Хыжыр сүресі, 412-ші бөлім, 1-6 аяттар
Хыжыр сүресі, 412-ші бөлім, 1-6 аяттар
«Ибраһим» сүресінің аяқталуымен осы бағдарламада Құран Кәрімнің он бесінші «Хыжыр» сүресін бастаймыз. Бұл сүре 99 аяттан тұрады. Пайғамбардың қоныс аударуынан бұрын Меккеде түскен. «Хыжыр» - хазірет Салеһтің қауымы сол жерде өмір сүрген қаланың аты. Осы атау аталмыш сүренің 80-ші аятында келген.
«Хыжыр» сүресінің 1-3 аяттары:
" الر ، تلک آیات الکتاب و قرآن مبین " ، " ربما یودّ الذین کفروا لو کانوا مسلمین " ، " ذرهم یاکلوا و یتمتّعوا و یلههم الامل فسوف یعلمون "
Ұғымын Алла біледі. Бұлар Кітаптың, ап-ашық Құранның аяттары. (1) кейде сондай қарсы болғандар да: “Әттең! Мұсылман болсақ еді” деп арман қылады. (Мұхаммед Ғ.С.) оларды қойып қой. Жесін, пайдалансын; дәмелері айналдырсын. Олар жуықта түсінеді. (3).
Бұл сүренің бастауы көптеген басқа сүрелер сияқты Құранның жоғары мәртебесі мен оның құнды аяттарының адамдарға ақиқатты түсіндірудегі роліне тоқталады. «Хыжыр» сүресі Құран Кәрімнің «моғаттае» әріптерімен басталатын басқа 29 сүресі сынды аталмыш әріптерден басталып, осы кітаптың басқа кітаптар мен адамзаттың жазбаларынан айырмашылықтарын баяндайды. Аяттардың жалғасы маңызды жайтқа тоқталып былай дейді: «Кәпірлер осы дүниеде, әсіресе қияметте «Шіркін, мұсылман болғанымызда ғой. Иман иелерінің осы дүниедегі рухани тыныштықтары мен ақыреттегі жұмақтық нығметтеріне ие болар едік» деп армандайды. Бірақ, бұл арман ғана. Олар иман келтіру жолында еш әрекет етпей, ішіп-жеу мен киім және дүниелік ләззаттар мен нәпсілік тілектердің соңында болып, қылмыстық және харам істерінен бас тартқылары келмейді. Олай болса, уа, пайғамбар! Мұсылмандар! Оларды өздерінің жөндеріне жіберіңдер, ләззатқа құнығудың салдарын жақында түсінетін болады». Кәпірлердің хақ дінге дәлелдер мен қисын арқылы шақырылып, бірақ қырсықтық пен мойынсұнушылық танытпаған кезде өз жөндеріне жіберілетіндігі түсінікті. Әйтпегенде Алла пайғамбарларды осы адамдарға тура жол нұқсау үшін жіберген. Бірақ олар хақ сөзді естуге және ол жайында ойлануға әзір болмағандықтан, осы адамдардың барлығы иман келтірмеді деп орынсыз өкінудің қажеті жоқ. Осы аяттардан үйренетінміз:1.Бүгінде мұсылмандардың істерін күлкіге айналдыратын адамдар бір күні «Шіркін, мүмін болғанымда ғой» деп қайғыратын болады. 2. Жақсы болу және жақсыға айналу деген арман жеткіліксіз. Іс жүзінде әрекет ету керек. Жақсы болу жолында қадам жасау керек. 3. Дінді уағыздау мен дінге шақыруда және жеткшілік етуде пайдасы жоқ қырсық, надан лайықсыз адамдарға уақыт кетірудің қажеті жоқ.4. Алланың мейірімділігі сондай, тіпті Ол өзінің нығметтерін кәпірлерден де аямайды. Бірақ солар нығметтердің қадірін білмейді.
«Хыжыр» сүресінің 4-5 аяттары:
" و ما اهلکنا من قریة الا و لها کتاب معلوم " ، " ما تسبق من امة اجلها و ما یستاخرون "
Ешбір жұртты белгілі бір мерзімсіз әсте жоқ етпедік. (4) Ешбір үммет ажалын ілгерілете алмайды да кейіндете алмайды (5).
Алланың кәпірлерге осы дүниеде мұрсат бергендігін айтқан алдыңғы аяттардың жалғасында осы аят былай дейді: «Әлбетте бұл мұрсаттың Алланың алдында анық мерзімі бар. Өзінің уақыты жеткен кезде күнәһар қауымның көзі жойылады. Ешбір адам тағайындалған уақытты жылдамдатып немесе оны кешіктіре алмайды». Ажал екі түрлі: міндетті түрде келетін ажал және міндетті түрдегі емес ажал. Бұл аяттың айтып тұрғаны өзгермейтін, міндетті түрдегі ажал. Ал міндетті түрдегі емес деген ол ажал дұға, садақ мен ізгі істер арқылы кешіктірілетін ажал. Осы аяттардан мынадай ой түйеміз:1. Кәпірлерге мұрсат беру – Алланың сүннеті. Бірақ олардың белгілі анық уақытта ажалдарының жетуі де Алланың сүннеті.2. Адамдар ғана емес, сонымен қатар қауымдар мен қоғамдардың да Алланың жанында анық және белгілі шектеулі уақыттары мен ажалдары бар.
«Хыжыр» сүресінің 6 аяты:
" و قالوا یا ایّها الذی نزّل علیه الذکر انّک لمجنون "
(Кәпірлер, Пайғамбарға): “Әй, өзіңе үгіт (Құран) түсірілген! Сен анық жындысың” деді. (6)
Осы аят кәпірлердің пайғамбарлармен қатынас жасау тәсіліне тоқталып былай дейді: «Олар пайғамбарларды жынды деп атап, өздерін ақылды деп санайды. Олардың көзқарастары бойынша Алла тарапынан пайғамбарлық міндет және илаһи уаһидің түсетіндігін айтқан адамдардың естері дұрыс емес. Соның әсерінен осындай сөздер айтып, осындай үлкен уәждер айтады». Арабтардың надандық мәдениеттерінде «жынды» есінен адасқан адам, жын соққан адам деп саналған. Яғни сондар адамдар жындардың әсерінен өзгеше сөздер айтып, өзгеше қылық көрсетеді. Жәһілдік дәуірде арабтар «ақын деген ол жындармен байланыс жасау арқылы өлең шығара алатын адам деген сенімде болған. Бірақ қалай болғанда да Алланың пайғамбарларына мұндай сөз айту екі нәрсені айқындайды. Бірінші, олардың әдепсіздіктерін көрсететін кәпірлердің қорлау және кемсіту тәсілдері. Келесісі, кәпірлер пайғамбарлардың анық сөздері мен аспандық тағылымдарының алдында олардың сөздерін теріске шығару үшін ешқандай қисын мен дәлелге ие емес. Олар бар болғаны жәбірлеп, қорлаумен шектеледі. Бұл бүгін де пайғамбарлар мектебінің қарсыластары соны қолданып отырған тәсіл болып табылады. Олардың егер Құран Кәрімнің тағылымдары туралы дәлелдері болса, соны келтіру арқылы айтудың орнына келеке, карикатуралармен орынсыз қорлаушылықтармен исламның қасиеттіліктеріне құрметсіздік көрсетіп, келемеждеуге тырысады. Осы аяттардан үйренетініміз.1. Қарсыластардың жала жабушылықтары мен құрметсіздіктерінің алдында табандылық танытайық. Бұл олардың иманды адамдармен қатынас жасаудағы ежелгі тәсілдері. 2. Хақ және ақиқатпен кейбір адамдардың қырсығулары олардың өздерін ақылды, ал Алланың елшілерін жынды деп айтатындай жағдайға жетеді.