Жел 19, 2016 19:06 Asia/Almaty

Ибраһим сүресі, 410-шы бөлім, 40-45 аяттар

«Ибраһим» сүресінің 40-41 аяттары:

" ربّ اجعلنی مقیم الصّلوة و من ذریتی ربّنا و تقبّل دعاء " ، " ربّنا اغفرلی و لوالدیّ و للمؤمنین یوم یقوم الحساب " 

“Раббым! Мені әрі ұрпақтарымды намазды толық орындаушы қыл! Раббымыз! Тілегімді қабыл ал!” (40) “Раббымыз! Есеп құрылатын күні мені, әке-шешемді және мүміндерді жарылқа!”, - (деді) (41)

Хазірет Ибраһим әйелі Һаджер мен перзенті Ысмайылды Меккенің құрғақ, сусыз жеріне орналастырған кезде былай деді: «Уа, Алла! Оларды намазды орындасын деп осы жерге әкелдім».  Бұл жерде да хазірет Ибраһим өзі, ұрпағы мен үрім-бұтағы туралы дұға тілеп, олардың намазхан болуыларын, Алланың олардың намаздары мен ғибадаттарын қабылдауды сұрайды. Алланың пайғамбарлары тек өздерінің ғана намаз оқуларын ойламайды. Сонымен қатар оалр өздерін қоғамда намаздың оқылуына әрі намаз мәдениетінің сақталуына  жауапты деп санайды. Егер бір жағдай болса, адамдар намаз ғана оқып қоймайды, сонымен қатар нағыз намазханға айналып, олардың отбасына, қоғамға қатысты қылықтары мен мінез-құлықтары кез-келген өзімшілдік пен менмендіктен алыстап, мойынсұну мен қарапайымдылық негізінде болатын іс. Осы аяттың жалғасында дұғаның жалпылық белгісі болып табылатын өзі мен отбасы және барлық мүміндер үшін кешірім сұрау дұғасын тілейді. Өзіңнен бұрын басқалар үшін дұға тілеу және солар үшін жақсылық сұрау исламдық рауаяттарда өте көп тапсырылған іс. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Алланың құлдарының белгілері – Пәруәрдігердің ұлылығы мен билігін адамның мойынсұнушылығы мен кішілігін еске салатын Оның дәргаһынан дұға тілеу. 2.Дұғада һәм дүниеден өткен ата-баба, һәм келешек ұрпақ пен солардың перзенттерін де ойлау керек. 

«Ибраһим» сүресінің 42-43 аяттары:

" و لاتحسبنّ الله غافلا" عمّا یعمل الظالمون انّما یؤخّرهم لیوم تشخص فیه الابصار " ، " مهطعین مقنعی رؤسهم لایرتدّ الیهم طرفهم و افئدتهم هواء "

(Мұхаммед Ғ.С.) Алла (Т.) залымдардың істегендерінен кәперсіз деп әсте ойлама! Шынында Алла оларды көздер шарасынан шығатын бір күнге дейін кешеулетеді. (42) (Сол күні) олар бастарын қақшитып, олардың көздері өздеріне де қайрылмай және жүректері ұшып, жүгіріп бара жатады. (43)

Хазірет Ибраһимнің дұғаларын баяндаудың аяқталуымен осы аят ислам пайғамбары мен барлық мүміндерге қаратып былай дейді: «Егер бақуаттылықта өмір сүріп жатқан, олардың бастарына пәле үйірілмеген залымдарды көрсеңдер Алла олардың істерінен хабарсыз немесе оларды жазалай алмайды деп ойламаңдар. Алла өзінің даналық дәстүрі негізінде барлық адамдарға жақсы болсын, жаман болсын өздерінің түсініктері мен ақылдары негізінде қалаған нәрсені жасауға ерік берді. Олар сол істерінің жазасы мен сыйын қияметте көреді. Күнә қоғамның көптшілігін қамтыған жағдайларда Алла  зауал келтіреді. Бірақ бұл іс Алла адамдарды ерік пен жігерден мақұрым етіп, олар не істемесін Алланың жазасы мен сыйы жедел түрде көрінеді деген мағынада емес. Осы аяттардан мынадай тұжырым жасаймыз:1.    Алла адамдар Ол бейхабар деп ойлайтындай емес, һәм Дана, һәм мықты, һәм әділ.2.    Алланың сүннеті күнәһарлар мен зұлымдарға мұрсат беру. Осы мұрсатты Алланың олардың істеріне білдірген ризашылығы деп ойламаңдар.

 «Ибраһим» сүресінің 44-45 аяттары:

" و انذرالناس یوم یاتیهم العذاب فیقول الذین ظلموا ربّنا اخّرنا الی اجل قریب نجب دعوتک و نتبع الرسل اولم تکونوا اقسمتم من قبل مالکم من زوال " ، " و سکنتم فی مساکن الذین ظلموا انفسهم و تبيّن لکم کیف فعلنا بهم و ضربنا لکم الامثال "

Адамдарды оларға азап келетін күннен қорқыт! Сондай залымдық қылғандар (сол күні): “Раббымыз! Бізді жақын бір мерзімге дейін кешіктір. Шақыруыңды мақұлдап, пайғамбарларыңа ерейік” дейді. (Оларға): “Бұрын өздеріңе ешбір зауал болмайтынына ант ішпеп пе едіңдер?”, - (делінеді.) (44) Сендер өздеріне зұлымдық қылғандардың жұрттарында отырдыңдар. Оларға қалай істегеніміз сендерге аян болды. Сендерге өнегелі мысалдар бердік. (45) 

«Алланы қапыл деп санамаңдар» деп ескерткен алдыңғы аяттардың жалғасында осы аяттар былай дейді: "Егер илаһи азап осы дүниеде келетін болса, мұрсат беру және кейін оралуға  мүмкіндік беруді қанша тілесеңдер де нәтижесі болмайды. Себебі Алланың азабын көрген соң пайда болған иман адамның еркі мен жігерінің нәтижесі емес, құны жоқ қорқыныш пен үрейдің нәтижесі». Аяттың жалғасы зұлымдарға қаратып былай дейді: «Сендер солардың орындарына келген, солардың қалалары мен өлкелерінде өмір сүріп жатқан бұрынғы қауымдардан неге ғибрат алмайсыңдар? Солардың жазаларын көрген сендер өздеріңе қатысты «Егер Алланың шамасы келсе, азабын жіберсін» деп сұрайсыңдар? Неліктен бұрынғылардың үлгілерінен ғибрат алмай, өздеріңді пәнилік емес, мәңгілік қаламыз деп ойлайсыңдар?».Осы аяттардан мынадай тұжырым жасаймыз:1.     Күнәһар адамдар бір күні өкінеді. Бірақ мұрсатты өткізіп, тәубенің есігін жауып тастаған соң одан не пайда?2.    Қоғам мен тарих туралы Алланың сүннеттері тұрақты әрі үстем. Ондай болса, бұрынғылардың тарихын зерттеп, солардан ғибрат алайық.