Жел 19, 2016 19:01 Asia/Almaty

Ибраһим сүресі, 411-ші бөлім, 46-52 аяттар

«Ибраһим» сүресінің 46-47 аяттары:

" و قد مکروا مکرهم و عندالله مکرهم و ان کان مکرهم لتزول منه الجبال " ، " فلا تحسبنّ الله مخلف وعده رسله انّ الله عزیز ذوانتقام "

Олар түрлі мекерлік істеді. Негізінде олардың мекерліктері тіпті тауларды қозғалтатын болса да мекерліктерін Алла іске асырмайды (46). (Мұхаммед Ғ.С.) Алла пайғамбарларына еткен уәдесінен таяды деп ойлама! Шәксіз Алла өте үстем, өш алу күшіне ие. (47)

Алдыңғы аяттарда Алла Тағала қияметттегі зұлымдардың жағдайы мен солардың талап-тілектерін және олардың бұрынғы қауымдардан ғибрат алмастан өздерінің жалған жолдарында табандап тұрғандары туралы айтты. Осы аят былай дейді: «Хақтың үнін өшіру үшін залым басшылар мен жетекшілердің жоспарлаған кез-келген қастандықтарының жобасынан Алла хабардар әрі соның барлығын залалсыздандыруға Оның күші жетеді. Олар тауларды қопарып, бұзуға соларды орындарынан қозғауға күштері жетсе Алланың билігі мен жігерінен құтылдық деп ойламасын. Алланың пайғамбарларына хақтың жеңісі мен жалғандықтың көзінің жойылатындығы туралы берген уәделері бос, негізсіз жүзеге аспайтын уәделер деп ойламасын. Себебі, Алланың алдында ешбір күш төтеп бере алмайды. Егер Алла қаласа, ешкім Оның қатты жазасынан қашып құтылуға жол таппайды. Осы аяттардан үйренетінімзі:1. Алланың мүміндерге жәрдемдесуді кешіктіруі Аллаға иман мен Оның күшіне күдіктенуге себеп болмауы керек.2. Алланың кәпірлер мен зұлымдарға беретін мұрсаты Оның қапылдығы пен ұмытқандығынан  емес, даналық сүннеті негізі бойынша. 

«Ибраһим» сүресінің 48 аяты:

" یوم تبدّل الارض غیرالارض و السّموات و برزوا لله الواحد القهّار "

О күні, жер басқа жерге, көктер де басқаға ауыстырылады. Әлем жалғыз, өктем Алланың хұзырына шығады. (48) 

Қиямет күнінің белгілерінің бірі Құранның көптеген аяттарында сол жайлы қуатталған аспандар мен жердегі жүйенің бұзылып, істен шығуы. Тауларды орындарынан қопарып, қозғалысқа түсіретін қатты зілзала келеді. Жерді тас қараңғылық басып, аспандағы жұлдыздар шиеленісіп, қалыпты жүйе аяқталады. Қайтадан жаңа жүйе орнап, өлгендер тіріліп, өздерінің ғамалдары мен істерінің сыйлары мен жазалары көру үшін илаһи әділ сотқа келеді: Жалғыз және абсолютті Үстем Алла ғана ол жерде үстемдік ететін сотқа келеді. Осы аяттан үйренетініміз:1.    Егер Алла күнәһарлар мен зұлымдардың жазасын осы дүниеде бермесе, қияметте оларды толығымен жазалайды. Одан қашып құтылатын жол жоқ. 2.     Қиямет залымдарға рақым мен сезім білдіретін жер емес. олар Алланың қаһарына душар болғандар.

«Ибраһим» сүресінің 49-50 аяттары:

 " و تری المجرمین یومئذ مقرّنین فی الاصفاد " ، " سرابیلهم من قطران و تغشی وجوههم النّار "

Сол күні күнәкарлардың шынжырларға маталғанын көресің (49). Олардың көйлектері қара майдан болады да олардың беттерін от шалады (50).

Осы аяттар қияметтегі қорлық пен пәстікті, басқа жақтан күнәһарлардың қатты азаптарын баяндайды. Олардың аяқ-қолдары мен мойындары шынжырмен маталып, һәм дене азабы, һәм рухани азапқа ұшырайды. Оның өзі басқа күнәһарлар мен қылмыскерлердің көз алдарында орын алады. Олардың көргендерінің өзі ауыр азап.  Тозақтықтардың киімі иісі жаман, қара шайыр сияқты отты лаулатып, соны өршіте түсетін «ғетран» атты жанғыш зат болады. Осы аяттардан мынадай қорытынды жасаймыз:1.    Құран қияметті болмайтын іс деп санамауымыз үшін тап қазір соны көріп тұрғандай, көз алдымызда қазір өтіп жатқандай сипаттайды. 2.     Күнәһарлар осы дүниеде нәпсілік тілектерге беріліп, немесе мақтанғандарында киген сол киімдер қияметте олардың қатты азаптарына себеп болады деп айтуға болады. 

«Ибраһим» сүресінің соңғы 51-52 аяттары:.

 " لیجزی الله کلّ نفس ما کسبت انّ الله سریع الحساب " ، " هذا بلاغ للناس و لينذروا به و لیعلموا انّما هو اله واحد و لیذكر اولواالالباب "

Өстіп, Алла тез есептеуші. (51) Бұл (Құран) адам баласына бір құлақтандыру. Бұл арқылы сескенсін және шын мәнінде Алланың жалғыз Тәңір екенін білсін. Әрі ақыл иелері үгіт алсын. (52)

Осы сүренің соңы былай дейді: Қиямет жақсы мен жаман әрбір істің лайықты сыйы мен жазасын беретін илаһи әділдік негізінде орнайды. Қияметтегі есеп айырысуға Алла жауапты.Пайғамбарлардың тағылымдары мен аспандық кітаптар да күнәһарлар мен қылмыскерлерге ескерту жасайтын, ақылдылар ғибрат алатын негіз болуы керек. Әйтпегенде кез-келген бұрмалаушылық пен қателік үшін негіз болатын қапылдыққа душар болады. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Осы дүниеде ешбір іс жауапсыз қалмайды. Барлық нәрсе Алланың жанында тіркелген. 2. Хабарламаның жалғыз өзі жеткіліксіз. Қорқыту мен ескерту де лазым. Білу жеткіліксіз, ескерту мен көңіл бөлу де лазым.