Ибраһим сүресі, 408-ші бөлім, 32-35 аяттар
Ибраһим сүресі, 408-ші бөлім, 32-35 аяттар
«Ибраһим» сүресінің 32-33 аяттары:
« الله الذی خلق السّموات و الارض و انزل من السّماء ماء فاخرج به من الثمرات رزقا" لکم و سخّر لکم الفلک لتجری فی البحر بامره و سخّر لکم الانهار » ، « و سخّر لکم الشّمس و القمر دائبين و سخّر لکم اللیل و النّهار »
Сондай Алла (Т.) көктер мен жерді жаратып, аспаннан жаңбыр жаудырып, сол арқылы сендерге ризық үшін өнімдерді шығарды. Сонымен қатар өз әмірімен теңізде жүргізу үшін кемелерді еріктеріңе берді. Әрі өзендерді де сендерге бағындырды. (32) Ол Алла (Т.) сендердің пайдаларың үшін тұрақты түрде күн мен айды іске қосып, түн мен күндізді де іске қосты. (33)
Алдыңғы бағдарламада Алла өзінің құлдарын дүниеуи және ақыреттің бақытына жетуі үшін намаз бен инфақ етуді – Алла жолында мал-мүлік сарп етіп, садақа беруді тапсырды деп айттық. Осы аят былай дейді: «Жаратылысты осындай ұлылығымен жаратқан Алланың алдында намаз оқыңдар. Алла жолында оның сендерге берген нығметтерінен инфақ етіңдер». Осы аят адамның өміріндегі судың ролінің үш аспектісіне тоқталған: біріншісі, жер тіршілігінің, әртүрлі шөптер мен жеміс-жидектердің мәйегі – жаңбырдың суы. Келесісі, әртүрлі теңіз жануарлары мен жәндіктерінің, жеуге жарамды балықтардың тіршілігін қамтамасыз етумен қоса, тауарларды тасымалдап, өткізу үшін ең жақсы және ең арзан жол – теңіздердің суы. Тіпті бүгінде адамның қолымен алып ұшақтар мен ауыр тасымал құралдары жасалғанымен, тауар айналымының үлкен көлемі теңіздер мен мұхиттар арқылы тасымалданады. Осы аятта оған сілтеме жасалған судың үшінші қыры – жаңбыр сирек жауатын жерлерді суғаратын, жер құрлығының құрғақ жерлеріне су жеткізетін өзендер болып табылады. Олардың айналымы түнді келтіріп, күн туғызатын күн мен ай адамның билігінде болмағанымен, Алла Тағала оларды адамдардың пайдасына берген. Олардың қозғалысы мен айналымдары адамның тыныштығын қамтамасыз ететіндей жасалған. Осы аяттардан мынадай қорытынды жасаймыз:1. Алланың барлық нығметтерінің арасында адам өмірінің әртүрлі қырында роль атқаратын ең маңыздысы – су. 2. Табиғи факторларды Алланың әмірімен жүзеге асатындығын білейік. Олар Алланың жаратылыстары әрі Оның жігеріне бағынады. 3. Жер ғана емес, сонымен қатар ай мен күн және басқа да аспан денелері адамның пайдалануы мен оның қажеттіліктеріне сәйкес жаратылған.
«Ибраһим» сүресінің 34 аяты:
« و اتاکم من کلّ ما سالتموه و ان تعدّوا نعمت الله لاتحصوها انّ الانسان لظلوم کفّار »
Әрі сендерге өзінен сұраған нәрселеріңнің бәрінен берді. Егер Алланың нығметін санасаңдар, санына жете алмайсыңдар. Расында адам баласы өте ынсапсыз, аса шүкірсіз (34)
.Аспандар мен жердегі Алланың нығметтері туралы алдыңғы аяттардың жалғасында осы аят былай дейді: «Алла сендердің барлық қажеттіліктеріңді әртүрлі аспектілер бойынша қамтамасыз еткен. Адамның тіпті оларды санауға да шамасы келмейді. Бірақ сөйте тұра Аллаға шүкіршілігі жоқ. Нығметтерді Ол нұсқаған жолда дұрыс тәсілмен пайдаланбайды. Оның көзі, құлағы мен тілі Алланың бұйрығынан бұлтару жолына түсіп, болмысындағы нығметтерге зұлымдық жасайды. Осы аяттан үйренетініміз:1. Алла адамның ықтиярына барлық мүмкіндікті берді. Егер жетіспеушілік пен кемдік болса ол адамдардың бір-біріне қатысты жасайтын әділетсіздік пен зұлымдықтан туындайды. 2. Нығметтерді тіпті санауға шамасы жетпейтін адам сол үшін қалай шүкір айтсын?
«Ибраһим» сүресінің 35 аяты:
" و اذ قال ابراهيم ربّ اجعل هذا البلد امنا و اجنبني و بنيّ ان نعبد الاصنام "
(Мұхаммед Ғ.С) сол уақытта Ыбырайым (Ғ.С.): “Раббым! Осы Мекке қаласын бейбіт қыл! Мені және ұлдарымды пұттарға шоқынудан ұзақ қыл!” (35)
.Осы сүре «Ибраһим» сүресі деп аталады. Осы жерден бастап хазірет Ибраһимнің оқиғасы және сол хазіреттің әлемнің Жаратушысымен сөйлескен сөздері басталады. Хазірет Ибраһим және Ысмайылдың қолымен Қағбаның ғимаратын қайтадан қалпына келтірілген соң, осы илаһи пайғамбар көп дұға етіп, Алладан әртүрлі талап-тілек сұрады. Осы аятқа сәйкес хазірет Ибраһимнің Алладан сұраған бірінші тілегі – Құранның басқа да аяттарында қуатталған Мекке қаласының қауіпсіздігі. Таухидтің торабы және әлемдіктердің ғибадат орталығы болатын мекен пенделердің бір-біріне қатысты зұлымдық пен озбырлықтарының негізі әзірленбес үшін және адамдар ғана емес, сондай-ақ сол аймақтың жан-жануары мен өсімдіктерінің де ерекше құрметі сақталуы үшін толық қауіпсіздікке ие болуы керек екендігі түсінікті. Хазірет Ибраһимнің сол тілегі орындалып, Мекке қаласы осы уақытқа дейін илаһи мекен ретінде қауіпсіз аймақ болып саналады. Алла Тағала да кімнің оған қатысты арам ойы болса, солардан қаланы қорғайтындығына уәде берді. Хазірет Ибраһим тарихтағы пұттарды алғашқы қиратушы және таухидтің қаһарманы болғанына қарамастан Алладан таухид жолында тұрақты және табанды қалу үшін өзі мен өзінің ұрпағын кез-келген шерк пен пұтқа табынушылықтан алыс сақтауды сұрайтындығы қызық жәйт. Осы аяттан мынадай қорытынды жасаймыз:1. Алланың жетекшілері халықтың қауіпсіздігі мен ғибадат негізін тыныштықпен дайындауды ойлайды. 2. Адам әрдайым бұрмалаушылық қатерінде тұрады. Дұға мен мінәжат арқылы өзімізді Аллаға тапсырып, Одан өзіміз бен біздің ұрпағымызды сақтауды сұрайық.