапқа ие негізгі пайғамбарлардың шариғат ретінде әкелгендерін уағыздап, халықты сол жаққа шақырды. Бірақ пайғамбарлардың барлығы сонымен бетпе-бет келген қиындықтардың бірі – ол кемсітушілік және айыптау арқылы илаһи шақырудың таралуы мен халықтың иманға бет бұруына кедергі болған халықтың бір тобының қарсылығы мен қырсықтығы болды. Осы аяттар аталмыш мәселені баяндап, мүміндерге «Сенімдерің мен амалдарыңда ешқашан үмітсіздік пен бойкүйездікке немесе әлсіздікке салынбаңдар. Бұл қарсыластардың тарих бойындағы әдеттері болған» деген ескерту жасайды. Олар пайғамбарлардың анық қисындарының алдында өздерінің әлсіздіктерінің орнын толтыру үшін оларды тәлкек етіп, пайғамбарлармен олардың соңынан ерушілердің қарапайым өмірлерін сылтау етті. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Тарих бойындағы басқалардың кешкен қиындықтарына назар аудару адамның қиындықтарға шыдауын жеңілдетеді. 2. Алла жіберген әр пайғамбарды қарсыластардың келеке еткендеріне қарамастан, Алла келесі пайғамбарды жіберуді тоқтатқан жоқ. Өйткені халыққа әр кезде дәлел көрсетіліп, кешірім мен сылтау қалмау керек.