Ибраһим сүресі, 409-шы бөлім, 36-39 аяттар
Ибраһим сүресі, 409-шы бөлім, 36-39 аяттар
«Ибраһим» сүресінің 36 аяты:
« ربّ انّهنّ اضللن کثیرا" من النّاس فمن تبعنی فانّه منّی و من عصانی فانک غفور رحیم »“
Раббым, олар адамдардың көбін адастырды. Ал енді біреу маған ерсе, рас ол менен. Тағы біреу маған қарсы келсе, онда Сен өте жарылқаушы, ерекше мейірімдісің” (36).
Алдыңғы бағдарламада хазірет Ибраһимнің дұғасы туралы айтылды. Ибраһим Алладан өзі мен перзентін пұттарға табынудан алыс ұстауды сұрады. Осы аятта сол дұғалардың жалғасында хазірет Ибраһим былай дейді: «Осы тас және ағаш пұттардың адамдардың жалғыз әрі күшті Алладан қапыл қалуларына пұттардың тартымдылығы, надандық пен адамдардың ақылсыздығы себеп болады. Адамдар өмір істерінде жетекшіліктің мәйегі – пайғамбарлардың тағылымдарының соңынан ерудің орнына пұттарға табыну және соларға назр етіп, соларға уәде беру сынды істерге қуанып, риза болады. Сондықтан хазірет Ибраһим пұттарды қиратуға кірісті. Сөйте тұра оның кісілігі пұтқа табынушылардың құқығына қатысты оларды қарғауға, Алладан оларға азап түсірілуді сұрауға рұқсат бермеді. Керісінше хазірет олар Алладан үшін кешірім мен илаһи рақым сұрайды. Осы аяттан үйренетініміз:1. Діни мектептік байланыстар отбасылық байланыстардан маңыздырақ. Мүміннің онымен туыстық байланысы болмағанымен, ол пайғамбарлардың отбасынан болып саналады. Нұхтың ұлы сияқты кәпір оның перзенті болғанымен, пайғамбардың отбасына жатпайды.2. Егер өнер тура жолдан тайған адамдардың қолымен жасалса, онда ол халықтың адасуына себеп болады. Мүсіншілер әртүрлі пұттарды жасап, безендіріп, адамдардың тура жолдан таюларына себеп болды.
«Ибраһим» сүресінің 37 аяты:
« ربّنا انّی اسکنت من ذرّيّتی بواد غیر ذی زرع عند بيتک المحرّم ربّنا ليقيموا الصلوة فاجعل افئدة من الناس تهوی الیهم و ازرقهم من الثمرات لعلّهم یشکرون »“
Раббымыз! Ұрпақтарымның кейбірін егінсіз ойпатқа, құрметті үйің (Қағба)ның жанына орналастырдым. Раббымыз! Олар намазды оқитын болсын! Енді адамдардың көңілін оларға ауатын қыл! Сондай-ақ оларды жемістермен ризықтандыр! Әрине олар шүкіршілік етер” (37)
Хазірет Ибраһим Алланың әмірімен әйелі және омыраудағы баласы Ысмайылды Мекке аймағына орналастырып, өзі Шамға қайтты. Ол жер құрғақ, суы, шөбі жоқ болғандықтан, хазірет Ибраһим олар үшін һәм Алланың нығметтерінің төгілуін, һәм сол аймақтың күркелерде тұратын халқы оларды жылы қабылдасын деп, солардың құқығына қатысты дұға тіледі. Хазірет Ибраһимнің Мекке қаласына келуінің мақсатын Қағбаның құрылысын жаңғыртып, қажылық пен Умра рәсімдерін өткізу деп атамағандығы көңіл аударарлық жәйт. Ол былай деді: «Менің мақсатым – намаз оқу. Қағба – Аллаға табынатын орталық. Қағбаның сусыз, шөпсіз аймақта орналасуы халықтың сыналуы үшін. Себебі, егер Қағба жағымды ауа-райы бар жерде орналасқанда көп адам бұл жерге Аллаға ғибадат ету үшін емес, саяхат жасау мақсатында келген болар еді. Осы аяттан мынадай ой түйеміз:1. Алланың бұйрығына мойынсұнудың қажеттілігі кейбір кезде отаннан жер ауып, жан рахатының кейбір нығметтері мен мүмкіндіктерінен мақұрым қалуға себеп болады. 2. Адамдардың жүрегі Алланың қолында. Бұрыс жолдар арқылы сүйікті болу немесе даңққа жетудің соңына түскенше, Алладан адамдардың алдында сүйкімді де сүйікті болуды сұрайық.
«Ибраһим» сүресінің 38 аяты:
« ربّنا انّک تعلم ما نخفي و ما نعلن و ما يخفی علی الله من شئ فی الارض و لا فی السّماء »“
Раббымыз! Күдіксіз, Сен жасырын, әшкерелерімізді білесің. Жердегі, көктегі нәрселер Аллаға жасырын емес” (38).
Хазірет Ибраһим Мекке халқының ырзығын арттыру және олардың арасында жылы достық қатынас пен махаббат қалыптастыру туралы алдыңғы дұғаның жалғасында осы аятта былай дейді: «Уа, Алла! Сен барлық нәрседен хабардарсың. Адамдардың қандай ниеті мен ісі болмасын, табиғат, жер мен аспандағы жаратылыс істері болмасын Сенен еш нәрсе жасырын емес». Осы аяттан үйренетініміз:1.Алланың ғылымның жанында үлкен-кіші, адам мен аспан, көмес пен әшкере бірдей. 2. Жақсы іс жасағанымызға бола кеудемізді кермейік. Алла біздің барлық ниеттеріміз бен түрткілерімізден хабардар.
«Ибраһим» сүресінің 39 аяты:
« الحمد لله الذی وهب لی علی الکبر اسماعیل و اسحق انّ ربّی لسميع الدّعاء »
“Барлық мақтау маған қартайған шағымда Ысмайыл мен Ысхақты берген Аллаға тән. Күдіксіз Раббым тілекті естуші” (39).
Хазірет Ибраһим перзенттеріне тілеген дұғамен қатар Аллаға соларды бергені үшін алғыс айтып, Оны мадақтайды. Себебі Алла оның қартайған шағында оған Ысмайылды сыйлады. Бұл іс Алла соны орындаған хазірет Ысмайылдың дұғалары арқылы болды. Ибраһимнің екі перзенті: Ысмайыл мен Ысқақ олардың бірінің анасы кәниз, екіншісі кәниз емес болса да келесі пайғамбарлар әулетінің басшысы болғандығы қызық жәйт. Екеуі де түзу жан болғандықтан келесі барлық пайғамбарлар солардан болды. Осы аяттан үйренетініміз:1.Перзент – Алланың сыйы. Аллаға сол үшін шүкіршілік білдіріп, оның болашағы үшін дұға тілеу керек.2. Нығметті атағанда Аллаға шүкір айтайық. Нығметтерді Алладан деп білейік.