Жел 19, 2016 19:13 Asia/Almaty

Ибраһим сүресі, 407-ші бөлім, 28-31 аяттар

«Ибраһим» сүресінің 28-29 аяттары:

« الم تر الی الذین بدّلوا نعمت الله کفرا" و احلوا قومهم دارالبوار » ، « جهنّم یصلونها و بئس القرار »

(Мұхаммед Ғ.С.) сондай Алланың нығметтеріне шүкір етуді қарсы болуға ауыстырған және қауымдарын, құритын жұртқа итергендерді көрмейсің бе? (28). Олардың жұрты жаһаннам нендей жаман орын. (29) 

Осы аят күпір мен күпіршілікпен қоғамды жойылу мен өлімге жеткізетін азғын залым басшылар мен билеушілер туралы. Олар таухидтің орнына шерк пен күпіршілік таратады. Ата-бабалардың мұрасын сақтау деген желеумен бұрынғының қате әдет-ғұрыптарына еліктеуді өрістетеді. Өмірдің сыртқы көріністері олардың ақылдарын жеңетін бұқара халық та сол азғын жетекшілердің ырзықтары мен биліктері және мал-мүліктеріне алданып, пәк, түзу адамдар мен Алланың пайғамбарларының соңынан ерудің орнына азғын жетекшілерге ереді. Жетекшілері азғын адамдардың соңдарынан ерген қоғамның түбінде қияметте тозақ оты түрінде көрінетін өлім құрдымына ұшырайтындықтары түсінікті. Осы аяттардан мынадай ой түйеміз:1. Алланың қандай болмасын нығметтері мен белгілерін бұрмалау немесе өзгертудің діннің атымен жүзеге асқанына қарамастан, күпір болып табылады.2. Күпіршілік пен зұлымдық қияметте ғана емес, сонымен қатар осы дүниеде де қоғамды құрдымға батырады. 

«Ибраһим» сүресінің 30 аяты:

 « و جعلوا لله اندادا لیضلّوا عن سبیله قل تمتعوا فانّ مصيرکم الی النّار »

Олар жолдан адастыру үшін Аллаға теңдестер жасайды. Оларға: “Күн көре тұрыңдар! Қайтар орындарың тозақ” де (30).

Өткен аяттарда азғын басшылар Алланың нығметтеріне күпіршілік жасап, қоғамды адастырады деп айттық. Осы аят солардың үлгілерінің біріне тоқталып былай дейді: «Халықты Аллаға мойынсұнушылыққа шақырудың орнына өздерін Алланың орнына қойып, адамдарды өздеріне еш мүлтіксіз бағынуды талап ететін адамдар шын мәнінде өздерінің дүниеуи мақсаттарына қол жеткізу үшін бағыну тұрғысынына өздерін Аллаға серік етеді. Олар осы дүниеде ғана табысты болады, бірақ ақыретте тозақ отына түседі. Осы аяттан мынадай ой түйеміз:1.    Илаһи бұйрықтармен бір мезгілде орын алатын адамдардың әрбір жобасы мен бағдарламасы немесе заңы қоғамды адасушылық пен тура жолдан таюға тартатын шерктің бір түрі. 2.    Әрбір бақуаттылық пен жетістік Алланың мейірімінің белгісі емес, көбінесе Алланың қаһары мен азабының құралы және бастауы болып табылады.

 «Ибраһим» сүресінің 31 аяты:

« قل لعبادی الذین امنوا یقیموا الصّلوة و ینفقوا ممّا رزقناهم سرّا و علانیة من قبل ان یاتی یوم لا بیع فیه و لا خلال » 

Сондай иман келтірген құлдарыма айт: “Намазды толық орындасын. Сондай-ақ бір нәрсені айырбастауға және достық болмайтын бір күннің келуінен бұрын өздеріне берген несібемізден тиісті орынға көрнеу, көмес жұмсасын” (31).

Өткен аятта айтылған тозақтық жетекшілер мен солардың ізбасарларына қарсы Алла осы аятта ислам пайғамбарына қаратып былай дейді: «Менің мүмін пенделерімді дұрыс жол нұсқа: намаздарын орындасын, зекет төлесін. Егер үстем билеуші халықты өзіне құлшылық етуге шақырса, сен халықты менің пендем болуға шақыр. Құлшылыққа жетудің жолы – намаз оқу мен зекет төлеу. Соларды еске сал». Егер осы дүниеде пара берушілік пен тамыр-таныстық кейбір мәселелерді шешкенімен қияметте ақша мен байлық, тамыр-таныстық іске жарамайды. Ол жерде түзу ғамал ғана іске жарайды: неғұрлым адамдардың көзінен жасырын, ықыласпен, екіжүзділік пен сұрқиялықтан ада жасалған ғамалдар. Бірақ кейбір кездері перзенттерді тәрбиелеп, соларды ізгі іс жасауға жол нұсқауға, басқаларды көмектесуге ынталандыруға  себеп болатын төлемдердің ашық болғандығы да дұрыс. Кейбір тәпсіршілер өзіңнен жаланы кетіруге себеп болатын хомс, зекет сынды уәжіп төлемдерді ашық түрде беріңдер деген. Бірақ адамның бойында ықылас рухының дамуына себеп болатын шариғат рұқсат беретін төлемдерді көрсетпей, жасырын түрде беріңдер деген. Төлемнің тек байларды ғана қамтитын байлық пен мал-мүлік деген мағынада емес екендігі, керісінше қолымызда қанша бар, тіпті азғана болса да сонымен басқаларға көмектесіп, бір-бірімізге қол ұшын созу деген мағынада екендігі түсінікті. Осы аяттан үйренетініміз:1.Мүміндер үшін Алланың құлы болу мақтаныштың белгісі. Себебі бұл іс адамның дүниелік және материалды тұтқындығынан азат болуына себеп болады. 2. Ислам – толыққанды дін. Алламен байланысты Алланың табиғатымен байланыстырып,  намаз бен төлемнің әрқайсын басқасының қабылдануының шарты деп санайды. 3. Ешқандай мәміле мен сауда жасау мүмкін болмайтын қиямет күні біз үшін пайдалы болатын ғамалдарымызда Алламен мәміле жасайық.